Қанның мөлшері мен құрамы. Гематокрит.
Қан сарғылттау келген сұйык зат - плазмадан және оның iшiнде жүзiп жүрген қан клеткаларынан, яғни формалы элементтерден тұрады. Қан клеткалары қызыл түйiршiктер (эритроцит тер) мен ақ түйiршiктер (лейкоциттер), кан пластинкалары тромбоциттер.
Плазма қан құрамының 52-58%-іне, кан клеткалары -42-48%-не тең.Қан клеткаларының жалпы гематокриттік керсеткіші 42-48%,ал канның әр литрiнде 0,42-0,48 литр. Соңғысы гематокриттiк көрсеткіш деп аталады.
Плазманың құрамы. Оның 90-92%-і судан, қалғаны (8-10%) кұрғақ заттардан тұрады. Соңғыларының 8-9%-i органикалык заттар, оның ішінде белок 6—8%; 0,9% -1% бейорганикалық (минерал) заттар. Бұлардың көбі ас тұзы (90%). Органикалық заттардың көбі белоктар: альбумин, глобулин фибриноген. Альбуминдер мен фибриноген бауырда, глобулиндер бауырда және сүйек кемігінде, көкбауырда, лимфалық түйіндерде түзіледі. Бұлармен катар плазмада глюкоза, липидтер, сүт қышкылы, пировиноград қышқылы және молекуласында азоты бар заттар (амин қышқылдары, мочевина, зәр кышкылы, креатин, креатинна) түрлі ферменттер, гормондар витаминдер, пигменттер, еріген күйiнде оттегi, көмiр қышкылды газ, азот болады.
Достарыңызбен бөлісу: |