1. Жасуша теориясының ашылу тарихы


Гольджи аппаратының құрылысы мен қызметі



бет7/13
Дата19.12.2022
өлшемі41,29 Kb.
#58261
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
15.Гольджи аппаратының құрылысы мен қызметі
Гольджи аппараты-ядроға жақын орналасқан,бір-біріне жанаса орналасқан ірі қуыстар,цистерналардан тұратын цитоплазмалық органоид.Қуыстар жан-жаққа бағытталған және де ұштарында көпіршіктері бар түтікшелерден тұрады.Синтезделіп,ыдыраған өнімдер жасушаға түскен және жасушадан шығарылатын барлық заттар осы қуыста жиналады.Құрылысы бойынша Гольджи аппараты үш бөліктен тұрады:бірінші,цистерналар жүйесі.Олар тегіс мембраналармен шектесіп,жұптаса орналасады және олардың ара қашықтығы 14-15нм,қуыстарының ені 9нм,мембранасының қалыңдығы 7нм болады.Екіншісі,цистернаның ұшында орналасатын,диаметрі 30-50нм-ді құрайтын майда көпіршіктер.Үшінші бөлігі-ірі вакуольдер.Оның диаметрі 0,2-0,3мкм шамасында болады.Гольджи аппаратының қызметтері:ЭПТ мембранасында синтезделген ақуыздар,көмірсулар мен майларды жинақтап,лизосомаларды қалыптастырады.Ең басты қызметі-секрет түзеді.Секреттер цистерналардың ойыс беттерінде орналасады,олар бастапқыда цистерна мен көпіршіктерде жиналады,сосын бірте-бірте пісіп жетіліп,вакуольге айналады.Гольджи аппаратында полисахаридтер мен ақуыз молекулаларының қосылу процесі жүреді.Сілекей және тер бездері де осы Гольджи жиынтығының қызметі нәтижесінде түзіледі.
16.Лизосоманың құрылысы мен қызметі
Лизосома-қабырғасы мембранамен шектелген,қуысында ас қорыту ферменттері бар,дөңгелек пішінді,ұсақ бір қабатты мембраналы органоид.Олардың диаметрі 0,4-0,5мкм болады.Жасушадағы саны оның тіршілік әрекетіндегі белсенділігіне байланысты болады.Лизосомаларды биохимик ғалым Де Дюв 1955жылы ашқан.Лизосомаларда 50-ге жуық ас қорыту ферменттерінен тұрады.Мысалы:протеиназалар,липазалар,фосфолипазалар,нуклеазалар,гликозидазалар мен фосфотазалар және тағы да басқалары жатады.Лизосома осы ферменттерінің көмегімен жасуша ішіндегі асты қорытуға және ондағы жарамсыз құрылымдарды ыдыратуға қатысады.Лизосоманың ең басты функциялары-астың қорытылуын,жасушалардың физиологиялық жойылуын қамтамасыз етіп,қорғаныш қызметін атқарады.Осындай қызметтеріне байланысты лизосоманы көбінесе жасушаның “асқазаны” деп атайды.Ол жоғары молекулалы қосылыстар мен бөлшектердің жасуша ішілік лизисі.Жоғары молекулалы бөлшектерге біз эндоцитоз процессі кезінде сырттан келіп түскен органоидтар мен қосындыларды жатқызамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет