1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары


 Асқазан сөлінің құрамы мен қасиеті. Асқазанның секрециялық белсенділігінің реттелуі



бет139/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   169
Байланысты:
1-90 сессия сурак

77. Асқазан сөлінің құрамы мен қасиеті. Асқазанның секрециялық белсенділігінің реттелуі.

Асқазан сөлінің құрамы мен қасиеті.

Адамда қарын бездері тәулігіне 2—2,5 литрдей сөл шығарады . Ол түссіз , реакциясы қышқыл ( pH — 0,9-1,5 ) зат . Меншікті салмағы судан аз - ақ ауыр ( 1,008 ) , құрамында 0,5—3,5 % құрғақ зат бар. Осмос қысымы қанның осмос қысымына тең ( 7,5 атм ) . Қысым сел құрамындағы бейорганикалық тұздар мен иондарға байланысты . Қарын сөлінде Na , K , Ca хлоридтері , сульфаттары , фосфаттары бар . Әсіресе тұз қышкылы көп ( 0,3 — 0,5 % ) . — ферменттер мен " муцин бар . Қарын бездерінің негізгі гландулоциттері - пепсиноген ферментін бөліп шығарады. Қышкыл ортада пепсиногеннен бір полипептид молекуласы ( ингибитор ) бөлініп, активті пепсин ферментіне айналады . Пепсин өте қышқыл ортада ( рН 1,5—2 ) қоректік заттарды гидролиздік жолмен ыдырататын фермент, рН 3,2—3,5 - ке тең ететін пепсин — гастриксин деп аталады . Адамның қарнында гастриксин көбірек. Пепсин , әртүрлі белоктарда айталық, белок молекуласын полипептид сатысына дейін ыдыратады. Кейбір пепсиндер сутті ірітеді, яғни казеиногенді ерімейтін казеинге айналдырады . Бала карны сөліндегі сүт ірітетін фермент — химозин деп аталады . Ол сәл қышқыл , сәл сілтілі немесе бейтарап ортада әсер етеді. Қарын сөлінде кездесетін липаза ферменті басқа сөлдердегі липазадай , тек эмульсияланған майға ғана әсер етеді . Май әдетте он екі елі ішекте эмульсияланады.  Қарын сөлінде көмірсуды гидролиздейтін фермент болмайды. Бірак қарындағы ас тұзы қышқылына әбден ыланғанша ас кесегінің ішінде ( қақ ортасында ) сілекейдің амилаза ферменті крахмал мен гликогенді дисахаридтерге дейін, ферменті мальтозаны екі молекулалы глюкозаға ыдыратады. Қарын сөлінде шырышты әрі сілтілі зат — муцин бар . ол рынның шырышты қабығын жауып тұрады да тұз қышқылын бейтараптайды . Сөйтіп , қарын қабырғасын пепсиннің зиянды әсерінен ( аутолиз ) қорғайды . Сонымен бірге , ол түрлі жарақаттан да сақтайды , және қарынға келіп түскен В2 витаминін қоршап алып , қарын сөлі ферменттерінен қорғап , ыдырамастан сіңуін қамтамасыз етеді .

 

Таза асқазан шырыны-түссіз мөлдір сұйықтық. Ол 99-99, 5% су және 0,5-1% құрғақ қалдықтан тұрады. Құрғақ қалдық Бейорганикалық және органикалық заттармен ұсынылған. Бейорганикалық заттар-фосфаттар,сульфаттар, бикарбонаттар, k+, Na+, Ca2+, Mg2+ иондары, микроэлементтер. Алайда, асқазан сөлінің негізгі бейорганикалық заты-тұз қышқылы (HCl) 0,3-0,5%



Тұз қышқылының функциялары:

• пепсиногендерді белсендіреді, оларды пепсиндерге айналдырады;

• ақуыздардың денатурациясы мен ісінуін тудырады;

• асқазанда денатурация үшін оңтайлы қышқыл орта жасайды

• ақуыз; - бактерицидтік қасиетке ие;

• темірдің сіңуіне ықпал етеді;

• асқазанның моторлы-эвакуациялық қызметіне ықпал етеді.

 

Асқазан сөлінің органикалық заттары-ферменттер. Асқазанда ақуыздардың бастапқы гидролизі жүреді.Сондықтан асқазан сөлінде негізінен пепсиногендер деп аталатын протеолитикалық ферменттер бар. Пепсиногендер-белсенді емес түрі



(проферменттер), олар HCl әсерінен белсендіге айналады

пішіні-пепсиндер. Пепсиннің төрт негізгі түрі бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет