1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек



бет3/21
Дата19.04.2023
өлшемі62,14 Kb.
#84328
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
анат сессия

Солжақ қарынша, ventriculus sinister конус пішіндес, оңжақ қарыншаға қарағанда қабырғасының қалыңдығы 2-3 есе қалың, себебі солжақ қарыншаның жоғарғы қысыммен жұмыс атқаруынан болады.
Сол карынша қуысында екі бөлімді: едәуір кең артқы-сол меншікті қарынша қуысы жэне едәуір тар алдыңгы-оң бөлімді ажыратады. Сол қарыншаның артқы-сол бөлімі солынан жэне артынан орналасатын сол жүрекше-карынша тесігі арқылы сол жүрекше қуысымен, ostium atrioventriculare sinistrum, байланысады. Алдыңғы-оң бөлімі қолқа тесігінің, ostium aortae, көмегімен қолқамен байланысады.
Жүректің клапан аппараты жүректің қуыстарындағы қанның қайтып оралуына жол бермей, оның қозғалысын қамтамасыз етеді. Жүрек қақпақшаларының ашылуы мен жабылуы жүрек қуыстарындағы қысымның өзгеруімен байланысты. Сол жүрекше сол жақ қарыншадан екі жармалы (митральды) қақпақшамен бөлінген. Оң жақ жүрекше мен оң қарынша арасындағы шекарада үш жармалы (үш жармалы) қақпақша орналасқан. Қолқа қақпақшасы оны сол жақ қарыншадан, өкпе діңінің қақпағы оны оң қарыншадан ажыратады.


3. Жүрекке кіретін және жүректен шығатын ірі тамырлар.
Екі артерия арқылы қандандырылады:
Оң тәждік артерия: Қолқаның оң қойнауынан басталып, оң құлақшаның бойымен төмен жүріп, тәждік жүлгеге барады.Тәждік жүлгенің тереңінде жатып, оң жүрекше мен оң қарыншаның артқы қабырғасына тармақаталады. Тармақтар қарыншааралық қалқаның артқы бөлігін және оң мен сол қарынщаның артқы қабырғасын қанмен қамтамасыз етеді. Өкпе сабауы, қолқа, оң және сол жүрекшелер, оң қарынша қабырғаларын, сол қарыншаның артқы қабырғасын, жүрекшеаралық, қарыншааралық тармақтарды қандандырады.
Сол тәждік артерия: оңға қарағанда үлкен, қолқаның сол деңгейінен басталып, өкпе сабауының артымен жүріп, тәждік жүлгенің өкпе сабауы бойында 2 тармаққа бөлінеді:
1.Алдыңғы қарыншааралық тармақ-негізгі сабаудың жалғасы, миокард қолыңдығына батырылады. Диагональді тармақ беріп, кейде сол тәждік артерия сабауынан басталуы мүмкін.
2.Қайырылма тармақ: сол құлақшадан шығып, жүретің сол тәждік жиегімен жүріп, сол қарыншаның артқы қабырғасына тармақтар береді. Тәждік артериялар өзара анастомоз құрайды. Өкпе сабауы, қолқа, оң және сол жүрекшелер қабырғасын, оң және сол қарыншалардың алдыңғы қабырғаларын,сол қврыншаның артқы қабырғасын, жүрекшеаралық, қарыншааралық тармақтарды қандандырады.
Жүректің веналары: Жүрек веналарының көп бөлігіт қанды резевуар тәждік қойнауға әкеледі, оң жүрекше қуысының артқы бөліміне ашылады.

  1. Тәждік қойнау-ұз 2-3 см артқы тәждік жүлгенің артқы бөлігінде орналасқан.Тәждік қойнау жапқышымеен қапталған. 2. Жүректің үлкен венасы-алдыңғы қарыншааралық жүлгеде жатады. Жүректің сол жиегін қоршап жатады. Сол қарыншаның артқы венасына құйылады. 3. Сол жүрекшенің қиғаш венасы – сол жүрекшенің бүйір қабырғасынан басталып, тәждік қойнауға құяды. 4. Сол қарыншаның артқы венасы. 5. Жүректің ортаңғы венасы: Жүректің алдыңғы ұшынан бастаалады. 6. Жүректің кіші венасы- сол жүрекше мен оң қарыншаның ортақ бүйірінен басталады, жүректің ортаңғы венаасныа ашылады.7. Жүректің алдыңғы веналары- әр түрлі көлемд. Оң қарыншаның алдыңғы аймағынан басталып, оң жүрекшеге тікелей ашылады. 8. Жүректің ең кіші веналары- жүректің әртүрлі бөлігінен қанды жинайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет