1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары



бет44/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   169
Байланысты:
1-90 сессия сурак

Қан топтары:

❖ І топ - агглютиноген жоқ/ а және в агглютининдері бар

❖ ІІ топ – А агглютиноген бар/ в агглютинин бар

❖ ІІІ топ – В агглютиноген бар / а агглютининбар

❖ ІV топ –А және В агглютиногендері бар /  агглютининдері жоқ

Адам канын 4 топка бөлу оның қай тобын кай топка құюга болатынын аныктап берді. 

I топтағы донордын канын барлык топтардағы адамдарга куюга, ал IV топтағы реципиентке кай топтын болса да канын куюға болады. 

Каны 1 топка жататын адам әмбебап донор, ал каны IV топқа жататын адам әмбебап.



24.Баромтерлік қысымның төмендеуінен тыныс алу өзгерістері.
Атмосфералық қысым төмен болған жағдайларда дем алатын ауада рО2, төмен болуы нәтижесінде гипоксия дамиды. Гипоксия эндогенді және экзогенді болып бөлінеді. Экзогендік гипоксия қоршаған ортаның газдық факторларының өзгеру нәтижесінде дамиды. Эндогендік гипоксия организмнің әр түрлі қызметтік және патологиялық жағдайларында пайда болады. Мысалы, 2,5-5,0 км жоғары көтерілгенде каротидті хеморецепторлардың жандануынан өкпелердің желденуі артады. Артериялық қан қысымы жоғарылайды, жүректің жиырылу жиілігі артады. Бұл реакциялардың барлығы ұлпаларды оттегімен қамтамасыз етуді күшейтуге бағытталған. Өкпелер желденуінің жоғарылауы шегіне жеткенде альвеолалардағы ауада рСО2 төмендеуіне әкеледі – гипокапния дамиды, хеморецепторлардың, әсіресе орталық хеморецепторлардың жандануы азаяды. Бұл тыныс алудың шектелуіне әкелуі мүмкін.

4-5 км биіктікте жоғарыдағы ауру – тау ауруы дамуы мүмкін. Бұл кезде адам әлсіз, көгерулер, қан қысымы және жүректің жиырылу жилігі төмендейді, бас ауырады, тыныс алу тереңдігі азаяды. 

7 км жоғары биіктікте өмірге қауіпті тыныс алу өзгерістері, қан айналу бұзылыстары және естен тану дамуы мүмкін. Әсіресе гипоксияның тез дамуы үлкен қауіп төндіреді, бұл кезде естен тану кенеттен болуы мүмкін. Биіктіктерде тыныс алуды қалыптандыру таза оттегінің 5% көміртегі қос тотығымен газдық қоспасы – карбогенді қолдану арқылы іске асады. 

Төмен атмосфералық қысым жағдайында ұзақ уақыт болу( мысалы, таулы жерлерде тұру) оттегілік ашығуға акклиматизациямен байқалады. Акклиматизация төмендегі белгілермен сипатталады:

• Эритропоэз күшеюі нәтижесінде қанда эритроциттер санының артуымен;

• Қанда гемоглобин мөлшерінің артуымен яғни қанның оттегілік сыйымдылығы жоғарылауымен; 

• Өкпелердің желденуі артады;

• Эритроциттерде 2,3 – глицерофосфат мөлшерінің жоғарылауынан ыдырау қисығының оңға ығысуы нәтижесінде ұлпалар капиллярларында оксигемоглобиннің ыдырауы күшейеді;

• Ұлпаларда қан таситын капиллярлар тығыздығы жоғарылайды, олардың ұзындығы және иірімдер саны артады;

• Гипоксияға клеткалардың, әсіресе жүйке клеткаларының төзімділігі жоғарылайды;

• Ми тамырларын кеңейтетін гипоксия, соңынан мидың қан айналымы артады.
 

25.Ми қыртысы жарты шарларының функциялық ұйымдастырылуы. Қыртыстың сенсорлық және моторлық аймақтары (Бродман бойынша).

 

 



Ми қыртысы, паллиум (лат. cortex cerebrі) – адам мен сүтқоректі жануарлардың үлкен ми сыңарларының сыртын жауып тұратын, нейронныңсұр затынан түзілген қабат. 

• Сұр заттың қалыңдығы 1 – 5 мм-дей. Мидың бұл бөлігі эволюциялық даму барысының соңғы кезеңінде пайда болып, жоғары дәрежелі жүйке жүйесі қызметін жүзеге асыруда өте маңызды рөл атқарады..



Ми қыртысы

Ми қыртысы мидың басқа бөлімдерімен өте тығыз байланыста болады. Ми қыртысында барлық сезім органдарының соңғы орталықтары орналасқан. Мұнда сыртқы ортадан және организмнің өзінің ішкі ортасынан келген түрлі тітіркендіргіштер талданып, оларға жауап қайтарылады. Адамның сөйлеуі мен ойлауы үлкен ми сыңарларындағы Ми қыртысының барлық бөліктерінің қатысуымен ғана жүзеге асады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет