1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы


Жүрекке кіретін және жүректен шығатын ірі тамырлар. ҚАШ(қан айналым шенбері). 73



бет11/116
Дата24.04.2023
өлшемі268,37 Kb.
#86141
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   116
Байланысты:
1. Æ?ðåê, äàìóû, òîïîãðàôèÿñû, øåêàðàëàðû, æ?ðåê ?à?ïà?òàðûíû? à

3. Жүрекке кіретін және жүректен шығатын ірі тамырлар. ҚАШ(қан айналым шенбері). 73
Үлкен қанайналым шеңберлері солжақ қарыншадан аортадан басталады. Аорта және оның тармақтары арқылы артериялық қан бүкіл организмге тарайды. Ағзаларға микроциркуляциялық арна деңгейіне газ және заттек алмасу процесстері жүреді. Үлкен қанайналым шеңбері жоғарғы және төменгі қуыс веналармен оңжақ жүрекшеде аяқталады. Осы аталған функциялық анатомиясына сәйкес, үлкен және кіші қанайналым шеңберінің төмендегідей атқаратын негізгі жұмыстарын атауға болады: оттегі мен қоректік заттектерді ағзаларға тасымалдау, ағзалардағы газ және заттек алмасу процесстерінің жүруі,веналық қанды жүрекке әкелу, метаболизм өнімдерін шығарушыжәне иммундық жүйе ағзаларына жеткізу.
Қолқа, aorta - адам денесіндегі ең ірі артериялық сабау. Ол сол қарыншадан шығады; басталу орны - қолқа тесігі, ostium aortae. Қолқадан үлкен қанайналым шеңберін құрайтын барлық артериялар тармақталады. Қолқа өрлемелі қолқа, aorta ascendin, қолқа доғасы, arcus aorta және төмендемелі қолқа, aorta descendng, болып бөлінеді. Төмендемелі қолқа, aorta descendens, өзі қолқаның кеуделік бөлігіне, aorta thoracica, және қолқаның іштік бөлігіне, aorta abdominalis, бөлінеді.
Қолқаның өрлемелі бөлігі
Қолқаның өрлемелі бөлігі, aorta ascendens сол қарыншаның артериялық конусының жалғасы және қолқа тесігінен басталады. Төстің сол жартысының артында, 3 қабырғааралық деңгейінде, жоғары, кішкене оң және алға бағытталып, оң II қабырға шеміршегі деңгейіне жетіп, қолқа доғасына жалғасады. Қолқаның өрлемелі бөлігінің бастапқы жағы кеңейген, оны колқа буылтығы, bulbus aortae, дейді. Буылтықтың қабырғасы үш жартыайлы қакпақтың орналасуына келетін үш көтеріңкіні - қолқа қойнауларын, sinus aortae, түзеді. Бұл қойнауларды, қақпақтар сияқты оң, сол және артқы деп белгілейді. Оң қойнаудан оң тәждік артерия, a.coronaria dextra, солдан - сол тәждік артерия, a.coronaria sinistra, басталады.
Қолқа доғасы
Қолқа доғасы, arcus aortae, шығыңқы жағымен жоғары қараған және алдан артқа бағытталып, қолқаның төмендеген бөлігіне өтеді. Өткен жерінде кішкене тарылу байқалады, ол қолқа қылтасы, isthmus aortae, атауын алады. Қолқаның бұл тарылған жеpi қолқа доғасы мен қолқаның төмендемелі бөлігінің басталған шекарасында, қолқа доғасынан сол бұғанаасты артериясыныц тармақталған орнынан қолқаның төмендеген бөлігіне ауысқанға дейін орналасады. Қолқа доғасы оң II қабырға шеміршегінен III-IV кеуде омыртқалары денелерінің сол бетіне бағытталады.
Қолқа доғасынан 3 ірі тамыр: иық-бас сабауы, truncus brachiocephalicus, сол жалпы ұйқы артериясы, a. carotis communis sinistra, сол бұғанаасты артериясы, a. subclavia sinistra, тармақталады.
- Иық-бас сабауы, truncus brachiocephalicus, қолқа доғасының бастапқы бөлігінен тармақталады. Ол - ірі тамыр, ұзындыгы 4 см-дей, жоғары және оң көтеріліп, оң кеудебұғана буыны тұсында екі тармаққа: оң жалпы ұйқы артерияға, a. carotis communis dextra, және оң бұғанаасты артерияға, a.subclavia dextra, бөлінеді. Кейде иық-бас сабауынан ең төменгі қалқанша артериясы, a. thyroidea ima, шығады. - Кейбір жағдайларда келесі даму варианттары кездеседі:
1) иық-бас сабауы болмайды, бұл жағдайда оң жалпы ұйқы және оң бұғанаасты артериялары тікелей қолқа доғасынан шығады;
2) иық-бас сабауы оң жақтан емес, сол жақтан шығады;
3) ең сирек 2, оң және сол иық-бас сабауы кездеседі.
Қолқаның төмендемелі бөлігі
Қолқаның төмендемелі бөлігі aorta ascendens, қолқа доғасының жалғасы, III-IV кеуде омыртқалары денелерінен IV бел-омыртқаға дейін орналасып, оң және сол жалпы мықын артерияларға, аа.іlіасае communes dextra et sinistra, бөлінеді,өзі кіші жамбас қуысына жіңішке сабауша-орталық сегізкөз артериясы түрінде жалғасып, сегізкөздің алдыңғы бетінде жатады. XII кеуде омыртқа деңгейінде көкеттің қолқалық тесігінен өтіп, hiatus aorticus, іш қуысына түседі. Қолқаның төмендеген белігінің көкетке дейінгі бөлігі қолқаның кеуделік бөлігі, aorta thoracica, көкеттен төмен - қолқаның іштік белігі, aorta abdominalis, деп аталады.
Аорта доғасының қысыңқы бетінің тармақтары:
1) бронхтық тармақтар(rr.bronchiales)
2) айыршабез тармақтары(rr.thymicae)
Аорта доғасының шығыңқы бетінің тармақтары: үшеу, жоғары бағытталған, оңжақтан солжаққа қарай есептегенде – иықбас сабау (truncus brachiocephalicus), солжақ жалпы ұйқы артерия (a.carotis communis sinistra), солжақ бұғанаасты артериясы (a.subclavia sinistra):
1) иықбас сабауы (truncus brachiocephalicus)
2) солжақ жалпы ұйқы артериясы (a.carotis communis sinistra)
3) солжақ бұғанаасты артериясы (a.subclavia sinistra)
Кіші қанайналым шеңбері тамырлары, жалпы сипаттама, олардың өкпеде таралу заңдылықтары.
Өкпе сабауы (truncus pulmonalis) веналық қанды онжақ қарыншадан өкпеге апаратын қантамыр.Өрлемелі аортаның алдында және сол жағында орналасады.Өйткені артериялық сабаудың truncus arteriosus вентралық бөлігінен дамиды.Аорта доғасының астында ,IV-Vкеуде омыртқалар тұсында немесе сол жақ II қабыртқалық деңгейінде екі соңғы тармақтарына-оң жақ өкпе артериясы және сол жақ өкпе артериясына бөлінеді.Оңжақ және сол жақ өкпе артериялары ,ұрықтық кезенде VI желбезек артериялық доғалардан дамиды. Өкпе сабауы өзіннің екіге бөлінген жеріне дейін перикард жапырақшасымен қапталған.Өкпе сабауының екіге бөлінген жерінен немесе сол жақ өкпе артерияларының аорта доғасының қысыңқы бетіне дәнекер тінді жіпше (lig.arteriosum )жалғасады.
A.pulmonalis dextra ұзындау және өрлемелі аорта мен жоғарғы қуыс венаның артқы жағымен өтіп, оңжақ өкпеге жалғасып, солжақ өкпеге артериясы төмендемелі аортаның алдымен өтіп, солжақ өкпеге барады.Өкпе қақпасынан кіргеннен кейін .A.pulmonalis dextra және .A.pulmonalis sinister бронхтардың бөліну реттеріне сәйкес –үлестік,сегменттік,субсегменттік, үлесшелік және терминалдық артерияларға бөлінеді. Өкпе веналары оң және сол vv.pulmonales dextrae et sinistrae.Әрбір өкпе қақпасынан екеуден шығып,артериялық қанды алып шығады.Әрбір жұптың ішінен өкпенің жоғарғы венасы ажыратылады. Олардың барлығы өкпе қақпасынан шыққан бетте көлденең бағытта сол жүрекшеге барады.Өкпе қақпасында өкпе артериясы,басты бронх және өкпе веналары өкпе сыртқы бөліктен өкпе ішкіге өткенде бірнеше тармақтарға бөлінеді.Бұл тармақтар топталып,өкпенің жекеленген үлестерінің түбірін құрайды.Әр үлестің қақпасы,өкпенің қақапасы сияқты ұңғыл тәрізді,сыртқы пішіні мен тереңдігі дербес өзгермелі.Оң өкпенің жоғарғы үлесінің қақпасында 2-3 артериялық тармақ,соншама веналық тармақтар және бір бронх жиі кездеседі.Ортаңғы үлесінің қақпасында 2 артериялық тармақ,бір веналық тармақ және бір бронх орналасады.Төменгі үлесінің қақпасында 2 артериялық,2веналық тармақ және ә бронх бар.Сол өкпенің жоғарғы үлесінің қақпасында өкпелік артерияның 3-4 тармағы, өкпелік веналық 2-3 тармағы, және 2 бронх бәрінен жиі кездеседі.Төменгі үлесінің қақпасында 3 артериялық тармақ,2-3 веналық, 2 бронх бар.
Артериялық анастомоздар- бір артерия тармағының басқа артерия тармақтарымен қосылуы.Жүйеаралық және жүйеішілік анастомозар болады.Жүйаралық анастомозға ірі артерия тармақтарының қосылысы жатады.Жүйеішілік анастомоз-бір ірі артерия тармақтарының бір бірімен қосылуы. Коллатералық қанайналым-магистралды қантамырдың бітеліп қалғанда,қанның жанама қантамырлармен ағуы.
Кіші қанайналым шеңбері төрт өкпе венасымен сол жақ жүрекшеде аяқталады.Функциясы-өкпеде внеалық қанды артериялық қанға айналдыру,яғни қанның оттегіне қанығуы және қаннан көмірқышқыл газын сыртқа шығару.
Жүректің артериялары
Оңжақ коронарлық артерия (a.coronaria dextra) өрлемелі аортадан,оңжақ құлақша мен өкпе сабауының аралығында басталады,оның тармақтары;
-артқы қарыншааралық тармақ (r.interventricularis posterior) оңжақ коронарлық артерияның соңғы тармағы,өзі аттас жүлгеге орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет