Байланысты: 1. Æ?ðåê, äàìóû, òîïîãðàôèÿñû, øåêàðàëàðû, æ?ðåê ?à?ïà?òàðûíû? à
2.Оңжак карынша( ventriculus dexter) үшбұрышты пирамида пішінді , негізі жоғары караған ( кабырғасының қалыңдығы 5-7 мм ). Қуысы негізінен екі бөлікке бөлінеді : А)денесі ( corpus ) оңжақ жүрекше - карынша тесігіне (ostium atrioventriculare dextrum ) жакын бөлігі Б)артериялық конус ( кұйғыш ) ( conus arteriosus ) ( infundihulum ) , өкпе сабауынын тесігіне жакын , оң жақ қарыншаның алдыңғы жоғарғы бөлігі Қарыншааралық қалқа ( septum interventriculare ) -бұлшықеттік бөлігі ( pars muscularis ) төменгі бұлшықетпен түзілген көп бөлігі және екі жағынан эндокардпен жабылған ; -жарғақтық бөлігі ( pars membranacea ) жоғарғы қалған шамалы бөлігі , екі жағы эндокардпен қапталған фиброзды тінмен түзілген , осы жерде адамдарда туа біткен ( саңылау , тесік ) ақаулар кездесуі мүмкін : 1.Етті трабекулалар ( trabeculae carneae ) артериялык конуста болмайды, ол жердің беті тегіс , ал карыншаның қалған беті бұдырлы , ішке карай шығыңқы жатқан трабекулалар түзейді ; 2.Алдыңғы , артқы және қалқалық емізікшелік ( бүртікті ) бұлшықеттер ( mnt . papillares ) конус тәрізді , ұшы қарынша қуысына шығыңқы жатады , ал негізі оның қабырғасына өтіп бекіген ; 3.Сіңірлі жіпшелер ( chordae tendineae ) емізікшелік бұлшықеттерді оңжак жүрекше - қарынша қақпақшасының жармаларымен қосады : Алдыңғы емізікшелік бұлшықет , ең үлкені – сіңірлі жіпшелер арқылы алдыңғы және артқы жармаларымен қосылған , артқы емізікшелік бұлшықет , кішілеуі – артқы және калкалық жармалармен қосылады. Қалқалық емізікшелік бұлшықет , кейде болмауы мүмкін жағдайда алдыңғы жармамен қосылады. Өкпе сабауының тесігі ( ostium trunci pulmonalis ) одан жоғары қарай өкпе сабауы ( truncus pulmonalis ) басталады. Өкпе сабауынын қақпақпалары ( valva trunci pulmonalis ) үшеу , өкпе сабауының тесігінде орналасады : алдыңғы жартыай жапқышы ( valvula semilunaris anterior ) өкпе сабауы тесігінің алдыңғы үштен бір бөлігінде орналасқан,онжақ жартыай жапқышы ( valvula semilunaris dextra ) артқы онжак үштен бір бөлігінде жатады , солжак жартыай жапқышы ( valvula semilunaris sinistra ) артқы сол жак үштен бір бөлігінде орналасқан. Жартыай жапқышының ұяшығы ( lunulae valvularит semilunarum ) жапқыш пен өкпе сабауы қабырғасының арасындағы ұяшық. Жапкыштын түйіншесі ( nodulus valvulae semilanaris ) әр жапқыштың бос жатқан жиегінің жуанданған жері, түйіншелер жапкыштардын тығыз кабысуын қамтамасыз етеді.