14.Коагуляциялық гемостаз. Қан ұюының факторлары және механизмдері, қанның ұюы және қанның ұюға қарсы жүйелері.
Қан ұюының ең күрделі, ең ұзақ кезеңі -- 1 кезең,протромбиназа түзілу. Оның сыртқы (тканьдік) және ішкі (қандық) протромбиназаның пайда болу механизмдері бар.Сыртқы кезеңде алдымен жарақаттағнан қан тамырының қабырғасы мен оның аймағындағы тканьдерден бөлініп шыққан тканьдік тромбопластин әрекет етеді. Мұндай белсенді тканьдік тромбопластин мен VII, Iv, V, X плазмалық факторлардың қатысуымен тканьдік протромбиназа қалыптасады, Бұл процесс 5-10 секундке созылады. Тканьдік протромбиназа әсерінен аз ғана тромбин пайда болып, V және VIII факторлар әрекеттеседі. Протромбиназаның қанда қалыптасуы (ішкі механизм) 5-10 минутқа созылады. Ол жарақаттаңған қан тамыры эндотелнінің астындағы коллаген тканінің XII фактормен түйісуінен басталады.
XII фактор кинин, каллекреиннің қатысуымен XI факторды белсендіреді. Бұл реакция жарылған эритроциттер мен тромбоциттерден бөлініп шыққан фосфолипидтердің (тромбопластиндердің) қатысуымен XII және XI факторлардан жанасу комплекс пайда болуымен аяқталады. XI фактор IX фактор әрекетін жеделдетеді және Са2+ ионы 3-тромбоциттік фактор мен IX фактор,VIII фактор бір-бірімен әрекеттесіп кальций комплексін құрады. Қальций комплексі Х фактор белсендігін күшейтеді. Х фактор, фосфолипидтік қалыпта, V фактор және Са2+ , 3-тромбоциттік фактор қосылып жиынтық құрады, Бұл жиынтықта Х фактордың әсері 100 есе күшейеді. Осы жиынтықпен жанасу және кальций комплекстерінің қатысуымен тромбопластиннен қан протромбиназасы пайда болады.
Осымен коагуляциялық гемостаздың 1 кезеңі аяқталады.Гемостаздың II кезеңі - тромбин түзілуі. Протромбиназаның бетіне адсорбцияланған протромбин V, X және Са2+ ионының қатысуымен тромбинге айналады. Тромбин қан ұйытатын ең маңызды, әсерлі фермент.
Гемокоагуляцияның III кезеңі -фибриногеннің фибринге айналуы. Тромбин әсерімен алдымен фибриногеннен золь тәрізді фибринопептидті фибринмономер түзіледі. Одан әрі Са2+ bонының қатысуымен полимерлену процесі басталады. Фибринмономер еритін фибрин (soluble) полимерге, ал еритін фибрин -полимер плазмалық XIII фактордың және қан клеткалары мен
тканьдердің фибриназа ферментінің қатысуымен ерімейтін фибринге (фибрин insoluble) айналады. Ерімейтін фибриннен қан тромбасы пайда болады да уюы аяқталады.
Қан ұюының ең соңғы кезеңі - ретракция менфибринолиз.Қан ұйыған кезде пайда болғанфибриннің қатысуымен тромб құралады да қатайыпнығыздалады, яғни ретракцияланады. Ретракцияланған тромб қан тамырыныңжарақаттанған жерін бітеп,сыртқа қан кетуінтоқтатады. Тромб қан тамыры түтігін тарылтады. Осындай тромб пайда болысымен фибринолизбасталады, яғни фибрин ыдырай бастайды. Бұлпроцестің биологиялық мәні қан тамырысаңылауын бұрынғы қалпына келтіру. Фибринолизплазманың фибринолизин ферментінің қатысуыменөтеді.
Фибринолиздің бірінші кезеңінде қандағыпроактивті заттар белсенді (бұлардың құрылымыбелгісіз) заттарға айналады, Ол кандағыплазминогенге әсер етеді. Екінші кезендеплазминоген плазминге (фибринолизинге) айналады. Үшінші кезенде -- фибринфибринолизин әсерінен пептидтер мен аминқышқылдарына Ыдырайды.
Фибринолиз кезінде пайда болған өнімдердіорганизм өзінің басқа клеткаларының керегінежұмсайды. Әрбір кезеңнің ферМент әсерінкүшейтетін және тежейтін заттарыинактиваторлары болады. Солардың қарым-қатынасына қарай фибринолиз біресе үдейеді, біресе тежеледі. Қан ұюы күшейсе, оған жауапретінде фибринолиз күшейеді, ал ол баяуласа нетоқтаса, бұған жауап ретінде қан тамырында қанұюының күшейгенін көрсететін көптегентромбалар пайда болады, фибронолиз бәсеңдейді, тіпті тоқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |