1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы


Кеуделік қолқа, оның қабырғалық (париеталық) және ағзалық (висцералық) тармақтары, олардың қанмен қамтамасыз ету аймақтары



бет19/116
Дата24.04.2023
өлшемі268,37 Kb.
#86141
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   116
Байланысты:
1. Æ?ðåê, äàìóû, òîïîãðàôèÿñû, øåêàðàëàðû, æ?ðåê ?à?ïà?òàðûíû? à

10. Кеуделік қолқа, оның қабырғалық (париеталық) және ағзалық (висцералық) тармақтары, олардың қанмен қамтамасыз ету аймақтары. 83
Кеyделiк қолқа, aorta thoracica, артқы көкiрекаралықта орналасып,омыртқа жотасында жатады. Кеудeлiк қолқа өзiнің жоғарғы бөлiмiнде омыртқа жотасыньң сол жағында, ол төмeн бағытталып кiшкенe оңға жылжиды. Іш қуысына өткенде орталық сызықтан солырақ орналасады. Кеyделік қолқаға оңынан кеyде тyтiгі, ductus thoracicus және сыңар вeна, v. azygos, солынан - жартылайсыңар, v.hemiazygos, алдынан сол бронхы жанасады. Өнештiң жоғарғы yштен бір бөлігi қолқадан оң, ортаңғы бөлiгi - алдында, ал төменгi бөлiгі - сол орналасады. Кеyделiк қолқадан висцeралдi және париеталді тармақтар таралады.
Висцералді тармақтар
1. Бронхтық тармақтар, rr.bronchioles,кеyделiк қолқаның бастапқы бөлiгінiң алдыңғы қабырғасынан екеy немесе yш-төрт тармақ тyрiнде таралып, өкпe қақпағына кiрiп, бронхтармeн біргe тармақталады.Бронхтық тармақтардың соңғы тармақшалары бронхтық лимфа тyйіндеріне, жyрекқапқа, өкпeқапқа жэне өнeшке бағытталады.
2. Өнештік тармақтар, rr. esophagei,3-6 тармақ түрінде өңешке бағытталып, жоғарылаған және төменденген тармақтарға бөлінеді. Өнештік тармақтар төменгі болімінде сол асқазан артериясымен, a. gastrica sinistra, жоғарғы бөлімінде - төменгі қалқанша артериясымен, a. thyroidea inferior, анастомозданады.
3. Көкірекаралық тармақтар, rr. mediastinales, қолқаның алдыңгы және бүйір беттерінен басталатын бірнеше ұсақ тармақтар, көкірекаралықтың дәнекер тіні мен лимфа түйіндерін қанмен қамтамасыз етеді.
4. Жүрекқаптық тармақтар, rr. pericardiaс/-жүрекқаптың артқы бетіне бағытталатын саны түрақсыз үсақ тармақтар.
Қабырғалық тармақтар
1. Жоғарғы көкет артериялары, aa. phrenicae superiores, кеуделік қолқаның төменгі бөлігінің алдыңгы қабырғасынан екеу есебінде басталып, көкеттің бел бөлігінің жоғарғы бетіне бағытталады.
2. Артқы қабырғааралық артериялар (ІІІ-ХІ), aa. intercostales posteriores (IIIXI), айрықша ірі тамырлар, саны 10 жұп, барлық деңгейде кеуделік қолқаның артқы бетінен басталады. Олардын тоғызы III пен XI қабырға аралық кеңістікте жатады. Ал төменгілері XII қабырғаның астында жүреді, сондықтан олар қабырғаасты артериялары, aa. subcostales, деп аталады. Қабырғаасты артерияларының артқы тармағын, ramus dorsalis, және жұлындық тармағын, ramus spinalis, ажыратады.Оң қабырғааралық артериялар солдан сәл ұзынырақ, себебі қолқа бұл жерде ассиметриялық түрде, омыртқа жотасының сол бетінде орналасады.
Әрбір қабырғааралық артерия қабырға басына жеткен соң екі тармаққа: кішірек сыртқы тармақ, г. dorsalis, және ірірек алдыңғы тармақ, r. anterior, немесе меншікті кабырғааралык тармаққа бөлінеді.
а) Арткы тармақ, r. dorsalis, кабырға мойнының астынан, оның жалғамалар арасынан (lig. costotransversarium) тұлғаның артқы бетіне бағытталады; омыртқааралық тесік арқылы жұлынға жұлындық тармақ, к spinalis, ол омыртқа өзегінде жоғары және төменгі орналасқан аттас тамырлармен және қарама-карсы жақтағы аттас тармақпен анастомозданып, жұлын аймағында артериялық сақина түзеді. Ол сонымен қатар жұлын қабықтары мен омыртқаларды қанмен қамтамасыз етеді. Артқы тармақтардың соңғы сабаулары артқа қарай жүріп, бұлшықеттік тармақтар береді. Кейін әрбір соңғы сабау екі тармаққа: медиалді терілік тармақ, r. cutaneus medialis, және латералді терілік тармақ, і: cutaneus lateralis, бөлінеді. Медиалді терілік тармақ кылқанды өсінді аймағының терісін қанмен қамтамасыз етіп, өз жолында т. longissimusке жэне т. semispinalis-ке бұлшықеттік тармақтар береді. Латералді терілік тармақ, арқаның бүйір бөліміндегі терісін қанмен қамтамасыз етіп, т. iliocostalis-ке бүлшықеттік тармақтар береді.
б) Қабырғааралық артерияның алдыңғы тармағы меншікті қабырғааралық артерия болып саналады, кішкене жоғары бағытталып, сыртқы қабырғааралық бұлшықеттің ішкі бетінде жатады, осы жерде тек кеуде фасциясы мен кабырғалық өкпеқаппен жабылган. Кейін меншікті қабырғааралық артерия қабырға бұрыштары аймағында төменгі және жоғарғы қабырғалық тармақтарға шашырайды. Ірілеуі - төменгі қабырғалық аймағы, меншікті қабырғааралық артерияның тікілей жалғасы, sulcus costae, орналасады; жіңішкелеуі, жоғарғы қабырғалық төмен жатқан қабырғаның жоғарғы жиегінде жүреді.
Екі тармақ қабырғалар бүрышынан басталып, қабырғааралық кеңістікте жүреді және rr. intercostales anteriores a. Thoracicae internae (a. subclavia қараңыз) анастомоз түзеді. Жетінші мен екінші қабырғааралық артериялардың соңғы тармақтары қабырғалық доғаның жиегін кесіп өтіп, іштің жалпақ бұлшықеттері қабаттарының арасына шығады және іштің жалпақ және тік бүлшықеттерін қанмен қамтамасыз етіп, жоғарғы және төменгі құрсақүсті артерияларының, aa. epigastricae superior et inferior, тармактарымен анастомозданады. Қабырғааралық артерия өз жолында үш түр тармақ: латералді терілік тармақтар, r. cutaneus lateralis, медиалді терілік тармақтар, r. Custaneus medialis, және сүт бездерінің тармақтарын, rr. mammarii, береді. Латералді терілік тармақтар қабырғааралық немесе іштің жалпақ бұлшықеттерін тесіп өтіп, теріасты қабатына шығады. RR. cutanei mediates et rr. mammarii IV, V, VI қабырғааралық артериялардан тармақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет