17.АВО жүйесі бойынша қан топтары. Эритроциттердің антигендері және плазманың антиденелері.
Җарақаттанып қаны азайған адамға қан құйып, ағып кеткен қанның орнын толтырады. Қан құйып емдеу дәрігердің ежелгі арманы болатын. Алдымен жануар қанын адамға, кейін адам қаны адамға құйылды, бірақ бұл тажірибелердің бәрі десәтсіздікке ұшырады. Бір адамның қанын екінші адамға алдын ала тексермей құя салуға болмайтыны анықталды, Мұның себебін білуде гетерогемоагглютинация мен изогемоагглютинация құбылыстарының ерекше мәні бар. 1836 жылы Губер жануарлардың бір түрінен қан алып, оны екінші түріне (қойдың қанын қоянға) құйған. Мұның нәтижесінде қоян қанындағы эритроциттер бір-біріне жабысып, желімденіп қалатыны, яғни агглютинацияланатыны байқалды. Екі түрлі жануарлардың қанын . араластырған кезде эритроциттердің бір-біріне жабысып қалуы гетерогемоагглютинация деп аталады. 1901 жылы Ландштейнер бір адамның қаның екінші адамға құйған кезде эритроциттердің агглютинацияланатынын, желімделген эритроциттер жарылып, олардан гемолизин (қанды ерітетін улы зат) бөлініп шығатынын, бұл гемолитикалық шокқа апарып соғатынын анықтады. Бір түрге жататын екі жануардың қанын араластырғанда да эритроциттер агглютинациясы пайда болады, мұны изогемоагглютинация дейді.
Эритроциттердің желімдену себебін Прага университетінің профессоры Ян Янский ашты, Ол организмнен тыс жерде тәжірибе жасап, көптеген адамдардың қандарын алма кезек араластырып, мұның нәтижесінде адам қанында, яғни оның эритроцитінің мембранасында 2 түрлі (А және В) агглютиноген, ал плазмада сол агглютиногендерге сәйкес келетін 2 түрлі агглютинин желімдейтін альфа (а) не бета (В) болатынын анықтады. А агглютиногені бар эритроциттерді плазмалық а – агглютинин жабыстырса, В - агглютиногені бар эритроциттерді b- агглютинин жабыстырады, Қан араластырған кезде аттас агглютиноген мен агтлютинин бір-бірімен кездесе қалса, эритроциттер бір-бірімен желімденіп, үйме-агрегат құрады. Җелімденген эритроцит жарылып, оның ішіндегі гемоглобин плазмаға шығады, сөйтіп осындай эритроциттер гемолизге ұшырайды. Мұндай қан улы болады. Демек, бір адамның қанында әрі желімденетін, әрі желімдейтін аттас заттар (А - агглютиноген а -- агглютининмен,B – агглютиноген b агглютининмен) болмайды. Белгілі4 заттан (А, В және а, в) кездеспейтін етіп тек 4 комплекс құруға болады. Осы ойға келген Ян Янский адам қанын 4 топқа бөлді. Егер қан плазмасында а мен в агглютининдері болса, оның эритроциттерінде А және В агглютиногендер болмауы керек.Сондықтан А, В агглютиногендері болмаса, олардың жоғын «О» мен белгілейді. АВ агглютиногендері жоқ «О» плазмада а, В агглютининдері бар қан 1 топқа жатады, ал «А» агглютиногені бар қанда в агглютинині болады, мұндай қан II топ болын белгіленеді. III топтағы қанда В - агглютиноген, а агглютинин болады. Егер қанда А және В агглютиногендердің екеуі де болса,ондай қанда агглютининдер болмайды. (о). Ол қан IV топқа жатады, Халықаралық келісім бойынша қан тобын белгілерде онын агглютиногені жазылады да, содан соң агглютинин, ақырында рим санымен қан тобы ;жақшада көрсетіледі.
Oab (I); Ав (III); Ва (III); ABo (IV).
Адам қанын 4 топқа бөлу оның қай тобын қай топқа құюға болатынын анықтап берді. Қан құйған кезде аттас агглютиноген агглютининмен кездесе қалса (А мен а В мен в), алдымен құйылған қанның (қан беретін адам - донордың) эритроциттері жабысады. Донордың аздаған эритроциттері реципиент (қан қабылдайтын адам) плазмасындағы көптеген агглютининдермен кездеседі.
Сондықтан қанның құю тобын анықтау үшін донор эритроцитінде агглютиноген, реципиент плазмасында агглютинин бар -жоқтығын ескеріп, агглютинация болатынын плюс (+) немесе болмайтынын минус (-) белгісімен белгілеп тіркеуге болады
І топтағы донордың қанын барлык топтардағы адамдарға құюға, ал IV топтағы реципиентке қай топтың болса да қанын құюға болады. Қаны І топқа жататын адам әмбебап донор, ал қаны IV топқа жататың адам әмбебап реципиент деп аталады. Донор қаны көп мөлшерде (3-4 5 л) құйылатын болса реципнент эритроциттері донор плазмасындағы агглютининмен кездесіп желімденуі мүмкін. Бұл жағдайда жоғарыда келтірілген кестені пайдалануға болмайды: тек топтас қан құйылады (I топ қанын I топқа, II топ қанын II топқа т. т.).Сонымен қазіргі кеpде бір-біріне тек аттас топтардың қаны ғана құйылады.
Осы төрт топтағы қан АВО жүйесіндегі топтар деп аталады.(Мұны АВ ноль деп оқу керек). Бұлардың ішінде әсіресе қаны І топқа жататын адамдар көп (46%), II топтағылар бұдаң сәл аҙ .(42%), ең азы үшінші топтағылар (9%), IV топтағылар (3%).
Достарыңызбен бөлісу: |