1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары



бет119/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   169
Қан қысымын анықтайтын факторлар

Қан қысымы негізінен систола кезінде жүректен ағып өткен қанның мөлшеріне , яғни жүректің соғу жиілігі мен жиырылу күшіне байланысты . Жүрек систола кезінде қанды неғұрлым көп айдаса , қолқада қан қысымы соғұрлым жоғары болады . Артериялық қысым жүрек арқылы минутына айдалатын қан мөлшері не және тамырларда ағатын қанның жалпы көлеміне байланысты . Қысқаша айтқанда артериядағы қанның қысымы ең алдымен жүректің қызметіне , яғни оның систолалық және минуттық қан көлеміне тікелей байланысты . Артерия тамыры жүректен алыс таған сайын , ондағы қан қысымы төмендей бастайды : қан қысы тамыр кедергісін ( R ) жеңуге жұмсалады . Қан тамы рының қан ағысына көрсететін кедергісі , біріншіден , тамырдың серпімді қасиетіне байланысты . Қарт адамда қан тамырының қабырғасы қатайып кетеді де , оның серпімділігі азаяды , осыған орай қан қысымы жоғарылайды , ал жас адамның , баланың тамыры өте серпімді келеді, сондықтан қан қысымы да төмен болады .

 

Екіншіден , артериялық қысым қан тамыр түтігінің көлеміне байланысты : қан тамыры тарылса , қан қысымы көтеріледі , ал тамыр кеңiсе , қысым төмендейді. Қан ағысына өте үлкен кедергі жасайтын тамырлар артериолар мен капиллярлар . Артериолалар жіңішке тамырлар және бұлардың сақина тәрізді салалы тегіс еттері жиырылса , қатты тарыла алады . Артериолалардың саны көп , сондықтан олар қанның ағысына қатты кедергі жасайды . Қапиллярлардың ұзындығы артериялардан қысқа болғаны мен саны өте көп , сондықтан қанның ағысына капиллярлардың кедергісі де аз емес . Қан ағысын қамтамасыз ететін жүрек қуа тының 80—85 % -і осы артериолалар мен капиллярлардың кедергі сін жеңуге жұмсалады .

 

Үшіншіден , қан қысымына қанның тұтқырлығы да әсер етеді : қан неғұрлым қою , тұтқыр болса , оның қан ағысына жасайтын кедергісі жоғары , ал қан қысымы соғұрлым төмен болады . Бұл айтылғандарды Пуазейл формуласынан көруге және кедергіні . есептеп анықтауға болады . 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет