27.Тыныс алу циклі. Тыныс алу жолдарының физиологиясы. Анатомиялық және физиологиялық өлі кеңістік.
Тыныс алу циклі:
1) Инспирация(дем алу) –бұл тыныс алу бұлшықеттерінің жиырылуына байланысты кеуде көлемінің ұлғаюы. Ұзақтығы 0,9-4,7 с.
Диафрагма кеуде қуысын төменнен шектейді, сіңірлі орталық пен бұлшықет талшықтарынан тұрады.
Тыныс алу кезінде диафрагма кеуде қуысының ішкі бетінен шығатын бұлшықет талшықтарының жиырылады, жіне диафрагманың күмбезі тегістеледі, қабырға-диафрагматикалық синус ашылады. Осы синустарда орналасқан өкпе аймақтары жақсы желдетіледі.
Кеуде қуысының инспираторлық бұлшықеттеріне сыртқы қабырғааралық және ішкі қабырғааралық бұлшықеттер жатады. Дем алу кезінде, бұлшықеттер жиырылғанда, төменде орналасқан қабырға оның үстіндегі қабырғаға көтеріледі. Соның әсерінен кеуде көтеріледі.
Диафрагма менсыртқы қаьырғаралық бұлшықеттердің жиырылуы
↓
Қабырғаның жоғары, кеуденің алға шығуы, диафрага төмен түсуі
↓
Өкпенің созылуы
↓
Тыныс алу (активті)
Көмекші инспираторлық бұлшықеттерге төс-бұғанабұлшықеті, сондай-ақ үлкен және кіші кеуде, баспалдақ, тісті бұлшықеттер жатады.
2) Экспирация(дем шығару) – сыртқы қабырғааралық бұлшықеттердің релаксациясы және диафрагма күмбезін көтеру нәтижесінде жүзеге асады. Ұзақтығы 1,2-6 с.
Дем шығару кезінде экспираторлық бұлшықеттер жиырылады, оларға ішкі қабырғаралық бұлшықеттер жатады. Олар қысқарған кезде, үстіңгі қабырға төменгі жаққа қарай тартылып, кеуде астыға түседі.
Диафрагма менсыртқы қабырғааралық бұлшықеттердің босаңсуы
↓
Қабырғаның және кеуденің төмен түсуі, диафрагма жоғары көтерілуі
↓
Кеуде клеткасы мен өкпе көлемінің жиырылуы
↓
Тыныс шығару(пассивті)
Маңызды көмекші экспираторлық бұлшықеттерге іш бұлшықеттері жатады.
3) Тыныс алу паузасы (көлемі бойынша әр түрлі және болмауы мүмкін).
Кеуде қуысының кеңеюі көбінесе қабырғалардың көтерілуіне немесе диафрагманың тегістелуіне байланысты, қабырға (кеуде) және іш қуысы тыныс алу түрін ажыратады. Тыныс алу түрі көбінесе жасына байланысты. Жасы ұлғайған сайын кеуде қуысының қозғалғыштығы төмендейді және іш қуысының тыныс алу түрі басым бола бастайды. Жүктіліктің соңғы айларында іштің тыныс алуы қиын. Әйелдерде кеуде қуысының тыныс алу түрі басым, ал еркектерде іш қуысы басым болады. Іштің тыныс алуы ең тиімді, өйткені бұл тыныс алу кезінде өкпенің желдетілуі жақсарады және іш қуысынан жүрекке веноздық оралу жеңілдейді.
Тыныс алу жүйесі – мүшелер мен ұлпаларға қоршаған ортадан оттегін жеткізіп, көмір қышқыл газын сыртқа бөліп шығаруды қамтамасыз етеді. Сыртқы тыныс алу, яғни газдардың ауадан өкпеге өтуі, өкпеден қайта атмосфераға шығарылуы екі кезеңнен: демалу (инспирация) және демшығарудан (экспирация) тұрады. Инспирация мен экспирация тірі организмде өзара жымдасып үйлесім тапқан, өмір бойы бірінен соң бірі белгілі бір ырғақпен алмасып отырады. Тыныс алу процесінің нәтижесінде организмге түскен оттегі клеткаларға жеткізіліп, онда ол биохимиялық реакцияларға қатысады. Аталған процесс мына тәртіпте орындалады:
1. Сыртқы тыныс алу - ауадағы газдарды (атмосферадан) өкпеге әкеліп,
өкпеден қайтадан атмосфераға шығарып тұру;
2. Өкпе көпіршіктеріндегі (альвеолалардағы) газдар мен қан құрамындағы
газдардың алмасуы;
3. Газдардың өкпеден ұлпаға, ұлпадан өкпеге қан ағынымен тасымалдануы;
4. Ұлпа мен қан арасындағы газ алмасуы;
5. Ішкі тыныс алу - клетка құрамындағы органикалық заттардың тотығуы.
Тыныс алу көп ауадан оттегiн сiңiрiп, көмір қышқыл газын шыгаруды қамтамасыз ететін өзара байланысты көптеген процестердi атады. Оттегiнiң қатысуымен организмде тотығу процесі өтеді. Құрамындағы органикалық заттардың тотығуы нәтижесінде клеткалар мен тканьдерде тiршiлiкке қажет энергия пайда болады.Мұнымен қатар тотығу барысында көмірқышқыл газы түзіледі. Бұл газ уақытында сыртқа шығарылып тұрмаса көптеген тiршiлiкке қажет процестер тоқтап денеде су тұрақтылығы (изогидрия), жылу тұрақтылығы (изотермия) бұзылады да адам өмiрiне кауіп туады.
Достарыңызбен бөлісу: |