3.Сол жақ жүрекше ( atrium sinistrum ) оң жақ жүрекшеге қарағанда жінішкелеу және ұзындау ; арткы жағы төмендемелі аортамен және өңешпен жанасады: Солжак жүрекшеге кіретін қантамырлар өкпе веналары ( vv.pulmonales ) ( төртеу ) , жүрекшеге екі - екіден оң жақ және сол жақтан жалғасады : Солжақ құлақша ( auricula sinistra ) солжақ жүрекшенің қосымша Қуысы, аорта мен өкпе сабауын солжағынан айналып орналасқан. Жүрекшеаралық қалка ( septum interatriale ) Қырлы бұлшықеттер ( тт.pеctіnаtі ) солжақ құлақшаның ішкі бетінде орналаскан. Солжақ жүрекше - карынша тесігі ( ostium atrioventriculare sinistrunt ) сол жақ қарыншаға ашылады. Солжақ жүрекше - карынша какпакшасы ( косжармалы , митралді ) ( valva atrioventricularis sinistra ) ( bicuspidalis , mitralis ) , өзі аттас тесікте орналасады: а ) алдыңғы жарма ( cuspis anterior )
б ) арткы жарма ( cuspis posterior ) деп аталады. 4.Сол жак карынша ( ventriculus sinistrer ) конус пішінді , қабырғасының қалыңдығы оң жақ қарыншаға қарағанда 2-3 есе қылыі. Бұл айырмашылықтың себебі, сол жақ қарыншының оңжақ қарыншамен салыстырғанда жоғарғы қысыммен, яғни үлкен жүктемемен жұмыс атқаруынан болады. Етті трабекулалар ( trabeculae carneae ) жүрек ұшында жақсы жетілген. Алдынғы және артқы емізікшелік ( бүртікті ) бұлшықеттер ( mm . papillares ) , олардың пішіні және құрылысы оң жақ қарыншаның емізікшелік ( бүртікті ) бұлшықеттеріне ұқсас болады Сіңірлі жіпшелер ( chordae tendineae ) әр емізікшелік бұлшыкетті қақпақшаның екі ( алдыңғы және артқы ) жармасымен қосады. Аорта тесігі ( ostium aorticum ) , солжақ қарыншаның аорта тесігіне жақын жатқан бөлігін артериялық конус ( conus arteriosus ) деп атайды. Аорта қақпақшасы ( valva aortae ) үшеу , өзі аттас тесікте орналасады: артқы жартылай жапқышы ( valvula semilunaris posterior ) аорта тесігінің артқы үштен бір бөлігінде орналасқан, -онжак жарты ай жапқышы ( valvula semilunaris dextra ) аорта тесігінің алдыңғы онжакжағында жатады ; -солжақ жартыай жапқышы ( valvula semilunaris sinistra ) аорта тесігінің алдынғы сол жақтағында орналасқан. Жартыай жапқышының ұяшығы ( lunulae valvularит semilunarum ) немесе аорта синусы ( койнауы ) ( sinus aortae ) жапқыш пен аорта қабырғасының арасындағы ұяшық : Жапқыштық түйінше ( поdulus valvulae semilunaris ) , әр жапкыштың бос жаткан жиегінің жуанданған жері және өкпе сабауының жапқыштық түйіншесіне қарағанда айқын көрінеді ; түйіншелер жапқыштардың тығыз қабысуын қамтамасыз етеді. Оңжаң және сол жақ коронарлық артериялар ( acoronaria dextra et a.coronaria sinistra ) аорта қақпақшаларының жоғарғы жиегінен төмен аорта синусы аймағынан басталады ; сол себепті , қарыншалардың диастола кезінде жүрек қанмен жақсы жабдықталады , өйткені , осы уақытта аорта қақпақшалары толық жабылады да , аорта бойындағы қанның кері локсуынан ( жоғарғы қысымның болуынан ) коронарлық артериялар арқылы артериялық қан жүректің қабырғасына оңай өтеді , ал қарыншалардың ашылады систоласы кезінде аорта жапқыштары коронарлық артериялардың тесіктерін жауып қалады , сөйтіп , жүректің қабырғасына артериялық қан толық өте алмайды.