1. Жасуша теориясының ашылу тарихы



бет3/13
Дата19.12.2022
өлшемі41,29 Kb.
#58261
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
6.Жасуша туралы жалпы ұғым
Жасуша туралы ұғымдар,пікірлер мен тұжырымдамалар өте көптеп кездеседі.Жасуша-тірі ағза құрылымының ең қарапайым бірлігі екендігін,оның құрылысы мен тіршілігінің негізін құрайтынын Т.Шванның жұмыстары мен зерттеулері арқылы білеміз.Жалпы,жасуша өз алдына жеке ағза ретінде тіршілік етеді немесе көп жасушалы жануарлар мен өсімдіктердің ағзасына кіріп тіршілігін жалғастырады.Р.Вирхов тұжырымдағандай:“Жасуша-барлық тірі ағзаның морфологиялық соңғы элементі,одан тыс нағыз тіршілікті іздеуге біздің құқымыз жоқ”.Бұл пікір қазіргі таңда толығымен дәлелденген.Әйгілі әдебиеттер мен жазбаларда тіршіліктің ең кіші бірлігі жасушаны екендігін және одан басқа тіршіліктің болмайтындығын сипаттау үшін жасушаны “тіршілік атомы”,”тіршілік кванты” деп атайды.М.В.Волькинштейн тіршілікке берген анықтамасы бойынша “Тірі ағзалар энергия және затпен сыртқы ортамен алмасады,өзін-өзі реттейтін,өзін-өзі көбейтетін жүйелер,олардағы маңызды қызмет атқаратын заттар белоктар мен нуклеин қышқылдары”деген.Жасушаның негізі тіршілік қасиеттеріне жататындарына тоқталсақ:көбею,энергияны қолдану,зат алмасу,тітіркенгіштік,өсу,даму,метаболизм,сезімталдық және өзгергіштік тән.
7.Жасушаның бейорганикалық және органикалық заттары
Жасушалардың барлығы бейорганикалық және органикалық заттардан тұрады.Органикалық және бейорганикалық қосылыстар тірі материяны құрайды.Бейорганикалық заттарға-су мен минералды тұздар жатады.Су жасушаның 70-85% үлесін алады және жасушада еріткіш ретінде өте үлкен қызметтер атқарады.Мысалы:суда жасушаның барлық биохимиялық реакциялары жүреді және судың қатысуымен жасушадағы жылудың реттелуі қамтамасыз етіледі.Минералды тұздар жайлы айтсақ,жасуша цитоплазмасында негізінен хлорлы натрий,хлорлы калий,натрий,калий,кальций,магнийдің фосфорлы және көмірқышқылды тұздары көбірек кездеседі.Минералды тұздар жасушаның 1-1,5%-ын құрайды,жасуша және жасуша аралық заттардың арасында судың теңдей бөлінуін қамтамасыз етеді.Ал,жасушаның органикалық қосылыстарына:белоктарды,майларды,көмірсуларды және АТФ-ті жатқыза аламыз.Жеке-жеке қысқаша айта кетсек:белок-көміртегі,сутегі,оттегі,азот,күкірт, т.б. элементтерден тұратын күрделі органикалық қосылыс.Жасушаның 10-20%-ын осы ақуыз құрайды.Тағы бір органикалық қосылыс-майлар үш элементтен құралған:көміртегі,сутегі,оттегі.Майлар жасушаның 1-5%-ын құрайды.Олар судан жеңіл,суда ерімейді.Жасушадағы қызметі:энергетикалық,құрылымдық,қорғаныш.Көмірсулар-майларға ұқсас көміртегі,оттегі,сутегіден тұрады.Олар жасушаның қажетті компоненттерінің бірі және жасушадағы мөлшері 0,2-2,0%-ды құрайды.Моносахарид,дисахарид,полисахарид деген бірнеше топтан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет