1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


Жүрек жұмысы. Жүректің өткізгіш жүйесі, оның практикалық маңызы



бет5/21
Дата19.04.2023
өлшемі62,14 Kb.
#84328
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
анат сессия

5. Жүрек жұмысы. Жүректің өткізгіш жүйесі, оның практикалық маңызы.
Жүрек жұмысы 3 фазадан тұрады:
1. Жүрекшелердің систоласы,қарыншалардың диастоласы
2. Қарыншалардың систолосы,жүрекшелердің диастоласы
3. Жалпы диастола немесе пауза
1-фаза. Жүрекшелердің систоласы,қарыншалардың диастоласы
Жүрекшелер жиырылып,қанның қысымымен жүрекше-қарынша қақпақшаларының жармалары ашылады да,оң жақ жүрекшеден веналық қан оң жақ қарыншаға,ал сол жақ жүрекшеден артериялық қан сол жақ қарыншаға өтеді.
Қарыншалар диастола кезеңінде болуынан аорта мен өкпе сабауының қақпақшалары жабық болады
2-фаза. Қарыншалардың систолосы,жүрекшелердің диастоласы
Қарыншаралар жиырылып,қанның қысымымен жүрекше-қарынша қақпақшаларының жармалары бір бірімен жабысып жабылады және 1-ші дыбыс пайда болады
Қарыншалар систоласы кезеңінде аорта мен өкпе сабауының жартыай қақпақшалары ашылады,қан аорта мен өкпе сабауына өтеді
3-фаза.Жалпы диастола немесе пауза
Жүрекшелер мен қарыншалар миокардысы босаңсиды.Жарты ай қақпақшалар қалта секілді,осы кезеңде аорта мен өкпе сабауынан қан кері кетіп жатқанда қақпақшалар жабылады да,толған қалташық ісініп бұлтияды,2-ші дыбыс пайда болады.
Жүректің өткізгіш жүйесі жүректің бірқалыпты ырғақты жиырылуын қамтамасыз етеді.Бұл жүйе түйіндер мен будалар түзетін кардиомиоциттерден тұрады.
1)Синус-жүрекшелік түйін(nodus sinuatrialis)-жоғары қуыс вена тесігі мен оң жақ құлақшаның арасында,оң жақ жүрекшенің эпикардының астында орналасады.1-ші реттік ырғақтың жүргізушісі
2)Синус-жүрекшелік түйіннен шығатын жүрешеаралық будаларының(fascilus interatralis) тармақтары.Олар оң жақ және сол жақ жүрекшелер миокардына тарамдалады
3)Жүрекше-қарынша аралық будалар(fasciculus interatrioventricularis). Олар 3-еу:оң жақта-Торель,сол жақта-Бахман,ортасында-Венкенбах.
4)Жүрекше-қарынша түйіні(nodus atrioventricularis)-жүрекшеаралық қалқаның төменгі жағында жатады.Ол 2-ші реттік ырғақтың жүргізушісі
5)Жүрекше-қарынша будасы немесе Гис будасы(fasciculus atrioventricularis)-қарыншааралық қалқаның жарғақты бөлігінде орналасады
6)Гис будасының оң жақ және сол жақ аяқшалары(crus dextrum et crus sinistrum fasciculi atrioventricularis)
7)Пуркинье талшықтары-импульсті Гис будасы аяқшаларынан қарыншалар миокардына өткізеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет