Сілекей құрамында органикалық заттар (альбумин , глобулин , сияқты белоктар , муция - гликопротеид , ферменттер ) бейорганикалық заттардан 2-3 есе көп . Онда , сондай - ақаминқышқылы , мочевина , несеп кышқылы , креатин , аз мөлшерде креатинин калдыктары бар . Бұлар белок алмасуы кезінде пайда болатын заттар , сілекейге қаннан өтеді . Сілекейдегі әрбір қалдық заттың мөлшері қандағы концентрациясына ( мөлшеріне ) байланысты . Ондагы негізгі фермент а — амилаза , Амилаза " сәл сілтілік жерде полисахаридтерді декстрон сатысынан дисахарид сатысына дейін ( мальтоза , лактоза , фруктоза , сахаро за ) ыдыратады .
Қызметі
Сілекей ас қорыту процесіне қатысумен қатар қорғаныс қызметін де атқарады :
1 ) ауыздың шырышты қабығы мен тісті ұдайы дымқыл күйін де ұстап , физикалық және химиялық заттардың зардабынан сақтайды , ыстық тамақты суытып , салқын тамақты жылытып , тағам температурасын реттеп отырады ; 2 ) ауызға түскен , тіске қонған заттарды жуып - шайып , оларды ұдайы тазартып отырады ;
3 ) құрамындағы лизоцим ферментінің әсерінен ауыз ішiндегi бактериялар жойылады ( бактериоцидтік әсер ) ;
4 ) құрамындағы нуклеазалар ( кышқылды және сілтілі ) ; рибонуклеазалар , трансаминазалар , пероксидазалар вирустың нуклеин қышқылдарын бұзып - ыдыратып , адам денесін вирустік аурулардан қорғайды ;
5 ) ауыз ішіндегі капиллярларды кеңейтетін Кининдер арқылы ауызда микро қан айналысын күшейтеді де лейкоциттер көп мөлшерде қаннан ауыз қуысына шығып , ауыз қуысындағы микробтарды кұртады ;
6 ) сілекей құрамындағы тромбопластин , антигепариндік фактор . IV , V , VII, X факторлар сияқты заттардың әсерімен қан тез ұйып , ауыздың шырышты қабығына түскен жарақаттар жазылып кетеді ;
7 ) сілекейде , әсіресе шықшыт безі сөлінде фибриныдыратқыш заттар мен қан ұюына кедергі жасайтын заттар бар , бұл заттар без өзегінің бітеліп қалуына жол бермейді , ауыз шырышты қабығын қабыршақтанған өлі эпителийдентазартып отырады , ондагы жаралардың тез жазылып кетуіне себепкер болады т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |