1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары



бет155/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   169
Ұйкы безі сөлінің құрамында күрделі пептидтерді ыдырататын карбоксипептидаза (A. В) және эластаза ферменттері рибонуклеин қышқылын нуклеидтер сатысына дейін ыдырататын рибонуклеаза ферменті бар. Бұлармен қатар без сөлінде фосфолипидтерді, майларды, поли және дисахаридтерді ыдырататын ферменттер де аз емес. Майлы липаза май қышқылы мен глицерин сатысына дейін ыдыратады. Бірақ ол үшiн алдымен майға өт әсер етiп, эмульсияға айналдыруы шарт. Майдын эмульсияга айналуы дегеніміз- өттің әсерінен майдын диаметрі 2-3 мкм май тамшыларына бөлінуі. Осы тамшыларға липаза ферменті өтпен бірге Са иондарының қатысуымен әсеретеді де, оларды май қышкылдары мен глицерин сатысына дейін ыдыратады. Көмірсуларға әсер ететің а-амилаза ферменті полисахаридтерді (гликоген мен крахмалды) дисахаридтерге дейін, мальтаза мен лактаза ферменттері аттас дисахаридтерді моносахаридтерге дейін ыдыратады.

 

Ұйқы безі сөлінің қанша уакыт, қай мөлшерде бөлінетіні, ферменттік құрамы тағам түріне және тағам рационына байланысты. Ет, нан жеп, сүт ішкен кезде бөлінетін сөлдін көлемі, құрамы, бөлініп шығу мерзімі біркелкі емес, керісінше, тағам түріне карай өзгеріп отырады. Бұл тәжірибе жүзінде дәлелденіп, кисык сызыкпен көрсетілген (И.П. Павлов).



 

Taғам құрамында көмірсулар басым болса, без сөлінде оларды ыдырататын ферменттер, ал белок көбірек болса, трипсин мен химотрипсин көбiрек болады. Майлы тамактыыдырату үшін без сөлінде липаза ферменті көп болуы шарт. Ұйкы безі сөлінде ферменттердін мөлшері, құрамы, тағам рациона бейімделуі сөл бездің кызметi жүйке жүйесi кызметімен тығыз байланысты екенін дәлелдей түседі.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет