1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары



бет45/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   169
Байланысты:
1-90 сессия сурак

Ми қыртысы 6 қабаттан тұрады

• 1. молекулалық қабат

• 2.сыртқы түйіршікті қабат

•3.сыртқы пирамидалық қабат

• 4.ішкі түйіршікті қабат

•5.ішкі пирамидалық қабат

6.көп құрылысты қабат

 

I - молекулалық қабат (lamina molecularis), ішкі тамырлы қабық астында жатып, біршама

саны аз ұсақ нейрондарды-ұршық тәрізді денесінен көлденең жазықтыққа шығатын ұзын

тармақталған дендритті көлденең жасушаларды сақтайды. Аксоны қабаттағы

талшықтардың тангенс өрімін құруға қатысады. Бұл қабатта нейронның аралық

байланысын түзетін терең орналасқан қабаттардағы жасушалардың көптеген

дендриттері, аксондары өтеді.

 

II - сыртқы түйіршікті (granularis externa) қабат көптеген ұсақ пирамида және жұлдыз

тәрізді жасушалардан құралған, дендриттері тармақталып, молекулалық қабатқа

көтеріледі, ал аксондары ақ затқа, доға құрып алып, молекулалық қабатқа бағытталады.

 

III - пирамида (piramidalis) қабаты ені өзгеріп тұрады, барынша енділігі неокортекс

байланыстырушы (ассоциативті), сезіммоторлы аймақтарда жақсы байқалады. Пирамида

тәрізді жасушалар басым болады, ал көлемі, қабаттың түбіне ауысқан сайын ұсақтан іріге

дейін ұлғаяды, төбелік дендриттері молекулалық қабатқа бағытталады, бүйірлік

дендриттері осы қабаттағы жасушаларда түйіспе құрады, аксондары өзінің сұр затында

аяқталып, ақ затына бағытталады. Бұл қабат көбінесе бір сыңарда, әрі екі сыңарларда

байланыстырушы қызмет атқарады.

 

IV - ішкі түйіршікті (dranularis interna) қабат ұсақ пирамида, жұлдызша тәрізді

жасушалардан құралады, неокортекс көру, есту аймақтарында кең мөлшерде байқалып,

сезіммоторлы аймағында болмайды. Бұл қабатта көрутөмпешігінің орталығына қарай

бағытталған талшықтардың негізгі бөлігі аяқталады. Қабаттағы ұсақ пирамида,

жұлдызша тәрізді жасушалардың аксондары неокортекстің жоғарғы, төмен

қабаттарындағы жасушалармен байланыс құрады.

 

V - түйіндік (ganglionaris) қабат ірі, неокортекс моторлы

аймағында-алып пирамида тәрізді (Бец жасушасы, перикарион

көлемі 100 мкм артық, пирамида жолын түзетін ірі миелинді

аксондар бастамасын береді) жасушалардан тұрады. Төбелік

дендриттері молекулалық қабатқа жетіп, төбелік «гүлшоғын»

құрады, бүйірлік дендриттері осы қабат шегінде таралады.

Алып және ірі пирамида тәрізді жасушалар аксондары бас миы,

жұлын ядроларында проекциеленеді, олардың ішіндегі ең

ұзыны пирамида жолы құрамында жұлынның артқы жақ

сегментіне жетеді.

VI - көппішінді жасушалар (multiformis) қабаты әртүрлі пішінді

және көлемді нейрондардан (ұршық, жұлдызша тәрізді)

құралған. Қабаттың сыртқы бөлігі ірі, ішкі бөлігі-одан ұсақ,

сирек орналасқан жасушалардан тұрады. Жасушалардың

аксондары шетке бағытталған жол құрамымен ақ затқа барады,

дендриттері молекулалық қабатқа өтеді.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет