16.Қолтық артериясы, оның топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету
аймақтары.
Қолгық артериясы a. axillaris деп аталады. Ол қолтық шұңқырында орналасқан. Ол a.
subclavia яғни бұғанаасты артериясының жалғасы болып табылады. Орналасады
бұғананың төменгі жиегінен үлкен кеуде бұлшықетінің төменгі жиегіне дейін. Осы
жерден ары қарай иық артериясына a. brachialis жалғасады. Қолтық артериясын үш
бөлікке бөледі. Олар бүғана - кеуде үшбұрышына сәйкес бөлік, кіші кеуде бұлшықеті
деңгейіне сәйкес, кеудеасгы үшбұрышы деңгейіне сәйкес бөліктер. Қолтық артериясының
бірінші бөлігі артерияныц ішінен және алдынан бұғанаасты венасы латынша v. subclavia,
алдынан және сыртынан - иық өрімінің сабаулары латынша plexus brachialis орналасады.
Ал оның тармақтарына келсек. Ең жоғаргы кеуде артериясы латынша а. thoracica suprema.
Ол бұғананың төменгі жиегінде басталады да медиалді және төмен бағытталады. Сонымен
қоса екі жоғарғы кабырғааралык, алдыңгы тісті, кеуде бұлшықеттеріне тармақ береді және
сүт безіне де. Кеуде - акромион артериясы a. thoracoacromialis кіші кеуде бұлшықетінің
жоғарғы-медиалді жиегінде басталын, ол өзі жеке тармақтарга бөлінеді. Олар акромион
тармагы
ramus acromialis, ол үлкен кеуде және дельтатәрізді бұлшыкеттерді қанмен
қамтамасыз етеді. Бұғаналық тармақ r. clavicularis ал бұл бұғанаасты бұлшықетін қанмен
қамтамасыз етеді. Кеуделік тармақтар rr.pectorales. Дельтагәрізді тармақ латынша r
deltoideus ол m. pectoralis major мен m.deltoideus тарды қанмен қамтамасыз етеді. Ендігі
екінші бөлігі кеуде бұлшыкетінің артында орналасып, иық өрімімен артынан, медиалді
және латералді қоршалады. Бұл бөлігінен бір ғана тармақ таралады, ол
латералді кеуде
артериясы. Латынша a. thoracica lateralis және ол қолтық артериясының төменгі
перифериясынан басталады. Одан соң төмен багытталып бірінші кіші кеуде бұлшықетінің
артында, содан соң алдыңғы тісті бұлшықеттің сыртында жатады. Бұл жерде артерия
қолтық шұңқырындағы лимфа түйіндері мен шелмайды, сонымен қоса алдыңғы тісті, кіші
кеуде бұлшықеттерін, сүт безін қанмен қамтамасыз етеді. Ал үшінші бөлігі үлкен кеуде
бұлшықетінің артында, жауырынасты бұлшықеті мен арқаның жалпақ бұлшықеті
сіңірінде және үлкен жұмыр бұлшықетте орналасқан. Осы артерияның сыртынан
құстұмсық-иық бұлшықеті қоршаған. Енді тармақтарына келсек. Олар негізгі үш тармақ
жауырынасты артерия латынша a. subscapularis, тоқпан жіліктіц алдыцгы айналма
артериясы, a. circumflexa humeri anterior және соңғысы тоқпан жіліктің артқы айналма
артериясы a. circumflexa humeri posterior деп аталады. Жауырынасты артерия a.
subscapularis ол жауырынасты бұлшықеттің төменгі жағынан басталады да төмен
багытталады. Ол екі тармаққа бөлінеді, олар жауырынның айналма артериясы латынша a.
circumflexa scapulae, ол mm. subscapular is, teres major et minor, latissimus dorsi, deltoideus,
infraspinatus қанмен қамтамасыз етеді. Сонымен қоса a. transversa colli жэне a.
suprascapularis тармақтарымен анастомоз түзеді. Және екіншісі кеуде-арқа артериясы ол a.
thoracodorsalis деп аталады. А. circumflexa humeri anterior яғни тоқпан жіліктің алдыңғы
айналма артериясы. Бұл қолтық артериясыныц сыртқы жағынан бастау алады және екі
тармаққа бөлінеді. Бірі тоқпан жілік басына багытталаатын болса, екіншісі тоқпан
жіліктің сыртқы жиегін айналып, a. circumflexu humeri, posterior анастомоз түзеді. Тоқпан
жіліктің артқы айналма артериясы a. circumflexa humeri posterior. Ол тоқпан жіліктің
алдыңғы айналма артериясымен бірге бастау алады. Бұл иық буынының буын қабын,
дельтатәрізді бұлшықетті және сол аймақтың терісін қанмен камтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: