1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


Кеуделік қолқа, оның қабырғалық (париеталық) және ағзалық (висцералық) тармақтары, олардың қанмен қамтамасыз ету аймақтары



бет8/21
Дата19.04.2023
өлшемі62,14 Kb.
#84328
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
10.Кеуделік қолқа, оның қабырғалық (париеталық) және ағзалық (висцералық) тармақтары, олардың қанмен қамтамасыз ету аймақтары.
Кеуделік қолқа, aorta thoracica 4 –ші кеуде омыртқа тұсынан көкеттің аорталық саңылауы. 7-ші кеуде омыртқа тұсына дейін, ортаңғы жазықтықтың сол жағында орналасқан. Қолқаның алдыңғы жағында солжақ өкпенің түбірі жатады және 8 немесе9-шы кеуде омыртқалар деңгейінде өңеш өтеді.
Кеуделік аортаның кеуде қуысы қабырғасын қанмен қамтамасыз ететін тармақтары:
Париеталық тармақтар Артқы қабырға аралық артериялар (arteriae intercostales posteriores) оң және сол жақ III-XI қабырға аралыққа сегментті түрде тармақталады.Соңғы артерия XII қабырғаның астында жүретін қабырға аты артерия (arteria subcostalis).Бұл артериялар қабырғаны,қабырға аралық бұлшықеттерді қанмен қамтамаыз етіп,арқаның бұлшықеттері мен терісін, омыртқа бағанасын қанмен қамтамасыз ететін артқы тармақ (ramus dorsalis) және жұлындық тармақ (ramus spinalis) береді. Көкеттің жоғарғы артериялары (arteria phrenicae superiores) көкеттің аорталық тесігінде тармақталатын жұп тамыр, көкеттің белдің бөлігінде тармақталып, оны және өкпеқапты қанмен қамтамасыз етеді.
Висцералық тармақтар Бронхтық тармақтар (rami bronchiales) сол жақ өкпе түбірі деңгейінде 2-3 тармақ түрінде басталып, сол жақ бронх бойымен тармақталып,бронхтар мен өкпелерді қанмен қамтамасыз етеді.Оң жақ өкпеге бронхтық тармақтар көбінесе оң жақ артқы қабырға аралық артериялардан және өңештік тармақтардан кетеді. Өңештік тармақтар (rami esophageales) 4-5 тармақ түрінде аортаның өңешке жанасқан жерінен басталатын жұп тармақ. Көкірек орталық тармақтар r(rami mediastinalis) көкірек орт аның шелмайы мен лимфа түйіндерін қанмен қамтамасыз етеді. Перикардтық тармақтар(rami pericariaci) перикардтың артқы бетіне баратын жұп тармақтар.


11.Жалпы ұйқы артериясы, топографиясы. Қан кеткенде артерияны басу орны. Сыртқы ұйқы артерия, оның үш топ тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.
Жалпы ұйқы артериясы — а.carotis 3-ден 4-ші қолқа доғалары бойында вентралды қолқадан дамиды; оң жағында иық бас сабауынан , сол жағында колка доғасынан шығады. Жалпы ұйкы артериялары кеңірдек және өңештің жағымен жоғары карай жүреді. Оң жақ жалпы ұйқы артериясы сол жақтағыдан қысқалау, өйткені, сол жақ ұйқы артериясы екі — кеуде (қолқа доғасынан сол жақ төс-бұғана буынына дейін) және мойын бөлімдерінен, ал оң жақ ұйқы артериясы тек мойын бөлімінен тұрады. А.carotis communis, trigonum caroticum-ге өтіп, қалқанша шеміршек немесе тіласты сүйегі денесінің денгейінде өзінің соңғы тармақтарына: А.carotis externa et a. carotis interna-ға (бифуркация) бөлінеді. Қан ағуды тоқтату үшін жүзік тәрізді шеміршектің төменгі жиегі денгейінде, жалпы ұйқы артериясын VI мойын омырткасының —tuberculum caroticum-ына батырып қысады. Кейде сыртқы және ішкі ұйқы артериялары ортақ сабаумен емес, жеке- жеке қолқадан шығады, бұл олардың қалай дамитындығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет