42.Нефрон бүйректегі құрылымдық-функциялық бірлігі.
Бүйрек жұп мүше , салмағы 120—200 г. Бүйректің негізгі морфофункциялық құрылымы – нефрон , ол мальпиги шумақтары мен бүйрек түтікшелерінен тұрады . Әрбір бүйректе 1 млн - ға жуық нефрон бар . Олар қан , лимфа тамырларымен жиі торланған және араларында интерстициальдық сұйықтық болады . Әр бір нефронда бір - біріне тәуелді аса күрделі процестер жүріп жатады . Соның нәтижесінде бүйректе несеп түзіледі .
Нефрон құрылысы — өте күрделі. Ол Шумлянский - Боумен капсуласымен , артериялық капилляр шумағынан , яғни Мальпиги шумағынан және түтікшелерден тұрады . Нефронның шумақтық бөлігі гломерулалық бөлім деп аталады . Шумлянский — Боумен капсуласы түптеп келгенде бүйрек түтікшелеріне айналады . Сондықтан оны нефронның түтікше бөлімі деп те атайды . Бұл ( құрамында проксимал және дистал ирек түтіктер , бар ) , бүйректің қыртысы бөлімінде , ал Генле ілмешегі және несеп жиналатын түтіктер ми бөлімінде болады . Әр бөлімнің өз құры лымдық ерекшеліктері болады.
Бүйрекке алып келетін қанның 85 % -ке жуығы , бүйректің қыртыс қабатындағы қан тамырларында.
Қанды алып келуше артериола , тамырының қабырғасында , оның шумаққа кіретін жерінде , микроэпителиялық клеткадан пайда болған қалың тығыз түйін бар . Оны юкстагломеруларлық аппарат деп атайды . Егер де бүйректің қан , мен қамтамасыз етілуі нашарласа бұл аппарат ренин бөледі . Ренин артерия қан тамырының қысымын реттеп , қандағы электролиттердің мөлшерін қалыпты жағдайға келтіреді . Бүйректің қан әкелуші тамыры бүйрек артери ясынан басталады. Бүйрек артериясы іш қолқасының бір бұтағы , осыған байланысты - Мальпиги шумағы капиллярларында қан қысымы басқа мүшелер капиллярындағы қысымына қарағанда ( с . б . б . 25—30 мм ) анағұрлым жоғары ( с . б . б . 70-— 80 мм ) . Бүйректің , қан әкелуші тамырына қарағанда қан әкетуші та мырының диаметрі екі есе тар . Нефрозе түтікшелерінің ұзындығы 35-50 см , ал бүйректегі жалпы барлық түтікшелердің ұзындығы 70—100 км . Әр капилляр шумағы қабырғасысының жалпы ауданы 1,5—2 м2 , яғни адам денесінің ауданымен бірдей . Бүйрек қанындағы ( геморенальдық ) тосқауыл негізінен - жіңішке базальдық мембранасынан тұрады . Нефрон түтікшелерінің құрылымдық ерекшелігі- оның жоғарғы бөлімі цилиндр тәрізді эпителийден тұрады , олардың ішкі бетінде микробүрлер , яғни кері сіңіру қабілеті күшті протоплазмалық өсінділер бар . Кейін эпителийлердің пішіні өзгеріп , куб тәрізді болады. Микробүрлер бүйрек аппараты түтікшелерінің ішкі ауданының жалпы көлемін бірнеше рет ұлғайтады .
Достарыңызбен бөлісу: |