1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары



бет30/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   169
Антикоагулянттар. Қан плазмасында көптеген ұйытатын заттар болса да, сау адамның қан тамырында әдетте қан ұйымайды,сұйық күйінде сақталады. Мұның себебі қанда оның ұюына жолбермейтін табиғи заттар - антикоагулянттар болады.

Табиғи антикоагулянттар: 1) әрдайым қанда болатын бастапқы антикоагулянттар; 2) қан ұюыкезінде пайда болатын қосымша антикоагулянттар болып 2 топқа бөлінеді.Бастапқы антикоагулянттар қатарына антитромбопластиндер, яғни протромбиназалардың пайда болуын тоқтататын, тежейтін,антитромбиндер (I, II, III, IV) және гепарин жатады. Гепарин қанның базофиль клеткасында, майлы дәнекер тканьде түзіледі. Ол гемокоагуляцияның бірден 3 кезеңін, плазмалық және тромбоциттік факторлардың белсенділігін тежейді, аз мөлшерде фибринолиз әсерін күшейтеді. Гепарин гиалуронидазаға әсер етіп, заттың капиллярлардан өтуін күшейтеді, антиген мен антидененің қосылу реакциясына қарсы әрекет жасайды (ингибитор),ісіну, қабыну процестерін бэсеңдетеді. Сондықтан да гепарин медицинада кеңінен қолданылады.Қосымша антикоагулянттар қатарына фибрин (тромбиннің 90%-ін адсорбциялайды), пептидтер, Х, XI факторлар (бұл факторлар XII фактордың әсерін әлсіретеді) жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет