1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары



бет73/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   169
Байланысты:
1-90 сессия сурак

Белл-Мажанди заңы — афференттік талшықтар жұлынға оның артқы түбірлері арқылы кіреді, эфференттік талшықтар алдыңғы түбірлер арқылы одан шығады. Рефлекстің анатомиялық осы қағидасын алғаш 19 ғасырдың басында Ч.Белл ұсынған. Мұндай шешімге өзінің зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Ф.Маржанди де келген. Сондықтан Белл-Маржанди заңы деп аталады.

Іс-қимыл рефлекстерінің реттелуі де осы заң бойынша іске асады. Алдыңғы түбірлердің құрамына денелері жұлынның сұр затының алдыңғы мүйізінде жататын қозғағыш нейрондардың сезгіш аксон талшықтары кіреді. Артқы түбірлердің құрамына денесі сол түбірдің өзінде орналасқан эфференттік нейрондардың талшықтары кіреді. Тәжірибеде Белл-Мажанди заңын жұлынның алдыңғы және артқы түбірлерін кесу арқылы байқауға болады. Артқы түбірлерді кескеннен кейін жануар кесілген жағындағы сирағымен қозғала алады, бірақ бұл жағындағы сирағының сезу қабілеті толығымен жойылады. Алдыңғы түбірлерді кескеннен кейін, сезу қабілеті сақталғанымен, сирақтары мүлде қозғалмайды, сәл болады. Артқы түбірлерді тітіркендіргенде жалпы қозғалыс реакциясын тудырады да, алдыңғы түбірлерді тітіркендіргенде қозғалыс пайда болмайды. 

 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет