Мҧғалім іс-тәжірибесінен
4 (42) 2014
122
31
ған стратегиялар барысында, оқушылар
ӛздерін еркін сезінді және тапсырма-
ларды талдады, жинақтады, ой қорытты.
Кедергілер, әрине орын алды: оқушы-
лардың сӛздік қоры мен ұсыныс айтуда
жинақтай алмауы, уақыттың жетіспеуі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Мұғалімге арналған нұсқаулық, Үшінші (негізгі) деңгей: Үшінші басылым, 2012 ж.
www.cpm.kz.
ТӘУЕЛСІЗДІК – БАСЫМЫЗҒА ҚОНҒАН ҚҦС
А.Оналбаева
Қызылорда қаласындағы И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Адамзаттың, мемлекеттердің тҧ-
тастай даму тарихына ҥңілер болсақ,
азаттық ҥшін, бостандық ҥшін,
тәуелсіздік ҥшін кҥрестің толассыз
жҥргізілетінін
байқаймыз.
Тіпті,
тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін
де оны сақтап қалу, баянды ету,
ҧрпаққа аманаттау – ҧлы борыш.
Міне, біздің Қазақ елінің тәуелсіздік
алғанына жиырма жылдан асты. Бҧл
бір қарағанда тым азғантай мерзім.
Алайда, осы жылдарда Қазақстан
аяғынан қаз тҧрып қана қоймай,
әлемдік ӛркениетте орны бар әлеуетті
мемлекет ретінде қалыптасты. Эко-
номикасы дамыды, әлеуметтік жағ-
дайы нығайып, елдің еңсесі кӛтерілді.
Біз, 1916 жылғы ұлт-азаттық кӛте-
рілісін кӛзімізбен кӛрген жоқпыз, оқу-
лықтардан ғана оқыдық. Ал, 1986 жыл-
ғы Желтоқсан кӛтерілісін кӛзбен кӛріп
қана қоймай, оның бел ортасында
жүрдік. Тәуелсіздік жолындағы ата-
бабамыз бастан кешкен қиындықтардың
болмысын біз де сезіндік. Қызыл
империяның үстемдік саясаты шектен
шығып бара жатқан еді. Қазақтың жері
талауға түсті, ядролық сынақтар алаңы-
на айналды, ділі мен діні қолдаусыз,
қамқорлықсыз қалды, ұлттық кадрларға
кемсітушілік кӛзқарас белең алды...
Мемлекеттік тәуелсіздік – бұл
тарихтың сыйы емес және қазіргі
ұрпақтың бір ӛзінің ғана меншігі емес
Бұл – ӛткеннің алдындағы парыз бен
болашақтың алдындағы жауапкершілік.
Тарихқа кӛз жүгіртсек, қазақтың
нағыз батыр халық екенін мойындай-
сың, жүгі нарда, қазаны теңде болып,
кӛшіп-қонып ӛмір сүрген ата-бабала-
рымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап,
қадірлеген. Олар үшеуінсіз егемен ел
екенін дәлелдей алмайды.
Ал, енді біз 1986 жылдың желтоқ-
санда тәуелсіздік үшін күрескен тұлға-
ларға тоқталайық. Ӛз елінің тәуелсіз-
дігін талап етіп, шеруге шыққан жас-
тарға «Бұзақылар, ұлтшылдар» деген
кінә тағылады. Осындай кезде еліміздің
жас қайратты жастары ұрандап алаңға
шықты, теңдікті талап етті, әділетті
іздеді, бірақ, олардың маңдайлары тасқа
соғылды, қуғын-сүргінге ұшырады.
Сонда да, ұлттық рухымыз жасыған
жоқ, қайта қайрала түсті. Біз сол бір
ызғарлы желтоқсандағы қаралы күндер-
дің жанымызға салып кеткен жарасын
әлі күнге ұмыта алмаймыз. Біз тәуелсіз-
діктің тӛбеден түспегенін, әлдекім
сыйға тартпағанын, тарих кӛшіндегі
ата-бабамыздың
арман-аңсарының
толық жүзеге асқанын түсінетін ұрпақ-
4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
123
34
пыз. Желтоқсандықтардың бейбіт шеру-
ге «Менің Қазақстаным» әнін айтып
шыққанын, сол әнді айтып жүріп қанға
бӛккенін келер ұрпақ жадында ұстауға
тиіс. Сол әннің қазіргі әнұранымызға
айналып, Қазақ елінің барлық жеңістері-
нің байрағы болып тұрғаны қандай
ғанибет.
Кӛптеген студент жастар оқу
орнынан
шығарылды,
тәуелсіздік
жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат
Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира
Мұхамеджанова т.б. қазақ жастары
желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлық-
пен ерлік кӛрсетіп, құрбан болды.
Ӛмір – ӛзен толқындары бізді әйгілі
16 желтоқсан оқиғасынан уақыт ӛткен
сайын алыстатып әкетіп бара жатса да,
жүректерде мәңгілік ұмытылмайтын бір
нәрсе бар.
Ол – дүниені дүр сілкіндірген сол
күнге куә қазақ жастарының рухына,
ерлігіне деген тағзым мен құрмет.
Желтоқсанда алаңға шыққан жас-
тардың «Қазақ елін қазақ басқарсын!»
деген басты талаптарына тоталитарлық
жүйе құлақ аспады. Бұл ұлттық
намысымызды аяққа таптаумен бірдей
еді. Енді, бүгін ӛткенге ой кӛзімен
қарасақ, тәуелсіздігіміз жарияланардан
тӛрт күн бұрын, 1991 жылдың 12 жел-
тоқсанында Қазақстан Республикасы
Президентінің
«Қазақстандағы
1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы
оқиғаларға қатысқаны үшін жауапты-
лыққа тартылған азаматтарды ақтау
туралы» Жарлығы шыққан болатын.
Бұл Жарлықтың тек Желтоқсан кӛтері-
лісіне қатысушылар үшін ғана емес,
жалпы ұлттық рухты сақтау жолындағы
маңызы ерекше. 2006 жылы 18 қыр-
күйекте Алматы қаласында желтоқсан-
дықтарға,
демократиялық
жаңару
жолындағы күрескер жастарға арналған
«Тәуелсіздік таңы» атты ескерткішті
ашу кезінде сӛйлеген сӛзінде Президент
біздің жастарымыздың сол қаһарлы
желтоқсанда тоталитарлық жүйеден
тайсалмай ӛз наразылықтарын білдір-
гені, «Ерліктің ғана емес, елдіктің де
нышаны», деп бұған үлкен саяси баға
берген еді. Бұл тарихи сәт елдіктің,
бірліктің белгісі болды.
Кез келген адамның туған күні бар
сол сияқты біздің мемлекетіміздің де
туған
күні
ол-16-17
желтоқсан.
Тәуелсіздік алғаннан бері ӛз мәселесін
саяси,
әскери,
экономикалық,
әлеуметтік, мәдени бағыттағы қиын
сұрақтарын
шешуде.
Қазақстан
аумағына бір мезетте Ұлыбритания,
Франция,
Германия,
Австрия,
Голландия және Дания елдер сияды.
Тәуелсіз Қазақстан ӛз дара жолымен, ӛз
бағыт-бағдарымен жарқын болашаққа
айқындап келе жатыр. 1991 жылы
желтоқсан айында ең алғаш рет ӛз
тәуелсіздігін жария еткен күн. Осы
бүгінгі күнге дейін жиырма жылдан
астам уақыт ӛтсе де, Қазақстан әлі де
қиындықтарды бастан кешуде. Ӛйткені,
тәуелсіздік туын желбірету қиынның
қиыны.
Бұл күнде егемен ел болдық,
тәуелсіздік алып демократия негізінде
халқымыз алғаш рет Елбасын сайладық.
Жаңа Конституция – Ата заңымыз
қабылданды. Қазақстан елін жүзден ас-
там мемлекеттер мойындады. Қазақстан
халықаралық ұйымдарға мүше болды,
сондай-ақ БҰҰ-ның мүшесі.
Еліміздің символикасы мемлекет-
тік рәміздер қабылданды: гимн, елтаңба
және ту. Мемлекеттік рәміздерінің бірі
жоқ болған мемлекет тәуелсіз мемлекет
болып саналмайды. Ел таңбамыз бір
шаңырақ астында тату-тәтті ӛмір сүріп
жатқан отбасының және мемлекеттің
бейбіт ӛмір сүруін, аспандағы жұлдыз
сілтеуіш біздің елге кӛрсетіп аңсаған
армандарының
орындалуына,
биік
белестерді бағындыруда қол жеткізетін,
ал қанатты тұлпар шығармашылық
ұшқыр ойдың фантазияның жемісі.
Біздің гимн – қазақ халқының
басынан кешкен қиындықтарын, қара
бұлт тӛнген күндерін жалпы ӛмірін
суреттейді. Тәуелсіздік туын желбірету
үшін қан мен тер арқылы күресіп қол
жеткізген туралы шырқалады. Еліміздің
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
4 (42) 2014
124
35
ӛркендеуіне, жарқын болашағына үлкен
сенім ұялатады.
Біздің ту – ашық аспан астында
барлық халықтар арасындағы татулық-
тың бейнесі. Еркін дала халқы құшағын
айқара ашатын, еркіндікті сүйетін, кең
пейіл, ақ кӛңіл, адал халықтың
мемлекеті ретінде бейнеленген.
Қазақ халқының ӛткені мен бүгі-
нін таразыға сала отырып, келешегіне
отаншылдық туын арқау еткен оқушы-
ларға ұлттық рәміздерді түсіндіру,
болашаққа бағыт сілтеу әрбір ұстаздың
міндеті. Ендеше, оқушыларды отан-
сүйгіштік сезімге тәрбиелеуде оның
мән-мағынасын түсіндіруіміз қажет.
Ондағы мақсатымыз – әрбір баланың
бойындағы ӛзінің Отанына деген, ӛз
елінің рәміздеріне деген құрмет сезімін
ояту. Иә, Отанның ӛзі осы желбіреген
кӛк тудан, елтаңбадан, әнұраннан
басталады екен. Бір мезетте бүкіл
еліміздің жастары орындаған әнұран
біздің мектептерде де шырқалады.
Біздің бүгінгі елтаңбамыз ұлттық
рухымызды асқақтатып, шаңырағымыз-
дың беріктігін паш етіп, еліміздің
қанатты тұлпардай ұшқырлығын дәлел-
деп келеді. Мемлекеттік рәміздер –
біздің мақтанышымыз. Отанға, туған ел,
қасиетті жерге деген сүйіспеншілік,
намыс пен жігер, сезімнің қалыпта-
суына да дәл осы ұлттық рәміздердің
әсері мол екендігіне сенімдімін. Ту,
елтаңба,
әнұран
әлемдегі
әрбір
мемлекеттің рәміздері болып табылады.
Олар ӛзіндік түстері мен мазмұны
жағынан ерекшелініп отырады.
Еліміз егемендікке, тәуелсіздікке
қол жеткізгеннен кейінгі жиырма жыл
еліміздің жас қайратының талабының
оң болғанын дәлелдеп тұрғандай. Осы
жиырма жылда Отанымыздың қиын
ӛткел, тар асулардан қалай аман
ӛткеніне қазақстандықтар куә, әлем
жұртшылығы куә. Қазіргі Қазақстанда
тұратын
жүзден
астам
этностың
тағдырын қазақ тағдырынан бӛле-жара
қарамай, барлығын бір ананың баласын-
дай бауырға тарту нәтижесінде еліміз
ішкі-сыртқы саясатта үлкен беделге ие
болды. Жас мемлекетімізде саяси тұрақ-
тылық, ұлтаралық келісім қалыптасып,
Қазақ халқының береке, бірлігі артты.
Ана тілімізге деген құрмет Ата
Заңымыздан бастау алды.
Алаш ардақтысы А.Байтұрсынов-
тың: «Басқадан кем болмас үшін біз
білімді, бай һәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға
кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек.
Осы керектердің жолында жұмыс істеу
керек», деген ұстанымы бүгінде біздің
жолбасшымызға айналып отыр. Сонау
тоқсаныншы жылдардағы күйреп қалған
шаруашылықтар, босап қалған дүкен
сӛрелері, елді жайлаған жоқшылық пен
қымбатшылық аз уақытта еңсеріліп,
халықтың тұрмысы оңалды, экономика-
дағы ӛрлеу елдің әл-ауқатын арттырды.
Бұл тұрғыдан алғанда мемлекеттік
меншікте, мемлекеттік кәсіпорындарда,
мемлекеттік шаруашылықтарда ғана
жұмыс істеп үйренген халық жаңа
жұмысқа баулынды, кәсіпкерлікпен
айналысуына жағдай жасалды, «Жеке-
меншік» деген ұғым қалыптастырылды,
адамдардың жаңадан ӛмір сүруіне
қолдау кӛрсетілді. Сол жылдардағы ел
басына түскен қиындықтарды, кедергі-
лерді, тапшылықтарды санап тауыса
алмайсыз.
Мәселен,
тәуелсіздіктің
алғашқы жылдарында «рубль аймағын-
дағы» елдердің қиын құрсауда қалған
тұсында, инфляцияның күн санап
шарықтап ӛсуі кезінде Қазақстан
кӛрегендікпен жол тапты. Сол тұста,
Ресей Қазақстан ӛз ақшасын шығара
қояды деп әсте күтпеген болатын.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында,
дәлірек айтқанда, 1993 жылдың 12 қара-
шасында тӛл теңгеміздің дүниеге
келуінің ӛзі бізді болашаққа бастайтын
батыл қадам еді. Сондай-ақ, мемлекет-
тік рәміздеріміздің бекітілуі, шекара-
мыздың айқындалуы – осының бәрі
тәуелсіз мемлекет үшін аса қажет
құндылықтар болатын.
«Тәуелсіздік бізге не берді?» -
деген кезде, жер кӛлемі жағынан әлемде
4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
125
36
9-шы
орын алатын Қазақстанның
әлемдік қоғамдастықтан ӛз орнын ойып
тұрып алғанын айтар едім. Жаңадан
салынған елордамыз – Астанамыз бар.
Астана қаласының салынуы республи-
камыздың әлеуметтік, экономикалық
және саяси дамуына, ұлттық қауіпсіз-
дігіміздің нығаюына үлкен үлесін
қосты. Есілдің жағасындағы ару қала
тарихи маңызды оқиғалардың ордасына
айналды. Астанада ХХІ ғасырдағы
ЕҚЫҰ-ның тұңғыш Саммиті ӛтті.
Қысқы «Азиада – 2011» спорт сайыста-
рының салтанаты да Астананың мәрте-
бесін,
қазақстандықтардың
рухын
кӛтерді.
Тәуелсіздік
алғанға
дейін
Қазақстанда қазақтардың саны 40 пайыз
ғана болды. Яғни, біз ӛз мемлекетімізде
тұрып, ӛсім жағынан азшылық жағдайда
қалып келдік. Оның әртүрлі себептері
болғанын білеміз. Дегенмен, тәуелсіз
мемлекет болғаннан кейін ондағы негіз-
гі ұлт, мемлекет құраушы ұлт сан жағы-
нан басым болуға тиісті еді. Бұл бағытта
да жүргізілген оңтайлы кӛші-қон, де-
мографиялық саясат тәуелсіздік жылда-
ры қазақтардың санын 6,5 миллионнан
10,3 миллионға жеткізді. 2010 жылдың
1 қаңтарындағы мәлімет бойынша,
Қазақстандағы
қазақтардың
саны
63,6 пайыз болды, яғни 20 жылға жуық
уақыт ішінде қазақ халқының саны
3,8 млн. адамға кӛбейді.
Еліміз жастардың білім алуына да
аса үлкен кӛңіл бӛліп келеді. 1993 жыл-
дан бері «Болашақ» халықаралық
стипендиясы беріле бастады. 1994-
2010
жылдар
аралығында
бұл
стипендияға ие болып, алыс және
жақын шетелдерде білім алған жастар-
дың саны 7600-ге жетті. Тәуелсіздік
жылдарында
мемлекетіміз
ӛзінің
болашақ мамандарын даярлауда осын-
дай белестерді бағындыра алды. Қазақ
мектептерінің саны кӛбеюде. Мемлекет-
тік грант есебінен жылына 33 мыңнан
аса жас білім алуда. Ал, «Назарбаев
университетінің» есігін айқара ашуы –
еліміздегі жастардың әлемдік деңгейге
сай білім алуына жасалған мемлекеттік
қамқорлық.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары-
нан бастап елімізде жұмыссыздықпен
күреске елеулі мән берілді. Соның
арқасында қазақстандықтар тұрмыс-
тіршілігі үшін жұмыс іздеп шекара асып
кеткен жоқ. Олардың жұмыс істеуіне
ӛзімізде жағдай жасалды. «Болашақтың
іргесін бірге қалаймыз» атты биылғы
Жолдауда Үкіметке 2020 жылға дейін
халықты жұмыспен қамтудың жаңа
бағдарламасын
жасау
тапсырылды.
Міне, бұл бағдарлама да жақында
қабылданып, оған бюджеттен қомақты
қаржы бӛлінді. Енді, ӛз-ӛзімен шұғыл-
данатын, жұмыссыз жүрген, тұрмысы
тӛмен халықты қайта оқытуға, жұмысқа
орналасуына жәрдемдесуге, ауылдағы
кәсіпкерлікті қолдауға, экономикалық
әлеуеті тӛмен аймақтардан экономикасы
дамыған аймақтарға кӛшуге жағдай
жасау үшін мемлекет тағы да қаржы
бӛліп отыр.
Тәуелсіздікке жету жолы қанша-
лықты ауыр болса, тәуелсіздікпен ты-
ныстаудың баяндылығы да соншалықты
жауапты екені анық. Жас ұрпақ
тәуелсіздіктің тағылымдарын танып,
қастерлеп, құрметтеп отыруы керек.
Тәуелсіздік бізге бәрінен де қымбат.
Сондықтан да бәріміз еліміз үшін
еңбектенуіміз, халқымыз үшін қызмет
істеуіміз керек.
Жоғарыда айтқандай ӛрендерді
тәрбиелеу үшін ӛзіміз бірінші кезекте
туған елімізді, тілімізді, ұлтымызды
сүйе білуіміз керек. Сол білгенімізді
ерінбей-жалықпай
ӛскелең
ұрпаққа
үйрете, жеткізе білуіміз керек. Сонда
ғана біздің сүйікті Қазақстанымыз,
туған
Отанымыз
биіктен
самғап,
шарықтай бермек.
Батырлардың қаныменен алған жер,
Тау-тасына елтаңбасын салған жер.
Бейбіт ӛмір кешесін сен біз барда
Бабалардан аманатқа қалған жер.
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
4 (42) 2014
126
34
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Қ.Тәбеев. Қазақтың желтоқсаны. Алматы, 2006 ж.
2.
Е.Е.Тӛлеубек, Т.Қ.Қасенов. Желтоқсандықтар үн қатты. «Егемен Қазақстан» газеті,
2006 ж.
3.
М.Садықұлы. Намыс оты лапылдап. «Жұлдыз» журналы, 1996 ж.
ОҚУШЫНЫҢ ОҚУҒА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Г.Әуезова
Қызылорда қаласындағы №222 Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Тәуелсіздік Қазақстан Республика-
сы үшін елдің ертеңі жарқын, бола-
шағымыз кемелді, ұрпағымыз сауатты
болуы үшін әрине еліміздің дамуының
басқа бағыттарымен қатар білім саласы
да ерекше маңыздылыққа ие болуы
қажет. Білім берудің бүгінгі күнгі
талабы – оқушының жан-жақты іс-
әрекеттік қабілетінің дамуы.
Мемлекеттің негізгі тірегі – білім-
ді де білікті, іскер де белсенді азамат-
тар. Сондықтан, қоғам талабына сай ол
қоғамды
кӛркейтетін,
дамытатын
жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе
екені даусыз. Жас ӛркеннің бойындағы
табиғат берер ерекше қабілетті, дарын-
дылықты тани білу, оның әрі қарай
дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше
күрделі іс.
Қазақстан
Республикасының
«Білім туралы» Заңында, білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және
жалпы азаматтық құндылықтар ғылым
мен практика жетістіктері негізінде
жеке адамды қалыптастыруға және
кәсіби шындауға бағытталған білім алу
үшін қажетті жағдайлар жасау, оқыту-
дың жаңа технологияларын еңгізу, білім
беруді ақпараттандыру, халықаралық
ғаламдық
коммуникация
желілерге
шығу деп, білім беру жүйесін одан әрі
дамыту міндеттері кӛзделеді.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ
десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде
тұрған мәселе – білім беру, ғылымды
дамыту. Ӛркениет біткеннің ӛзегі,
ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің
таласы жоқ. Осы орайда, білім ордасы –
мектеп, ал мектептің жаны – мұғалім-
дердің басты міндеті – ӛз ұлтының
тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей
және оны жалпы азаматтық деңгейдегі
рухани
құндылықтарға
ұштастыра
білетін тұлға тәрбиелеу.
Қазіргі білім беру жүйесінің
мақсаты – бәсекеге қабілетті маман
дайындау.
Ізденімпаз
мұғалімнің
шығармашылығындағы ерекше тұс –
оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның
жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана
білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай
таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол
ӛз кәсібін, ӛз пәнін, барлық шәкіртін,
мектебін шексіз сүйетін адам. Ӛзгермелі
қоғамдағы жаңа формация мұғалімі –
педагогикалық құралдардың барлығын
меңгерген, тұрақты ӛзін-ӛзі жетілдіруге
талпынған, рухани дамыған, толысқан
шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа
формация мұғалімі табысы, біліктері
арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық
жағдайындағы мұғалімге қойылатын
талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім
беру сапасының жоғары болуы, кәсіби
шеберлігі,
әдістемелік
жұмыстағы
шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақ-
тай келіп, жаңа формация мұғалімі –
рефлексияға қабілетті, ӛзін-ӛзі жүзеге
4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
127
34
асыруға талпынған әдіснамалық, зерт-
теушілік,
дидактикалық-әдістемелік,
әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік,
ақпараттық және тағы басқа құзырет-
тіліктердің жоғары деңгейімен сипатта-
латын рухани-адамгершілікті, азамат-
тық жауапты, белсенді, сауатты, шығар-
машыл тұлға.
Бүгінгі күн талабына сай, білім
беру мазмұны қайта қаралып, жаңару
үстінде. Еліміздің болашағы кӛркейіп,
ӛркениетті елге қосылуы бүгінгі ұрпақ
бейнесінен кӛрінеді. Осыдан барып
қазіргі кезде жас ұрпаққа ғылыми
негізде білім беру қабілеттерін ашу
міндеті туындайды. Яғни, білім мазмұ-
нын жаңарту – қазіргі заман талабы.
Бастауыш мектеп – оқушыны тұл-
ға ретінде қалыптастырудың алғашқы
баспалдағы. Болашақ ұрпақтың білімді-
лігі мен оның рухани байлығы – әлемдік
ӛркениетке жетер бағыттағы Қазақстан
Республикасының гүлденуіне кепілдік
болар бірден-бір жол.
Бастауыш саты – білім, дағды,
іскерліктің қалыптасуының бастамасы.
Келешекте жалпы білім алу мен кез
келген арнаулы мамандықтарға талпы-
нудың іргетасы осы бастауышта қалан-
бақ. Сондықтан, оның сипаты мен маз-
мұны, оқытудың әдістері мен форма-
лары қазіргі жағдайда жан-жақты
талданып отыр.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақ-
станның болашағы – қазақ тілінде»
деген тұжырымдаманы үнемі айтып
келеді. Қазақстан Республикасының
Білім беру Заңына сәйкес мектепте
білім алу үш сатыда жүзеге асырылуда.
Тілді меңгертудің алғашқы сатысы
бастауыш сыныпта жүзеге асырылады.
Бастауыш сыныпта оқушыларымыздың
алған білімі мемлекеттік стандарттан
тӛмен болмауы керек. Ана тілі –
балаларымыздың
ӛмірлік
қажетін
ӛтейтін қатынас құралы. Сондықтан,
мектепте ана тілін негізгі пән ретінде
оқытуға ерекше мән беріледі. Тіл оймен
тікелей байланысты және адамдардың
ғасырлар
бойы
қалыптасқан
ой
жұмыстарының кӛрінісі болғандықтан,
оның әр алуан тармақтарын тез игеру
оңай емес. Ӛз тәжірибемде бастауыш
сыныпта балаға ӛздері сӛйлеп жүрген
ана тілін оқыту қиындық тудыратынын
байқадым.
Мектеп жасындағы балалардың
негізгі әрекеті – оқу. Оқу арқылы балаға
қоғам ӛзінің ғасырлар бойы жиналған
асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін
береді. Білім жүйесін меңгеру арқылы
ғана оқушы ой және дене еңбегінің
тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан-
жақты білуге мүмкіндік алады. Білім
меңгеру – ұзақ уақытты керек ететін
күрделі процесс. Бастауыш сыныптарда
оқушылар оқу сабақтарында ӛздерінің
білім мен тәрбие алуына қажетті әр
түрлі оқу дағдыларын қалыптастырады.
Оқушылардың оқу дағдыларын қалып-
тастыру жалпы тіл дамуымен, оның
ішінде әдеби жазба тілімен де тікелей
ұштасып жатады. Оқу барысында кӛру,
есту, сӛйлеу мүшелерінің қызметі қатар
жүргізіліп, ол түсіну әрекетімен тығыз
байланыста болады.
Кӛрнекті психологтар ӛздерінің
арнайы жүргізген зерттеулерінің нәти-
жесінде оқу дағдысын қалыптастыру-
дың психологиялық жақтарын ашып
кӛрсетті. Сонымен қатар, олар оқу
дағдысын қалыптастырудың сатылы
кезеңдерін анықтады:
Бастапқы кезең – аналитикалық,
яғни талдау кезеңі. Бұл кезеңде әріп
танып, оқу техникасын меңгерту, тілі-
міздің жеке дыбыстардан тұратыны,
әріптердің осы дыбыстардың шартты
белгісі екендігін түсіндіру;
Синтетикалық кезең – яғни
жинақтау кезеңі. Әр сӛзге дыбыстық
талдау жасау. Мұны кейде оқу әрекеті-
нің тұтастық құрамға айналу кезеңі деп
те атайды;
Оқудың автоматтандырылған
кезеңі – бастауыш мектептегі жүргізіл-
ген оқу сабағының тәрбиелік мәні
атақты педагог К.Д.Ушинский дәуірінен
бастап-ақ анықталған. Ал, қазіргі
жағдайда оқу сабағының тәрбиелік
Достарыңызбен бөлісу: |