1. Жасуша теориясының ашылу тарихы


Жасуша орталығына сипаттама



бет5/13
Дата19.12.2022
өлшемі41,29 Kb.
#58261
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
10.Жасуша орталығына сипаттама
Жасуша орталығы-екі центриольдан тұратын,мембранасыз органоид.Оны 1875 жылы Гертвиг ашқан.Ал,1876 жылы Эдвард ван Бенеден аскарида жұмыртқасының митоздық бөлінуін зерттеу барысында кішкене жұмыр денешіктерді көру арқылы тапқан.Жалпы,жасуша орталығы екі хромофильді денешіктерден-центриольдардан тұрады.Центриольдар-жасуша орталығының негізгі құрылымдары болып табылады.Және де,олар шиыршықты бөлу құрылымын түзеді.Осы құрылымның түзілуінің арқасында,жасуша орталығы жануарлар мен төменгі сатыдағы өсімдіктердің жасушаларының бөлінуіне қатысады.Центриольдердің ұзындығы 0,3-0,6мкм,диаметрі 0,1-0,5мкм цилиндр тәрізді болады.Оның қабырғасы бір-біріне параллель орналасқан 9триплетті микротүтікшелерден тұрады және түтікшелердің саны тұрақты болады.
11.Плазмалық мембрана және оның атқаратын қызметі.
Плазмалық мембрана-жасушалардың ішкі ортасын сыртқы ортадан бөліп тұратын және көптеген жасушалық процестерде шешуші рөл атқаратын сұйық қабат.Плазмалық мембрана құрамында липидтер,көмірсулар мен ақуыздар болады.Және де,оларда басқа мембраналарға қарағанда холестерин көп болады,фосфолипидтерінде қаныққан май қышқылдары басым болады.Олардың құрамынан 30-ға жуық түрлі ферменттер анықталған.Ең негізгілеріне:калий,натрий иондарымен белсенділігін арттыратын,магнийге тәуелді АТФ-аза,сілтілі және қышқыл фосфатаза,РНҚ-аза жатады.Плазмалық мембрананың қызметі:заттардың жасуша ішіне және сыртына шығуын басқарып,өткізгіштікке жауап беру.Оның өткізгіштігі көбіне кіруге ұмтылатын молекулалардың мөлшеріне, түріне және қызметіне байланысты болады.Плазмалық мембрана тағы да көптеген қызметтер атқарады,олар:шектеуші,тосқауылдық,тасымалдау және рецепторлық.Ол суды,иондарды,төменгі молекулалық заттарды пассивті түрде тасымалдайды.Яғни,энергия жұмсамай тасымалдау.Рецепторлық қызметі:мембрана заттарды танып біледі,басқа жасушаларды,тітіркенгіштерді сезе алады.
12.Цитоплазманың құрамына сипаттама
Цитоплазма-жасуша қабықшасы мен ядро аралығында орналасқан жасушаның ішкі құрылымдық бөлігі.Цитоплазмада судың мөлшері аз болғандықтан,ол-қоймалжың,жартылай созылмалы сұйықтық болып табылады.Жасушаның зат алмасуы осы цитоплазмада жүреді.Және де,ақуыз синтезі,гликолиз,жасушадағы қозғалыстар мен олардың жіктелуінеде жауап береді.Цитоплазма миофибриллалар,нейрофибриллалар мен тонофибриллалар дейтін маманданған құрылымдардан тұрады.Олардың құрамына тоқталсақ,цитоплазма гиалоплазмадан және органоидтардан тұрады.Гиалоплазма-цитоплазманың ішкі ортасы,мөлдір шыны тәрізді сұйықтық.Ол өте күрделі жүйе болып табылады.Гиалоплазманың құрамында әртүрлі биополимерлер болады:нуклеин қышқылдары,көмірсулар мен ақуыздар.Онда маңызды процесс белоктың түзілуі мен ыдырауы жүреді.Гиалоплазма ядро мен органоидтарды байланыстырып,жасушаішілік процестерді іске асырады.Органоидтар немесе органеллалар-цитоплазманың тұрақты құрылымдары.Олар барлық тірі ағза жасушаларында кездеседі.Жалпы,органоидтар мембраналы және мембранасыз органоидтардан тұрады.Мембраналы компоненттерге-пластидтер,митохондриялар,Гольджи аппараты,эндоплазмалық тор,лизосомалар,өсімдіктер вакуольдері жатады.Ал,мембранасыз компоненттерге-жасуша орталығы,рибосомалар,микрофиламенттер мен микротүтікшелер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет