1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары


Гипоталамустың гипофизбен функциялық балансы. Гипоталамус- гипофиз-бүйрекүсті жүйесі



бет50/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   169
29.Гипоталамустың гипофизбен функциялық балансы. Гипоталамус- гипофиз-бүйрекүсті жүйесі.

 

Гипоталамус – таламусасты, hypothalamus, сөздің кең мағынасында III қарыншаның түбі астында вентралды, артқы гипоталамус аймағын, regio hypothalamica posterior-ды қоса, substantia perforata posterior-дың, алдында орналасқан түзілістерді біріктіреді. Құрсақтағы дамуға сәйкес гипоталамус екіге бөлінеді: 

 

а) алдыңғы бөлім regio hypothalamica anterior, бұған tuber cinereum, infundibulum және hypophysis сондай-ақ пен біріктіріледі

 

ә) артқы бөлімге corpora mammilaria мен regio hypothalamica posterior жатады. Гипоталамус аймағының ядросы порталды тамырлар (гипофиздің алдыңғы үлесімен) және гипоталамусгипофиз будасы арқылы гипофиздің артқы үлесімен байланысқан. 

 

Гипофиз
Гипофиз мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан, салмағы 0,5-0,6 г, алдыңғы, ортаңғы, артқы бөліктерден тұрады. 

 

Алдыңғысы – аденогипофиз, ортаңғысы – меланогипофиз, артқы бөлігі – нейрогипофиз деп аталады. Құрылысы мен қызметі жағынан бұлар әртүрлі, сондықтан олардың әрқайсысын бөлек без деуге де болар еді.




Адам мен жануарлар тірлігі үшін қай бездің қандай маңызы бар екенін білу мақсатымен зерттелетін безді сылып алып тастайды (экстирпация). Гипофизді алып тастаса (гипофизэктомия) өсімтал жас бала өспей қалады, жыныс бездері кеш жетіледі, ал ересек адамның бездерін алып тастаса, жыныстық шабыты төмендейді. Белок, май, көмірсу алмасуы бұзылады, қалқанша без, бүйрекүсті бездер кішірейеді, қызметі нашарлайды. Несеп бөлінуінде тәуләктік диурез күшейіп, шыжыңдық белгілері пайда болады (полиурия). Сырттан тиетін зиянды әсерлерге деген төзімділігі кемиді. Осы айтылғандардың бәрі гипофиздің гормон шығару қызметінің нашарлауының салдары. Ал гипофиздің қызметі күшейсе мұндай өзгерістердің сипаты қарама – қарсы.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет