реакцияның жылулық эффектісі Q деп атайды (
Q < 0 – эндотермиялық реакциялар,
Q > 0 –
экзотермиялық реакциялар). Осыған байланысты (23) реакция теңдеуінде оң жақта
Q қосылған.
Келесі жағдайға назар аударайық. (23) теңдеу осындай түрдегі реакцияның болу
мүмкіндігін дәлелдейді. Ал шындығында ол жүзеге асады ма?
ВС молекуласы
А атомымен
соқтығысқанда ыдырау үшін бастапқы
А + ВС жүйесі
В және
С атомдарының арасындағы
байланысты үзуге жетерліктей кинетикалық энергияның нақты қорына ие болуы тиіс.
Алайда, реакцияның бірінші сатысында үш
А , В , С еркін атомдары түзілетіндей осы
кинетикалық энергия байланыс энергиясынан
Д ВС көп болуы тиіс деген сөз емес. Өйткені,
реакция біз ойлағандай жүзеге аспауы мүмкін: реакцияның қос сатысы да –
ВС молекуласының ыдырауы мен
АВ молекуласының түзілуі бірмезгілде өтеді.
В атомы
С атомынан алшақтап (бұл кезде энергия шығындалады), бірмезгілде
А молекуласына
жақындай түседі (энергия бөлінеді).
В атомының
С атомынан
А атомына берілуі барысында
реакцияның басталуына қажетті бастапқы жүйенің кинетикалық энергиясы
Д ВС – дан кіші
болуы мүмкін. Егер реакция тізбектей өтетін болса (алдымен
ВС молекуласы ыдырап, содан
соң
АВ молекуласы пайда болады), онда бастапқы жүйенің
ВС + А кинетикалық энергиясы
Д ВС шамасынан кем болмауы тиіс.
Химиялық ауысудың орындалуына жұмсалатын соқтығысатын бөлшектер ( бимолекулалық реакция ) немесе шашырайтын бөлшек ( мономолекулалық реакция ) ие болатын ең аз шектен тыс энергияны