13.Мишықтың құрылысы және функциясы. Мишық жарақаты кезіндегі бұзылыстар.
Әр біреуі үлкен ми сыңарларыңың артқы жағында, сопақша мидың үстінде орналасқан қос жарты шардан жәңе ортаңғы бөліктен тұрады. Бұл жарты шарда қалыңдығы 1-2,5 мм жұқа қыртыс қабығы, ақ заттың ішінде теңбілденіп сұр заттар - ядролар бар.Мишық орталық жүйке жүйесінің басқа бөлімдерімен төменгі, ортаңғы, жоғарғы аяқшалары арқылы жалғасқан. Осы аяқшалар арқылы, жұлыннан, кіреберіс (вестибула) ядролардан, торлы құрылымнан келіп түсетін серпіністер мишықка тоғысады. Мишықтан шыққан эфференттік талшықтар одан әрі ми қыртысына, қыртыс астындағы ядроларға, ми бағанының торлы құрылымына, көру төмпешігіне, қызыл ядроға, сопақша миға, жұлынға жеткізіп тұрады. Ми қыртысының және мишықтың қозғалтқыш зоналары өзара тығыз байланыста болады. Сонымен жоғарыда айтылғандай мишық мидың барлық бөлімдерімен қызметтес мүше.
Мишықтың ең бас кызметі -- адамның өз еркімен атқарылатын не оған бағынбайтын қимыл-әрекеттерді үйлестіріп отыру. Қандай да болсын Кимыл-арекеттің дәлме-дәл орындалуы, тепе-теңдікті сақтау мишыққа байланысты. Алайда мишық қызметі толық бұзылса да, тіршілік тоқтамайды, ал мишық біртіндеп көп жылдар бойы бұзылатын болса, мишықтың қызметін мидың басқа бөлімдері, әсіресе ми қыртысы өзіне алып қимыл әрекеттерін түзете алады.
Достарыңызбен бөлісу: |