71.Сілекей құрамы, мөлшері мен қасиеттері. Сілекей бөлінудің реттелуі.
Сілекей дегеніміз- сілекей өзегі арқылы келіп құйылатын жұптасқан үш сілекей безінің, атап айтқанда:
шықшыт
жақасты
тіл бездерінің , сондай - ақ ауыздың шырыштықабығында бытырай орналасқан ұсақ бездердің сөлі( секреті ) . Жан - жануарда , адам да сілекейкөбінесе тамақ ішкен сәтте шығады . Бір тәулікішінде бөліп шығатын сілекей көлемі әр түліктеәртүрлі . Мәселен , сиыр тәулігіне 50 , адам 1,0—1,2 литр сілекей шығарады . Ит ciлекейiнiң аз - көптігі ауа райына , оның ыстық салқындығынабайланысты . Итте тер бездері болмайды . Сондықтан күн ыстық болып ыссыса , ол денеқызуын бір қалыпты сақтау үшін тілін шығарып , көп мөлшерде сыртқа сілекей шығарады . Адамдасілекей әсіресе тамақ ішкен кезде көбірек шығады , ол басқа уақытта да үзілмейді : ауыз іші үнемідымқылданып тұрады , онсыз адам дыбыс шығараалмайды ( сөйлей алмайды ) .
Сілекей қоймалжың , сұйық зат , Оныңқұрамында 0,5-1,5 % құрғақ зат бар, қалғаны су . Сондықтан оның сыбағалы салмағы су дан аз - ақ жоғары ( 1,001-0,017 ) . Құрғақ зат органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады . Бейорганикалық заттардан сілекейде натрий , калий , кальций , магний хлоридтері , сульфаттары , карбонаттары , иодит , бромид , фторидтер және аз мөлшерде роданит тұздары , микроэлементтер бар . Сілекейдің қышқылдық дәрежесі ( рН ) көбінесе осы аталған заттар мен муциннің мөлшеріне байланысты . Әдетте pH — 5,8—7,4 аралығында болады. Сілекейдегі кальцийдің тістің эмаль кабатына өтуі , одан шығуы pH мөлшеріне байланысты . Реакциясы қышқылдау болса ( рН - 6,9 ) кальций эмальдан ауыз қуысына , ал рН — 7,0-8,0 болса эмальга карай өтеді .
Достарыңызбен бөлісу: |