13.Ішкі ұйқы артериясы, оның топографиясы, тармақтары. Көз артериясы, оның тармақтары. Ішкі ұйқы артериясы, а. carotis interna, жалпы ұйқы артериясының жалғасы болып табылады. Бас сүйек негізіне көтеріліп, самай сүйектегі — canalis caroticus-ке енеді. Мойын аймағында тармақталмайды; басталатын жерінде дорсалды қолқаның латералды орналасқан сабауынан дамуына сәйкесті, a. carotis externa-дан сыртқа қарай жатады, алайда көп ұзамай оның медиалды бітене ығыса бастайды. Ішкі ұйқы артериясы canalis caroticus-тің иілгендігіне қарай онда алдымен тік жүріп, содан кейін алдыңғы медиалды бағытта иіліп самай сүйектің ұшында, Foramen lacerum жанында бас сүйек қуысына енеді; жоғары қайырылып, сына тәрізді сүйек арқылы түрі ершігінің түбі деңгейінде қайтадан алға бұрылып,кеуекті қойнау қабаты арқылы өтіп, canalis opticus қасында соңғы рет жоғары және сәл артқа қарай иілім жасап, бірінші тармақты – a.ophthalmica –береді де, содан кейін қатты және торлы қабықты тесіп, ақырында өзінің соңғы тармақтарына бөлінеді.
A. carotis іntеrnа-ның тармақтары: 1.Дабыл қуысына өтетін rr. caroticotympanici.ұйқы-дабылдық артерия
2. А. ophthalmica – көз артериясы, canalis opticus арқылы п. opticus-пен бірге
көұясы қуысына өтіп, сол жерде өзінің соңғы тармақтарына бөлінеді. Көзұясына дейінгі жолында бірнеше тармақ береді.
А. ophthalmica тармақтары :
1) мидың қатты қабығына баратын, a. meningea media-мен жалғасып кететін
тармақтар;
2) көз жасы безіне баратын a. lacrimalis;көз жас артериясы
3) көз алмасына баратын артқы кірпік артериясы— көздің тамырлы қабығында аяқталады;
олардың арасында торлы қабықтың ортаңғы артериясы көру жүйкесіне өтіп,сонымен бірге
торлы қабықта тармақталады;
4) көз алмасы бұлшықеттеріне баратын тармақтар;
5) қабақтарға баратын, алдыңғы-артқы торлы артериялар
6) мұрын қуысының шырышты қабықшасына аа. ethmoidales et posterior- лар
барады;
7) a. Supraorbital көзұя үсті— көзұясынан incisura supraorbitalis арқылы шығады;
8) a. dorsales nasi Мұрынның сыртқы артериясы – мұрын қырының жиегімен төмен кетеді.