1. Жасуша теориясының ашылу тарихы


Митохондрияның құрылысы мен қызметі



бет8/13
Дата19.12.2022
өлшемі41,29 Kb.
#58261
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
17.Митохондрияның құрылысы мен қызметі
Митохондрия-дөңгелектенген,жіптәріздес,сопақша және таяқша пішінді қос мембраналы органоид.Олар біздің жасушаларымызда,іс-жүзінде барлық эукариотты жасушалардың құрамында болады.Митохондрияларды ең алғаш болып 1850-ші жылы Р.А.Келликер жәндіктердің бұлшықеттерінен байқап,оны “саркасома” деп атаған.Ал,1898-ші жылы Бенде бұл органеллаға митохондриялар деген атау берген.Митохондрияның көлемі де,саны да тұрақты болмайды.Яғни,сыртқы пішіні әрдайым өзгеріп отырады.Ал,көп жасушаларда олардың қалыңдығы тұрақты 0,5мкм,ұзындығы тұрақсыз 7-10мкм ге дейін жетеді.Олардың көлемін тек жарық микроскоптардың көмегімен толық көре аламыз.Митохондрияның жалпы құрылысы:АТФ-синтаза молекулаларынан,матрикстен,мембрана аралық кеңістіктен,кристалардан,рибосомалардан,ішкі және сыртқы мембранадан,ДНҚ мен түйіршіктерден тұрады.Митохондрия екі мембранамен қоршалады,біріншісі-гиалоплазмадан бөліп тұратын сыртқы мембрана,екіншісі-криста түзетін ішкі мембраналар.Олардың арасында ені 10-20нм ге тең кеңістіктер болады.Және де,ішкі мембрана матриксті қоршап жатады.Митохондрияның қызметі:жасушаны энергиямен қамтамасыз етіп,оның әртүрлі зат алмасу процесстерін жүзеге асыруына мүмкіндік береді.Онда тыныс алу тізбегі немесе тотығу фосфорлануы жүзеге асырылады.Жасуша ішілік сигнал беріп,апоптоз процессіне қатысады.
18.Жасуша орталығы
Жасуша орталығы дегеніміз-жасушаның бөлінуге қатысатын ең негізгі органоидтардың бірі.Ол адам мен жануарлардың,өсімдіктердің жасушаларында болып,олардың жасушаларының митоздық бөлінуіне жауап береді.Жалпы,жасуша орталығын ашқан ғалым Гертвиг болған.Ол 1875жылы зерттеп ашса,1876жылы Эдвард ван Бенеден оны аскарида жұмыртқасының митоздық бөлінуі кезінде жасуша жиектерінен байқаған.Бенеден бұл жасушаны “орталықденешіктер” деп атаған.Жасуша орталығында мүлдем мембрана құрылымы болмайды.Олар екі хромофильді денешік центроильдардан тұрады.Центроильдар цитоплазма ішінде цилиндр тәрізді біріне-бірі тік бұрыштар жасау арқылы орналасады.Оның қабырғасында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан 9триплетті микротүтікшелер болады.Түтікшелердің саны әрдайым тұрақты болып келеді.Центроильдің көлемдеріне келсек:олардың ұзындығы 0,3-0,6мкм,диаметрі 0,1-0,5мкм болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет