15.Бұғанаасты артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары. Бұғанаасты артериясы , a. subclavia жұп, оң-иықбас сабауынан, truncus brahiocephalicus,
сол-қолқа доғасынан, arcus aortae, басталады. Артерияның кеуде ішкі бөлігі сол иық-бас
венасының, V. brachiocephalica sinistra, артында жатады. Бұғанаасты артериясы жоғары
және латералді apertura thoracis superior-та бағытталады. Бұғанаасты артериясы 1-
қабырғаға жеткен кезде, сатыаралық кеңістікке,spatium intercalenum кіреді. Осы кеңістікте
артерия 1-қабырғада жатады. Аталған кеңістікте артерияның үстінде иық өрімі
орналасады. 1-қабырғаның жоғарғы бетінде, артерияның орналасқан жерінде бұғанаасты
артериясының жүлгесі, sidcus a. subclaviae, түзіледі.
Бұғанаасты артериясының топографиялық орналасуы 3 бөлімге бөлінеді: 1 -
бөлім - басталған жерінен сатыаралық кеңістікке дейін; 2-
бөлімі - сатыаралық кеңістікте; 3-
бөлімі-сатыаралық кеңістіктен қолтық шұңқырының жоғарғы тесігіне, apertura superior
cavi axillaris, дейін.
Бұғанаасты артериясы бірінші бөлімнің тармақтары: 1. А. vertebralis- омыртқа артериясы, ол ірі тармақтар береді:
a) A.spinalis anterior – бас сүйек қуысында, екі омыртқа артериясы қосылатын
жерге жақын өтіп, төмен және орталық сызыққа қарай жүріп, қарсы жақтың аттас
артериясымен бір сабауға бірігеді;
b) A.spinalis posterior – омыртқа артериясы бас сүйек қуысына кірісімен дереу
одан бөлініп шығып, жұлынның бүйірімен төмен жүреді.
А.basilaris – негіздік базилярлық артерия, екі омыртқа артериясының қосылуынан пайда
болады, көпірдің ортаңғы жүлгесіне жайғасады, оның алдыңғы жиегінде екіге – aa.cerebri
posterior бөлінеді, ал бұлар кейін және жоғары жүріп, ми аяқшаларының бүйір бетін орап
өтіп, шүйде бөлігінің төменгі, ішкі және сыртқы беттерінде тармақталады
2. Truncus thyrocervical – қалқан мойын сабауы
3. A. thoracica interna – ішкі кеуде артериясы. Өз жолындағы ең жақын орналасқан
анатомиялық құрылымдарға, алдыңғы көкірекаралыққа, айырша безге, кеңірдектің
төменгі ұшы мен бронхтарға, алты жоғарғы қабырға аралықтарға және сүт бездеріне
тармақтар береді.