26. БӨГЕУІЛГЕ ТӨЗІМДІ КОДТАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫ АТАҢЫЗ. МЫСАЛ КЕЛТІРІҢІЗ. Ақпаратты беру
Ақпаратты беру оны кеңістікте тарату үшін қажет.
Ақпаратты берудің ақпараттық үдерістерінің сұлбасы
Байланыс каналы ешқашан мінсіз болмайды, себебі бөгеуілдер әрқашан кедергі жасайды. Байланыс каналдарындағы бөгеуілдер әр түрлі себептерге байланысты пайда болады, бірақ олардың берілетін ақпаратқа әсерінің нәтижесі біреу - ақпаратты бұрмалау.
Бөгеуілге орнықтылықдегеніміз байланыс каналдарындағы бөгеуілдерге қарамай ақпаратты қабылдауды жүзеге асыратын жүйенің қабілеттілігі.
Ақпараттық жүйелерді талдау кезінде жүйенің бөгеуілге орнықтылығының екі түрі ажыратылып көрсетіледі: статикалық және динамикалық. Статикалық бөгеуілге орнықтылық жалған сигналдардың орта санымен бағаланады, ал динамикалық бөгеуілге орнықтылық жалған командалардың орташа санымен бағаланады.
Қазіргі кезде дискретті байланыс каналдарына қызығушылық танытылуда. Бұл жүйелердегі берілетін дискретті хабарламалар кодтауға келеді.
Бөгеуілге орнықты кодтың қарапайым кодтан айырмашылығы, байланыс каналдарында рұқсат етілген разрядтар санынын тұратын кодтық комбинациялар беріледі, ал қолданылмаған кодтық комбинациялар рұқсат етілмеген деп аталады.
Байланыс арналарында қосымша элементтерді пайдалану
арқылы берілетін ақпараттың дәлдігін жоғарылату үшін қолданы
латын коданы kедергіге төзімді кодтар деп атайды. Бөгеуілге төзімді кодтар бірінші ретті кодтарға қосымша разрядтар косу арқылы жасалады. Қосымша разрядтар байланыс арналарындағы бөгеуіл
дердің пайда болу зандылығына байланысты қосылып, сол бөгеуілдердің әсерінен пайда болатын қателерді жою үшін пайдаланылады. Қосымша разрядтар кодтарды күрделендіреді. Дәлдікті жоғарылату дәрежесі бөгеуілге төзімді кодтар күрделілігіне байланысты. Дәлдікті неғұрлым жоғары дөрежеге көтеру үшін бөгеуілге төзімді кодтар соғұрлым күрделі болу керек. Сөйтіп акпаратты тарату дәлдігін жоғарылату әдістерінің әсері байланыс арналарындағы қателердің жалпы саны мен олардың таратылу заңдылығына байланысты болады.Егер байланыс арналарындағы қателер біріне-бірі байланыссыз, яғни корреляцияланбаған болса және бір элемент қатесінің ықтималдығы берілсе, онда қалған қателер мәліметтерін анықтау қиын емес. Тәжірибеде кездесетін байланыс арналарында кателер корреляцияланған болады. Қателердің бір түрі
— қателердің топталып келуі. Мұндай топталып келетін қателерді "пакеттеліп келеді" деп те айтады. Қателер тобы немесе пакеті деп бірінші бұзылған элементтен бастап соңғы бұзылған элементке
дейінгі элементтер тізбегін айтады. Осы элементтер санын пакет ұзындығы
деп атайды. Екі пакет арасындағы бұзылмаған элементтер санынқорғаныс аралығы дейді. Қорғаныс аралығындағы элементтер саны пакет ұзындығынан бірнеше есе артық болу керек.