Интракардиялық реттелу . Жүрек еті арасындакөптеген метасимпатикалық жүйке жүйесінежататын интрамуральдық нейрондар бар. Олардыңқызметі де әртүрлі . Осыған орай олар сезімтал ( аффренттік ) , аралық , қозғалтқыш ( эфференттік ) , тежеуші нейрондар болып бөлінеді . Сезімталнейрондардың ұшында орналасқан рецепторларжүрек етіндегі механикалық және жүрекқуысындағы гидродинамикалық өзгерістердіқабылдап аралық нейрондарға , сонан соңқозғалтқыш нейрондарға жеткізіп отырады , сөйтіпрефлекс арқылы жүрек қызметінде өзгерістертудырады. Аралық нейрондар арасында тежеушінейрондар бар. Қозғалтқыш нейрон талшықтары өз ұшынан ацетилхолин не норадреналин медиаторларын бөліп отырады .Ацетилхолин жүрек қызметін әлсіретіп , соғуын сиретсе , норадреналин медиаторлары керісінше , жүрек соғуын жеделдетеді .
Жүректің осы дербес жүйке жүйесі оның бөлімдері қызметінің өзара байланысын қамтамасыз етеді . Мәселен , денеден оқшау шығарып бөліп алынған жүректің сол қарыншасынан Қолқаға шығарылатын қанның мөлшері оң жүрекшедегі қан көлеміндей болады , жүрек етінің созылу деңгейін сол қарыншаға жүрек ішіндегі жүйке жүйесі хабарлайды . Қолкадағы қан қысымы жоғары болса , жүрек қанға толып , оң жүрекшеге қан әкелетін тамырлар кернеліп тұрса да сол қарыншаның қолқаға шығаратын қан көлемі азаюы мүмкін . Керісінше қолқада қан қысымы төмендесе қарынша қатты жиырылып , ішіндегі қанды үлкен күшпен айдайды , сөйтiп , қолқадағы қан қысымы жоғарылатады . Демек , жүрек бөлімдері қызметің өзара үйлестіретін ондағы нейрондар тобының рефлекстік қызметі.
Алайда жүрек қызметі оның автоматиялық қасиетіне , клеткалық механизмдер мен жүректің өзіндегі шеткі рефлекстерге ғана байланысты емес.Жүрек қызметін бүкіл дене қызметіне үйлестіріп,сәйкестендіріп отыратын орталықтағы вегетативтік жүйке жүйесі,яғни экстракардиялық реттелу.
Достарыңызбен бөлісу: |