45.Түркі тілдері жайында жазылған еңбектер.Хронологиялық картаға түсіріңіз.
1072 ж 25 қаңтар
Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк » атты еңбегі жарық көрді. Еңбекте орта ғасырдағы түркі тайпаларының бәріне ортақ алты мыңнан астам төл сөз бен жеке тайпаларға қатысты диалект сөздер бар. Бұл еңбекте тілдің дамуының нақты салалары бойынша көптеген мәліметтер жинақталған. Сонымен қатар еңбекте тіл туралы ғана емес түрік халқының өмірі,тұрмыс тіршілігі баяндалған.Көне Түркінің тарихы,салт-дәстүрі туралы да айтылған.
1974 ж
Мархабат Томановтың “Қазақ тілі тарихи грамматикасының мә¬селелері”. атты еңбегі.М.Томанов орыс тіліндегі,қазақ тіліндегң сөздіктерді құрастырып шығарған. Ол еңбекте архитектура, физика, астрология, заң, педагогика, психология салаларға арналған сөздіктер кездеседі. Көптеген терминдердің ғылымға енуіне себептігін тигізді
1922 ж
Халел Досмұхамедұлының тіл саласындағы еңбектері негізінен емле, фонетика, термин, әліпби, әдеби тіл, жер-су аттары, аударма, түркі тілдерінің тарихы, көне сөздердің мағыналарын, этимологиясын ашуға арналған. «Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы» деп аталатын еңбегі күні бүгінге дейін құндылығын жоймаған аса маңызды зерттеу деп саналады.
46.Жазба ескерткіштер тілін зерттеген ғалымдар.Концептуалды кесте дайындаңыз.
Жазба ескерткіштер
Зерттеуші
Зерттеуі
Көне түркі жазба ескерткіштері
В.В.Радлов
Көне түркі жазба мұраларының тілін зерттеудің көшбасшысы В.В.Радловтың ескерткіштер тілінің фонетикалық жүйесі,морфологиялық құрылымы жайлы,көне түркі тілі мен қазіргі түркі тілдерінің агллютинациялық табиғаты,аффикстердің шығу тарихы туралы құнды пікірлері түркітану ғылымының қағидаларына айналып,кейінгі зерттеушілердің бағдарламашы қызметін атқаруды.
Орхон Енисей жазбалары
Ж.Н.Смайлович
Түркі тілдерін жіктеуде негіз тіл ретінде Орхон,Енисей жазбаларының тілін ашып,ескерткіштер тілінің фонетикалық белгілерін жіктеудің басты крийтерийі ретінде қолданды.