1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы


III, IV, VIжұпминервтері. Көзалмасыныңнервтенуі



бет76/116
Дата24.04.2023
өлшемі268,37 Kb.
#86141
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   116
Байланысты:
1. Æ?ðåê, äàìóû, òîïîãðàôèÿñû, øåêàðàëàðû, æ?ðåê ?à?ïà?òàðûíû? à

75. III, IV, VIжұпминервтері. Көзалмасыныңнервтенуі. 100%
ІІI - ші жұп : көзқимыл нерві n.oculomotorius -жеке өзі таза қимыл нерв болып саналады, сонымен катар құрамында вегетативтік талшықтар бірге жүретіндіктен аралас нервтер катарына жаткызамыз;
Ядроларына келсек 3ядросы бар:
1) көзқалтқыш нервінің ядросы ол nucleus n.oculomotori деп аталып - қимыл ядросы саналады, ортаңғы мидың жоғарғы төбешіктерінде орналасқан
2) көзқимыл нервінің косалқы ядросы ягни- nucleus accessorius n.oculomotorii немесе Якубович ядросы деп аталады сонымен катар ол парасимпатикалық ядро катарына жатады
3) сыңар орталық ядро – nucleus centralisimpa немесе Перли ядросы - бұлда парасимпатикалық ядроға жатады, Якубович ядросымен бірге орналасады
мидан шығатын жеріне токталып өтсек : fossa interpeduncularis тен шыгып әрі қарай көзқимыл нервісінің жүлгесі sulcus oculomotorius арқылы багытталады
бассүйегінен шығатын жері : fissura orbitalis superior арқылы шығып, көзұясына өтеді ;
3 тармактары бар
1.Жоғарғы тармақ – ramus superior : көз алмасының m.rectus superior және m.levator palpebrae superior -ды иннервациялайды ;
2.Төменгі тармақ – ramus inferior: көз алмасының - m.rectusinferior, m.rectusmedialis және m.obliquusinferior- ды иннервациялайды ;
3. Көзқимыл нервінің түбіршігі – radix oculomotoria ол ramus inferior – дан бөлініп вегетативтік кірпікті түйінге қосылатын түбіршік оның құрамында парасимпатикалық Якубович және Перли ядроларынан басталатын прегангилік нерв талшықтары болады
прегангилік талшықтар n.oculomotorius тен бөлектеніп вегетативтік кірпік түйінінде ягнт ganglion ciliare -де аяқталады
-ganglionciliare - ден постганглийлік талшықтар шығады сонымен катар ол m.ciliaris et m.sphincterpupillae –ты иннервациялайды , яғни аталған бұлшықеттерді жиырылтып аккомодацияға ягни жақын - алыстан айқын көруге және қарашық рефлексына қарашықтардың тарылуына қатынасады.
Кірпік түйіні – ganglion ciliare көзұясының артқы бөлімінде орналасқан, сопақша келген парасимпатикалық түйін.
Бұл жүйке ІІI - ші жұп зақымданған кезде птоз ягни жоғарғы қабақтың салбырап қалуы, әр түрлі көз қиығы (антагонистік бұлшықеттердің сақталған тонымен көзді сыртқа және төмен қарай «тарту» нәтижесінде), мидриаз (көз қарашығының кеңеюі), диплопия (екі жақты көру), аккомодация салдануы, конвергенцияның бұзылуы, экзофтальм ( орбитадан тыс көз) - бұл паралич көз бұлшықеттерінің атониясының нәтижесі.
ІV - ші жұп : шығыршық нерві - n.trochlearis -қимыл нерв болып табылады.
жалғыз сомалық қимыл ядросы бар, төменгі төбешіктер – colliculii feriores деңгейінде орналаскан
мидан шығатын жері : төменгі төбешіктердің – colliculii feriores - тың артында, жоғарғы ми желкені жүгеншiгiнiң жанынан шығып, ми аяқшаларын латералді жағынан орап өтеді
n.trochlearis — мидың дорсалді бетінен шығатын жалғыз ми нерві болып саналады.
бассүйектен шығатын жері : fissura orbitalis superior арқылы шығып , көзұясына өтеді
-тармақтары және нервтендіретін ағзалары : көз алмасының тек жоғарғы қиғаш бұлшықетін m.obliquussuperior - ды нервтендіреді көз алмасын төмен және сыртқа шығарады. Өзек Сильвия су арнасының төменгі жағында төртбұрыштың артқы дөңес деңгейінде орналасқан. Блоктық жүйкенің оқшауланған зақымдануы кезінде страбизм мен қосарланған көру аяқ астынан қараған кезде, пациент баспалдақтан түскенде пайда болады.
VI - шi жұп : әкететін нерв - n . abducens -таза қимыл нерв ;
ядросы n. abducens - тың жалғыз сомалық қимыл ядросы- nucleus motorius n.abducens ромбтәрізді шұңқырдың бет төмпешігі аймағында проекцияланады
мидан шығатын жері : мидың вентралді жағында пирамида мен көпір аралығынан шығады
бассүйектен шығатын жері : fissura orbitalis superior арқылы шығып, көзұясына өтеді
тармақтары және нервтендіретін ағзалары : көз алмасының тек латералді тік бұлшықетін m.rectuslateralis - ты нервтендіреді, бұл көзді сыртқа шығарады. Өзек Вароли көпірінде орналасқан. Бұл жүйке зақымданған кезде конвергенциялы страбизм дамиды - көз алмасы ішке қарай бұрылып, зақымдану бағытында екі есе көру күшейеді.
III, ІV , VI жұп нервтердің толық параличі кезінде көз алмасының қозғалысы болмайды - жалпы офтальмоплегия. Тек кіші жасушалы ядролардың оқшауланған зақымдалуымен ішкі бұлшықеттердің функциялары ғана жоғалады - ішкі офтальмоплегия. Сыртқы үлкен жасушалы ядролар ғана зақымданғанда, сыртқы офтальмоплегия



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет