1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек



Pdf көрінісі
бет15/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

 Практикалық маңызы: Анастомоз денедегі қан қысымын реттейді,айналма тармақтар 
түзіп мүшелердің қанмен толық деңгейде жабдықталуын қамтамасыз етеді.Артериялық 
анастомоздардың маңызы зор. Кейде жүректің, кеуде ауырсынулары кезінде 
анастомоздарға хирургиялық операция жасау арқылы олардың жұмысын жақсартуға 
болады. 
18.Иық артериясы, оның топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары. 
Артерия брахиалис ол артерияи аксиларистың тікелеи жалғасы болып келеді. Мускулус 
териос маиордын төменгі жиегінен басталады. Мускулус бисепталис медиалис деген 
шынтақтың боиымен созылып жататын жүлгенің үстінен келе отырып мускулус 
бисцепстың апоневрозы бола отырып екіге бөлінеді: артериа радиалис және артериа 
ульнарис. Екеуә жүлгеде жатады, сәикесінше сулькус радиалис сулькус ульнариста 
жатады. Екіге бөлінбеи тұрып артериа брахиалистың негізгі тармақтарын аитатын болсақ, 
бірінші тармағы артериа проунда. Барлық жазғыш бқлшықеттерді қанмен қамтамасыз 
етеді.Артериа брахиалис сүиегінде көлденең бағытта орналасқан каналис спиралис деген 
канал болады. Каналис спиралистан артериа проунда өткенде, екі тармаққа бөлініп кетеді. 
Артериа колотералис медиа және артериа колотералис радиалис деген. Артериа 
колотералис радиалис ол көлденең бағытта өте отырып, артериа радиалистың тармағы 
артериа рекуренс радиалис деген тармағымен анастомоз құрып, торды құруға көмектеседі. 
Алдыңғы бағытта барлық бұлшықеттерді ұанмен қамтамасыз ететін артериа 
брахиалистың тармағы рамус мускиларис деген тармақ береді. Артериа проунда брахидың 
негізгі тармақтарының бірі, дельта тәрізді бқлшықетті қанмен қамтамасыз ететін рамус 
дельтоидеус деген тармағы болады. Сүиекті қанмен қамтамасыз ететін артериа нутрица 
хумери деген тармақ береді, ол тоқпан жіліктің қоректендіретін тесіктеріне бағытталады. 
Артериа брахиалистың тармағы Шынтақтың төменгі және жоғарғы жанама артериалары 
болып табылатын артериа колотералис ульнарис супериор ет инериор деген екі тармағы 
болады. Артериа колатералис ульнарис инериор иықтың төменгі ұшында басталады. Иық 
бұлшықетінің алдыңғы бетімен төмен бағытталып, шынтақтың қаиырылма артериасының 
алдыңғы тармағымен рамус антериор, артериа рекурентис ульнариспеен анастомоз түзеді. 
Медиалді аидаршыққа жетіп септум интермускуларе медиальға кіріп, шынтақтың буын 
торын түзуге қатысады, рете атикулари субити түзілуіне көмектеседі.Кеиән артериа 
брахиалис жүлгеде жатып, артериа бисепсиалис апоневрозының астында екіге бөлінді, 
артериа радиалси артериа ульнарис. Артериа ульнарис, жарғақ аралық тармақ береді. 
Рамус антериор білектің алдыңғы бұлшықеттерін қанмен қамтамасыз етеді. Рамус 
пастериор жарғақты тесіп өту арқылы білектің сыртқы бетіне шығып білектің барлық 
жазғыш бұлшықеттерін қанмен қамтамасыз етеді. Екеуі сыртқы рете дорзалисты құраиды. 
Артериа ульнарис ретунакум лексумнан өтіп беткеи доғаны, артериа суперициалисты 
түзуге қатысады. Аркус суперициалистың көп бөлігін, артериа ульнарис алып жатады, ал 
оның кішігірім бөлігін рамус радиалистың тармағы артериа пальмарис суперициалис алып 
жатады. Рамус радиалис ретунакум лексумнан өтіп рамус пальмарис суперициалиспен 
беткеи торды түзуге қатысады. Метакарпалис пальмарис жеке метакарпалис проплиға 
жалғасады ол саусақтың екі жағын қанмен қамтамасыз етеді. Саусақтың немесе қолдың 


сыртқы бетін қанмен қамтамасыз ететін, рамус радиалистың тармақтары. Рамус 
карпаралис радиалис білезіктің сыртқы тармағы. 
19.Кәріжілік, шынтақ артериялары, олардың топографиясы, тармақтары, қанмен 
қамтамасыз ету аймақтары. 
Кәріжілік артериясы, a. radialis, иық артериясынан шынтақ шұңқыры аймағында таралады. 
Кәріжілік артериясы төмен багытталып, кішкене сыртқа бүгіліп, дөңгелек пронатор 
бұлшықеттің алдыңгы бетімен жүреді. Иық кәріжілік бұлшықеттің медиалді жиегіне 
жетіп, осы бұлшықет пен дөңгелек пронатордың арасында, кейін иық кәріжілік бұлшықет 
пен білезіктің кәріжіліктік бүккіші арасына, sulcus radialisте, жатады. Артерияның жан-
жағында екі кәріжілік веналары, vv. radiales, орналасады. 
Кәріжілік артериясы, a. radialis, білектің төменгі үшінде фасция және терімен жабылып, 
беткей орналасады. Бұл жерде жақсы анықталып, кәріжілікке қысуға мүмкін. Кейін 
кәріжілік артериясы, өзінің төмендеген бағытын жоймай, кәріжіліктің бізтәрізді өсіндісі 
тұсында артқа бұрылады. Бас бармақты әкететін ұзын бұлшықет пен бас бармақтың қысқа 
жазғышы сіңірлерінің астымен анатомиялық табакеркага жетеді. Артерия соңғысын 
жоғарыдан төмен және алдан артқа қиғаш кесіп өтіп, бас бармақтың ұзын жазгышы 
сіңірінің астымен қолүшының дорсалді бетіне багытталады. Бұл жерде кәріжілік 
артериясы өз бағытын өзгертіп, бірінші саусақаралық кеңістіктің бұлшықетіне еніп, қол 
ұшының алақан бетіне шығады; кейін шынтақ жиегі жағына догаланып бұрылып, терең 
алақандық тармақпен, r. palm aris profundus a. ulnaris, қосылып, терең алақандық доғаны, 
arcus palm aris profundus, түзеді. 
Кәріжілік артериясының тармақтары: 
• Кәріжіліктің қайырылма артериясы, a. recurrens radialis, кәріжілік артериясының сыртқы 
бетінен шынтақ шұңқыры аймағында басталып, иық және иықкәріжілік бұлшықеттерінің 
арасынан сыртқа бағытталады. 
• Бұлшықеттік тармақтар, rr. musculares, кәріжілік артериясының барлық деңгейінде 
тармақталып, білектің бұлшықеттеріне барады. 
• Білезіктің алақандық тармағы, г. сагpeus palm aris, кәріжілік артериясынан шаршы 
пронатор бұлшықеттің төменгі жиегі деңгейінде басталып, білектің шынтақтық жиегіне 
бағытталады және шынтақ артериясының тармағы ramus carpeus palm aris-бен анастомоз 
түзіп, білезіктің алақан торын, rere carpi palmare, түзуге қатысады. 
• Беткей алақандық тармақ, r. palm aris superficialis, кәріжілік артериясынан кәріжіліктіц 
бізтәрізді өсіндісі деңгейінде басталады, яғни оның анатомиялық табакеркаға өтуіне дейін; 
ол төмен бағытталып, тенар бұлшықеттерінің үстімен жүріп, олардың қалыңдығына өтеді 
және шынтақ артериясымен анастомоз түзіп, беткей алақандық доға, arcus palm aris 
superficialis, түзеді. Беткей алақандық тармақ, сонымен қатар, тенар аймағының 
бұлшықеттері мен терісін канмен қамтамасыз етеді. 
• Білезіктің сыртқы тармағы, r. carpeus dorsalis,кәріжілік артериясыныц анатомиял 
ықтабаркеркадан шыққан жерінен басталады. Қолұшы негізінің сыртқы бетімен шынтақ 


жиегіне бағытталып, шынтақ артериясының тармағы r. carpeus a. ulnaris-бен анастомоз 
түзіп, білезіктің сыртқы торын, rete carpi dorsale, түзуге қатысады. 
• Алақан сүйектің сыртқы басбармақ артериясы, a. metacarpea dorsalis prima, кәріжілік 
артериясынан қолұшының сыртқы бетінде, артерияның бірінші сүйекаралық сыртқы 
бұлшықеті қалыңдығына енген жерінен басталады. 
• Басбармақ артериясы, a. princeps pollicis, кәріжілік артериясынан немесе сүйекаралық 
бұлшықет қалыңдығында немесе оның алақан бетіне шыққан жерінен басталып, 
саусақтардың үш алақандық меншікті артерияларына, aa. digitales palmares propriae, 
бөлінеді. Соңғылары алақан бетімен I саусақтың бүйір жиектеріне және II саусақтың 
кәріжілік жағына барады. 
Шынтақ артериясы- a. ulnaris ,калибрі бойынша иық артериясының жалғасы болып 
саналады және иық артериясынан шынтақ шұңқырында, шынтақ сүйектің тәждік өсіндісі 
деңгейінде басталады. Білектің медиалді жиегіне төмен бағытталып, саусақтардың беткей 
және терең бұлшықеттерінің арасында орналасады. ІШынтақ артериясы білектің 
ортасында саусақтардың беткей бүккіші мен білезіктің шынтақтық бүккіші арасындағы 
шынтақ жүлгесінде орналасып, жүлге бойымен білектің дисталді бөліміне барып, 
қолұшына өтеді. Кәріжілік - білезік буыны аймағында шынтақ артериясы бұршақтәрізді 
сүйектен латералді орналасып, retinaculum fiexorumда жатады, тек қана білезіктің 
алақандық жалғамасымен жабылған. Шынтақ артериясы қолұшының алақан бетінде 
кәріжілік жиегіне бұрылып, кәріжілік артериясының тармағы, r. palmaris superficialis a. 
radialis, косылып, алақан апоневрозы асгында орналасқан беткей алақандық доғаны, arcus 
palmaris superficialis, түзеді. 
Шынтақ артериясынан келесі тармақтар басталады. 
• Шынтақтық қайырылма артериясы, a. recurrens ulnaris, шынтак 
• Жалпы сүйекаралық артерия, a. interossea communis кәріжілік бұдыры деңгейінде 
басталады. Жалпы сүйекаралық артерия білектің дисталді жиегіне бағытталып, өзінің 
бастапқы жолында екі тармаққа - алдыңғы және артқы бөліңеді. 
1.Алдыңғы сүйекаралык артерия, a. interossea anterior 
2.Арткы сүйекаралық артерия, a. interossea posterior 
• Бұлшықеттік тармақтар, шынтақ артериясыныц барлық жолында тармақталып, білектің 
бұлшықеттеріне барады. 
• Білезіктің алақандық тармағы r. carpeus palmaris, шынтақ сүйегінің басы тұсында немесе 
кішкене жоғары басталып, төмен және радиалді бағытталады және кәріжілік 
артериясының аттас тармағымен анастомоз түзеді. 
• Білезіктің сыртқы тармағы, г. carpeus dorsalis, алдындағы артериямен бір деңгейде 
басталып, білезіктің шынтақтық бүккіші сіңірінің астымен өтіп, қолұшының сыртқы 
бетіне бағытталады және білезіктің сыртқы торын, rete carpi dorsale, түзуге қатысады. 


• Терең алақандық тармақ, r. palm aris profundus, шынтак артериясынан бүршақтәрізді 
сүйек тұсында немесе кішкене дисталді басталып, шынашақтың қысқа бүккіші мен 
шынашақты әкететін бұлшықеттердің арасында, саусақтардың бүккіші сіңірінің астына 
бағытталады. Бұл жерде кәріжілік артериясының соңғы тармағымен қосылып, терең 
алақандық доғаны, arcus palmaris profundus, түзеді. 
20.Шынтақ буынының артериялық торы, оның практикалық маңызы. 
Шынтақ буыны айналасында екі тор түзіледі.Олар:шынтақ буынының торы және шынтақ 
өсіндісінің торы.Олар бір жалпы шынтақтың торына бірігеді 
Олардың екеуі де артерия тармақтарының анастомоздық байланыс түзуінен 
түзіледі.Сондықтан шынтақ буыны тұсындағы артериялық анастомоздарға тоқтала 
кетсем: 
1. кәріжіліктің жанама артериясы (a.collateralis radialis) x кәріжіліктің қайырылма 
артериясы (а.recurrens radialis) 
2. ортаңғы жанама артерия(a.collateralis media) x сүйекаралық қайырылма артерия 
(a.recurrens interossea) 
3.шынтақтың жоғарғы жанама артериясы (a.collateralis ulnaris superior) x шынтақтың 
қайырылма артериясының артқы тармағы (a. recurrens ulnaris posterior) 
4.шынтақтың төменгі қайырылма артериясы (a.collateralis ulnaris inferior) x шынтақтың 
қайырылма артериясының алдыңғы тармағы (a.recurrens ulnaris anterior) 
Жалпы анастомоздардың практикалық маңызы бір ірі жүйеден қан кетсе,осы 
анастомоздар арқылы қан басқа ағзаларға таралады. 
21.Қолбасының қанмен қамтамасыз етілуі, беткей және терең алақан доғаларының 
қалыптасуы. 
arcus superficialis шынтақ артериясының жалғасы болғандықтан беткей доға өзінің 
калибрлерінде шыбық сүйеккебағыттала кішірейе бастайды, осы жерде оған шыбық 
артериясының беткей алақан тармағы қомылады. Беткей доғаның дистальды бөлігінен 
4aa.digitales palmernes communes түзілген.Беткей алақандық доғадан саусақтардың 
алақандық жалпы артериялары, aa.communes шығады.3-і екінші , ушінші, төртінші 
сүйекаралық кеңістікке, ал төртінші кіші саусақтың шынтақ бөлігіне бағытталады. Саусақ 
арасындағы терінің бүрмелеріне әрқайсысы 2 aa. digitales palmernes propirae-ға бөлінеді, 
олар қарсы жатқан саусақтарға қарай бағытталады. 
arcus Palmaris profundus алақанны терең доғасы, сіңірлердің жазғыштарының астында 
беткей доғаға проксимальды орналасады. Алақанның терең доғасы шыбық артериясынан 
құралады, алақанның беткей доғасына қарағанда калибірі кіші. Доғадан дистальды 
бағытта екіншіден басталып 3 aa.metacapeae palmares таралады, олар 3сүйекаралық 
кеңістікке екіншіден бастап таралып, жалпы алақандық саусақ артериямен бірігеді. Ал 
дорсальды бағытта сүйекарлық кеңістіктің үстімен 3кішігірім aa. Perfordntes өтеді, олар 
артқа қарай бағытталып aa.metecarpeae dorsales пен анастомоз құрады. Алақанның беткей 
және терең доғалары өз бетімен маңызды функционалды қызмет атқарады, бірақ қолдың 


ұстау қызметіне байланысты иі қысылып қалады. Алақанның беткей доғасының қанмен 
қамтамасыз етілуінің бұзылысы кезінде алақанның қанмен қамтамасыз етілуі 
зақымдалмайды, себебі қан алақанның терең тармақтары арқылы келіп отырады. 
22.Кәріжілік-білезік буынының қанмен қамтамасыз етілуі. 
Кәріжілік артериясы a. radialis иық артериясынан шынтақ шұңқыры аймағында таралады. 
Жалпы кәріжілік артериясы төмен бағытталып , кішкене сыртқа қарай бүгіліп, дөңгелек 
пронатор бұлшықеттің алдыңғы бетімен жүреді. Кәріжілік артериясы a. radialis білектің 
төменгірек жағында фасция және терімен жабылып орналасады. Яғни бұл жерде жақсы 
анықталып кәріжілікке қысуға мүмкін. Кейінірек кәріжілік артериясы өзінің төмендеген 
жағын бұзбай ,кәріжіліктің біз тәрізді өсіндісінің жанында артқа бұрылады.
Кәріжілік артериясының тармақтарына келсек. 

Кәріжіліктің қайырылма артериясы, recurrens radialis ,кәріжілік артерниясының 
сыртқы бетінен шынтақ шұңқыры аймағынан басталып , иық және кәріжілік
бұлшықеттерінің арасынан сыртқа шығады және көршілес бұлшықеттерге 
бағытталады. Сонымен бірге латеральды айдаршықта a.profunda brachii тармағы, 
a.collateralis radialis- пен анастомоз түзіп , шынтақтың буын торы түзілуіне 
қатысады.

Бұлшықеттік тармақтар - rr.musculares, кәріжілік артериясының барлық деңгейінде 
тармақталып, білектің бұлшықеттеріне барады.

Білезіктің алақандық тармағы- r.carpeus palmaris ,кәріжілік артериясынан шаршы 
пронатор бұлшықеттің төменгі төмен жағынан басталып ,білезіктің шынтақтық 
жиегінде бағытталады.

Беткей алақандық тармақ- r. palmaris superficialis, кәріжілік артериясынан 
кәріжіліктің бізтәрізді өсіндісінде басталады. Және бұл тармақ тенар аймағының 
бұлшықеттерімен терісін қанмен қамтамасыз етеді.

Білезіктің сыртқы тармағы- r.carpeus dorsalis , кәріжілік артериясының 
анатомиялық табаркеркадан шыққан жерінен басталады.

Басбармақ артериясы- a.princeps pollicis , кәріжілік артериясынан немесе 
сүйекаралық бұлшықет қалыңдығында немесе оның алақан бетіне шыққан жерінен 
басталып, саусақтардың үш алақандық меншікті артерияларына aa.digitalles 
palmares propriae бөлінеді. 
23.Құрсақтық қолқа; оның жұп висцералық және париеталық тармақтары, қанмен 
қамтамасыз ету аймақтары. 
Қүрсақтық қолқа, aorta abdominalis кеуделік қолқаның жалғасы болып табылады. Ол XII 
кеуде омыртқасы түсында басталады және IV-V бел омыртқаларының түсында екі жалпы 
мықын артерияларына яғни aa. iliacae communes бөлінеді. Осы жерде, қолқаның бөлінген 
жерінен төмен бағытта орталық сегізкөз артериясы лат. a. sacralis mediana тармақталады. 
Құрсақтық қолқа ішастар артында орналасады.
Құрсақтық қолқадан екі түр тармақ. Олар париеталді жэне висцералді тармақтар. 
Париеталық тармақтарына тоқталсақ. Олар; 


1 Төменгі көкет артериясы a. phrenica inferia ipi жұп артерия, құрсақтық қолқаның 
бастапқы бөлігінің алдыңғы бетінен, яғни XII кеуде омыртқа тұсында басталып, көкеттің 
сіңірлі бөлігінің төменгі бетіне қарай бағытталады. Оң артерия төменгі қуыс вена 
артымен,ал сол-өңештің артында өтеді. Осы төменгі көкет артериясы бірнеше тармаққа 
таралады.Олар алдыңғы тармақ r. anterior. ол көкеттің алдыңғы бөлімдерін қанмен 
қамтамасыз етеді және a. musculophrenica анастомоз құрайды. Ал артқы тармақ r. posterior 
болса, ол көкеттің артқы бөлімдерін қанмен қамтамасыз етеді және аа. intercostales 
анастомоз құрайды. Үшіншісі жіңішке тармақ жоғарғы бүйрекүсті артериясы лат. a. 
suprarenalis superior төменгі көкет артериясының бастапқы бөлімінен тармақталады, ал бұл 
тармақ бүйрекүсті безін қанмен қамтамасыз етеді.
Бел артериялары aa. lumbales. Ол төрт жұн артерия және I-IV беломыртқа денелері 
тұсында құрсақтық қолқаның аргқы қабырғасынан басталады.. Олар латералді жаққа 
көлденең бағытталады; олардың жоғарғы екі артериясы көкет аяқтарының артында, ал 
төменгі екеуі m. psoas major артында орналасады. Әрбір бел артериясы омыртқалардың 
көлденең өсінділеріне жеткен соң, артқы тармақ яғни r. dorsalis, береді.Ол әрі қарай 
белдің шаршы бұлшықетінің артында жүріп, оны қанмен қамтамасыз етеді. Одан соң
іштің алдыңғы қабырғасына қарай багытталады да, іштің тік бұлшықетіне жетеді. Іштің 
тік бұлшықетін қанмен қамтамасыз етеді және осы барлық бел артериялары өзара
жоғарғы, және төменгі құрсақүсті артерияларымен анастомоз құрайды. 
3 Орталық сегізкөз артериясы, a. sacralis mediana, жіңішке тамыр және құрсақтық 
қолқаның артқы бетінен басталатын тікелей жалғасы. Ол -сегізкөздің жамбастық бетінің 
ортасымен жоғарыдан төмен жүретін және құйымшақ денесінде, corpus coccygeum, 
аяқталады. Орталық сегізкөз артериясынан V беломыртқа аймағында жұп ең төменгі бел 
артериясы лат. a.lumbalis ima тармақталады және ол т.iliopsoas-ты қанмен қамтамасыз 
етеді. Осы орталықсегізкозартериясыэрбіромыртқа децгейінде үсақ тармақтар береді. 
Ендігі висцералді тармақтар. 
1. Құрсақтық сабау, truncus coeliacus. Ол алға қарай багытталып, үш тармаққа бөлінеді. 
Олар сол асқазан артериясы лат. a. gastrica sinistra, екінші жалпы бауыр артериясы a. 
hepatica communis, және үшіншісі көкбауыр артериясы a. lienalis. Сол асқазан артериясы 
төрт тәждік асқазан артерияларыныц ішінде ең ірі артерия. Ал жалпы бауыр артериясы өз 
жолында кіші шарбы құрамына кіреді және осы тұста екі тармаққа бөлінеді. Олар 
меншікті бауыр артериясына a. hepatica propria (негізгі сабаудан тармақталады) және 
асказан - он екі елі ішек артериясына a. gastroduodenalis. Көкбауыр артериясы, a. lienalis 
одан ұйқыбезді, асқазанды және үлкен шарбыны қанмен қамтамасыз ететін тармақтар 
таралады. Олар ұйқыбез тармақтары, rr. pancrea, көкбауырлық тармақтар rr. lienales, 
қысқа асқазан артериялары, aa. gastricae breves, сол асқазан - шарбы артериясы a. 
gastroepiploica sinistra. 
2. Жоғарғы шажыркай артериясы a. mesenterica superior. Ұйқыбездің артында басталатын 
ірі тамыр. Одан тарайтын тармақтар. . Төменгі үйқыбез - он екі елі ішек артериясы 
a.pancreaticoduodenalis inferior, ішектік артериялар, aa.intestinales, мықын - жиек артериясы 
a. ilioco, оң жиектік артерия, a.colica dextra, ортаңғы жиектік артерия a.colica media. 


3. Төменгі шажыркай артериясы a. mesenterica inferior. III беломыртқа тұсында 
тармақталып, ішастар артында сол және төмен жүріп, үш тармаққа бөлінеді. Олар сол 
жиектік артерия, a colica sini, сигматәрізді артерия, a.sigmoidea, жоғарғы тік ішек 
артериясы a.rectalis superior. 
4. Ортаңғы бүйрекүсті артериясы, а.suprarenalis media. Құрсақтық қолқаның жоғарғы 
бөлімінің бүйір қабырғасынан, одан жогаргы шажыркай артериясының тармақталатын 
жерінен сәл төмен басталады. 
5. Бүйрек артериясы, a. renalis. Қолқаның бүйір қабырғасынан II беломыртқа деңгейінде 
басталады. Оң бүйрек артериясы солга қараганда ұзынырақ. Әрбір бүйрек артериясы 
бүйрек қақпагынажетпейтоменгі бүйрекүсті артериясын a.suprarenalis inferior, береді. 
6. Атабез артериясы a. testiculari. Құрсақтық қолқаныц алдыцгы бетінен, бүйрек 
артериясынан сәл төмен басталады. Ол өз жолында бүйректің майлы қапшығына 
тармақтар береді. Ал әйелдерде атабез артериясы сияғты, анабез артериясы, a. ovarica 
болады. Ол жатырдың жалпақ жалғамасы табақтарының арасында өтіп, оның бос 
жиегінде жатыр түтігіне және анабез қақпасына тармақтар береді.
24.Құрсақтық сабау; топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары. 
Құрсақтық сабау, truncus coeliacus қысқа тамыр болып келеді, құрсақтық қолқаның 
алдыңгы бетінен XII кеуде омыртқатұсында,І бел омыртқаның жоғарғы жиегінде немесе 
XII кеуде омыртқасы денесінің төменгі жиегінде басталады. Ол алға бағытталып, үш 
тармаққа бөлінеді. Олар сол асқазан артериясы, a. gastrica sinistra, жалпы бауыр 
артериясы, a. hepatica communis, және көкбауыр артериясы, a. lienalis. 
1. Сол асқазан артериясы, a. gastrica sinistra, аталған үш артерияның ең кішісі, құрсақтық 
сабаудан тармақталған соң, кішкене жоғары солға көтеріліп, асқазанның кардиалді 
бөлігіне жеткен соң, өңешке - өңештік тармақтар, rami esophagei, береді және өзі 
асқазанның кіші иіні бойымен оң жаққа түсіп, жалпы бауырартериясының тармағы - оң 
асқазан артериясымен, a. gastrica dextra, анастомозданады. Сол асқазан артериясы 
асқазанныц кіші иіні бойымен асқазанның алдыңғы жэне артқы қабырғаларына ұсақ 
тармақтар береді. Сол асқазан артериясы төрт тәждік асқазан артерияларының ішінде ең 
ірі артерия болып саналады. 
2. Жалпы бауыр артериясы, a. hepatica communis, ұзындығы - 4 см, ірілеу тармақ. 
Қүрсақтық сабаудан оңға қарай тармақталып, көкеттің оң аяғына жатады, ұйқыбездің 
жоғарғы жиегімен солдан оңға жүріп, кіші шарбы құрамына кіреді және осы тұста екі 
тармаққа: меншікті бауыр артериясына жэне асказан - он екі елі ішек артериясына 
болінеді.
а)Меншікті бауыр артериясы, a. hepatica propria, негізгі сабаудан тармақталып, lig 
hepatoduodenale,қалыңдығында орналасын, бауыр қақпағына бағытталады. 
б) Асқазан - он екі елі ішек артериясы,a.gastroduodenali, жалпы бауыр артериясынан төмен 
бағытталатын, асқазанның қакпалық бөлігінің артында, оны жоғарыдан төмен қиятын 
айрықша ірі сабау. 


3. Көкбауыр артериясы, a. lienalis - кұрсақтық сабаудан тармақталатын артериялардың ең 
ірісі. Артерия аттас венамен бірге сол бағытталып, ұйқыбездің жоғарғы жиегінің артында 
орналасады. Артерия ұйқыбез құйрығына жеткен соц, асқазан-көкбауыр жалғамасының 
құрамына еніп,көкбауырға бағытталатын соңғы тармақтарына шашырайды.Көкбауыр 
артериясынан ұйқыбезді, асқазанды және үлкен шарбыны қанмен қамтамасыз ететін 
келесі тармақтар таралады. 
25.Бауырдың, асқазанның, ұйқыбездің, бүйректің, бүйрекүсті бездерінің және 
көкбауырдың қанмен қамтамасыз етілуі. 
Жалпы бауыр артериясы ішперде артында,орналасып содан оңға қарай ұйқы безінің 
үстіңгң қырымен,диафрагманың оңжақтағы аяқщасымен және бауырдың құйрықтық 
бөлігінен сәл төмендеу жүреді.Оның артерияларына келетн болсақ.
Меншікті бауыр артериясы бауыр 12еліішек байламында жатады,ол жалпы бауыр 
артериясының жалғасы.Қақпа алдында немесе бауыр қақпасы ішінде оң жақ және сол 
жақтық тармақтарға бөлінеді. 
Меншікті бауыр артериясы 25%жағдайда сол жақ асқазан артериясынан,12% жоғарғы 
шажырқай артериясынан басталады.20% жағдайда меншікті бауыр артериясы жоқ,ал оң 
жақ және сол жақтағы бауыр артериясы жоқ,ал оң жақ және сол жақтағы бауыр 
артериялары жалпы бауыр артериясынан басталады.Сол жақ бауыр артериясы шаршы 
тәрізді және құйрықша бөліктерді қанмен қамтамасыз етеді.Оң жақ бауыр артериясы 
бауырдың оң жақ бөлігін және өт қабын қанмен қамтамасыз етеді. 
Қосымша артериялар-бауырдың бөлігін немесе сегментін дербес қандандыратын 
тармақтары болып табылады.Бауыр артерияларының тармақталуынан олар,паренхимаға 
енгенше майда артериялықт тамырлар Глиссон қабына еніп,бауырішілік артериялық 
жүйемен байланыстырады. 
Көкбауырдың қандандырылуы: негізгі қандандырущы ол көк бауыр артериясы ,ол құрсақ 
бағанының тармақтары.Көкбауыр артериясы көбінесе ұйқы безінің жоғарғы қырының 
артынан өтіп,,,6%жағдайда без қырының жоғарырақ жатады.Сонымен қатар артерия 
магистралды құрылған,көкбауыр қақапасына дейін тармақтар бермейді.Және артерия 
шашыранды құрылған,қақпаға жетпей тармақталады. 
Асқазанның қандандырылуы:Асқазан артериялары бөлінеді ағза ішілк және ағза 
сыртылық болып.Ағза сыртылық:сол және оң асқазан асқазан артериялары,оң және сол 
қарн шарбымай және асқазанның қысқа артерияларынан тұрады. 
Ағза ішілік артериялар ағза сыртындағылардан шығады. 
Асқазан аретриялары кіші және үлкен иінмен жүреді. 
Кіші иін артериялары-сол жане оң асқазан артериялары. 
Үлкен иін артериялары-сол асқазан шарбы май артериясы ;оң асқазан шарбы май 
артериясы,және асқазанның қысқа артериясы. 
Сол қарын артериясының үш бөлігін айтсақ: 


1.ішперде артындағы қабырғалық 
2.байлам ішілік 
3.шарбы майлық 
Асқазанның қысқа артериялары,талақ артериясынан шығады.20-50мм/Ол асқазанның 
денесі мен түбін қандандырады. 
67.3%жағдайда сол асқазан және асқазан шарбы май артерияларының қандандыру аймағы 
көбірек. 
32,7%жағдайда керісінше оң асқазан және асқазан шарбы май артерияларынң қандандыру 
аймағы көбірек. 
Бүйрекүсті бездердің қандандырылуы үш жерден басталады: 
1)жоғарғы бүйрекүсті артериялар яғни диафрагма астылық артерияның тармақтары. 
2)ортаңғы бүйрекүсті артериялар яғни аортадан тікелей басталады. 
3)төменгі бүйрек үсті артериялар яғни бүйрек артериясының тармағынан. 
Бүйрекүсті артериялар,әр уақытта кеуденің 11ші жане белдің 1ші омыртқалары 
арасындатүзіледі. 
Ұйқы безінің қандандырылуы келесі артерялар арқылы жүзеге асады: 
-көк бауыр артериясы; 
-жалпы бауыр артериясы 
-жоғарғы жажырқай артериясы. 
Ұйқы бездің басы жоғарғы және төменгі ұйқы без 12елі ішек артерияларнан,денесі мен 
құйрығы көк бауыр артериясының,тармақтарынан қоректенеді. 
Бүйрек артериялары құрсақ аортасынан ,1-2бел омыртқалары тұсында таралады.Оң 
жақтағы бүйрек артериясы сол жақ бүйрек артериясына қарағанда ұзындау және төменгі 
қуыс венасының артқы жағынан қиылысып өтеді.Көп жағдайда қосымша бүйрек 
артериялары болуы мүмкін. 
26.Жоғарғы шажырқай артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету 
аймақтары. 
Жоғарғы шажырқай артериясы (arteria mesenterica superior 
Топографиясы Қолқадан 1 бел омырткасынан тармақталадта, жоғарғы бөлігімен ұйқы 
безімен ал төмендн дәл сол ұйқы бездің көлденеңнен арасында жатып, жіңішке ішек 
шажырқайына жалағасып кетеді 
Тармақтары 



Ұйқы- без ұлтабарлық төменгі артерия(arteria pancriaticoduodenalis inferior) 

Жіңішке ішектік артерия. (arteriae intestinales) 

Мықын-жиектік артерия (arteria iliocolica) 

Жиек ішектік оңжақ артерия (arteria colica dextra) 

Жиек ішектік ортаңғы артерия (arteria colica media) 
Қанмен қамтамасызы: 

Соқыр ішекті

Жиек ішектің бастапқы бөлігін

Мықын ішектің соңғы бөлімін.. 
a) Алдыңғы және артқы соқыр ішек артериялары(aa. caecales anterior et posterior) соқыр 
ішектің сәйкес бетіне бағытталатын. 
б) Мықын ішек тармағы, a. iliocolica-ның жалғасы, төмен мықын-соқыр ішек бұрышына 
бағытталып, aa. ilei - соңғы тармақтарымен байланысып, доға түзеді, доғадан мықын 
ішектің соңғы бөліміне тармақтар таралады. 
г) Жиек ішек тармағы, жоғарылатын жиек ішекке оңға бағытталады. Осы ішектің 
медиалді жиегіне жетпей, артерия екі тармаққа бөлінеді 
27.Төменгі шажырқай артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету 
аймақтары. 
Шажырқайдың төменгі артериясы(a.mesenterica inferior)
Топографиясы Құрсақтық қолқаның алдыңғы бетінен 3 бел омыртқа тұсында 
тармақталып, ішастар артында сол және төмен жүріп, 3 тармаққа бөлінеді. 
Тармақтары 

Солжақ жиек ішектік артериясы(a.colica sinistra). 

Сигма тәрізді артерия(a.sigmoidea) сигма тәрізді жиек ішекке барады 

Тікішектің жоғарғы артериясы(a.rectalis superior)
Және де осы соңғы тармағы тікішектің жоғарғы бөлігін қанмен қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет