Жұтқыншаққа ас кесегі өткен кезде алдымен жүмсақ таңдай мен тілшік , жұтқыншаққа қарай көтеріледі де , оның мұрын- бөлімін ауыз бөлімінен бөліп тастайды , сөйтіп жұтынған сәтте ас кесегінің мұрынға өтіп кетуіне кедергі жасалады . Мұнымен қатар көмекей көтеріледі. Тіл түбірі жұтқыншаққа өткен ас кесегімен көмей қақпақшасын үстінен басады да көмейді жауып тастайды . Одан әрі ас кесегі өңешке қарай жылжиды . Дәл осы кезде жұткыншақ көтеріліп , өңештің кіреберісіндегі сфинктер босаңсып жазылады да өңеш ашылады . Сөйтіп ас кесегі өңешке барып түседі . Өнештің жиырылып , жазылу қимылымен 6-8 секунд ішінде ас қарынға жетеді . Қарын кіреберісіндегі сфинктер босаңсып ашылады да ол қарынға өтеді .