1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары


Еркек жыныс бездері (аталық бездер)



бет131/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   169
Еркек жыныс бездері (аталық бездер). Аталықжыныс мүшелерін сыртқы және ішкі мүшелер деп2 топка бөледі. Сыртқы аталық мушелеріне- ұма және жыныстық мүше жатады. Ішкіаталық жыныс мушелеріне аталық бездер, оныңқосалқы бөлімдері (ұрықшығарушы өзекшелер, ұрықтық көпіршіктер, сыңар қуықасты безі) жатады. Аталық без (ен) екеу, мөлшері 4-6 см, салмағы 15-30 г. Аталық бездер - ұманың ішіндеорналаскан терілі қалта. Ұманың ішкі қуысықұрсақ қуысының бір бөлігі болып саналады. Ұрықтың дамуы кезінде ұма құрсақ қуысындажатады. Жыныс бездері өзекшелерарқылы ұма қуысына түскен соң, ондағы дәнекерұлпамен тұтасып кетеді. Бұдан кейін ұмақуысы құрсак қуысынан бөлініп қалады. Егер жыныс бездері ұма қуысына өтпей, құрсаққуысында қалып қойса, жыныс жасушаларыныңтүзілуіне кедергі жасайды. Әдетте, жынысбездері шарана жарық дүниеге шығардан бұрынұма қуысына өтеді. Аталық бездер ағзада екі түрлімаңызды қызмет аткарады. Біріншіден, оларданаталық жынысжасушалары - сперматозоидтар түзіледі. Бұлаталық бездердің сыртқы секрециялық қызметі. Екіншіден, аталық бездерден жынысгормондары (негізінен тестостерон) бөлінеді. Бұлаталық бездердің ішкі секрециялық қызметі. Сондықтан да жыныс бездері аралас бездергежатады. Аталық бездерден бөлінген гормондарекінші реттік жыныстық белгілердің жетілуінденегізгі рөл аткарады. Олардың әсеріненжасөспірімдердің дене пішініөзгереді, мұрт шығады, дауысы жуандайды және т. б.

Аталық бездер көптеген ұсақ ұрықтықөзекшелерден тұрады. Аталық бездерде жынысжасушаларының жетілуі де, екінші реттікжыныстық жетілумен тікелей байланысты. Аталықбездерде жетілген сперматозоидтар ұрықтықөзекшелері арқылы алдымен ұрықтықкөпіршіктерге жиналады. Ұрықтықкөпіршіктеріндегі және қуықасты бездеріненбөлінген сұйықтық шәует (сперма) деп аталады. Шәуетпен араласкан сперматозоидтар зәршығаруөзегі арқылы өтеді. Ер адамдарда зәршығару өзегіарқылы зәр заты да, шәует те сыртқа шығарылады. Шәуеттің құрамында сперматозоидтар өте көпболады. Мысалы, 1 см3 шәуетте қалыпты жағдайда60 млн сперматозоидтар кездеседі. Сперматозоидтарда кез келген жасушаға тәнбөліктер (цитоплазма, ядро және т. б.) болады. Басқа жасушалармен салыстырғандасперматозоидтардың пішіні өзгешелеу, өте ұсақ(шамамен 7 мкм) және қозғалғыш. Әрбір сперматозоид бас, мойын және «құйрық» - талшықтан құрылады. Олар талшықтарыныңкөмегімен минутына 2-3 мм жылдамдыкпенқозғалады.

Еркек жыныс бездері жұп санды болып келеді жәнедене қуысынан тысқары орналасқан. Себебі, сперматогенздік процесс қалыпты жүру үшінтемпература 350С аспауы қажет. Эмбриогенездікдаму барысында ұрық бездері дененің бел омыртқатұсында пайда болып, кейіннен хориондыгонадотропин гормонының қатысуымен сыртқыортаға шығарылады.

Еркек жыныс бездерінің қызметі гипофизға тәуелдіекендігі туралы алғашқы мәліметтер 1920-1930 жылдарда қалыптасты. Мысалы, гипофизді алыптастағанда аталған бездер солып, олардыңгормондарының организмге әсер кенет азайған. Ал, ондай жануарларға гонадотропты гормондаренгізгенде бездің қызметі бастапқы қалпынакелген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет