11.Жалпы ұйқы артериясы, топографиясы. Қан кеткенде артерияны басу орны. Сыртқы ұйқы артерия, оның үш топ тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары. Жалпы ұйқы артериясы — а.carotis 3-ден 4-ші қолқа доғалары бойында вентралды
қолқадан дамиды; оң жағында truncus brachiocephalicus-тен, сол жағында колка доғасынан
шығады. Жалпы ұйкы артериялары кеңірдек және өңештің жағымен жоғары карай жүреді.
Оң жақ жалпы ұйқы артериясы сол
жақтағыдан қысқалау, өйткені, сол жақ ұйқы артериясы екі — кеуде (қолқа доғасынан сол
жақ төс-бұғана буынына дейін) және мойын бөлімдерінен, ал оң жақ ұйқы артериясы тек
мойын бөлімінен тұрады. А.carotis communis, trigonum caroticum-ге өтіп, қалқанша
шеміршек немесе тіласты сүйегі денесінің денгейінде өзінің соңғы тармақтарына: А.carotis
externa et a. carotis interna-ға (бифуркация) бөлінеді. Қан ағуды тоқтату үшін жүзік тәрізді
шеміршектің төменгі жиегі денгейінде, жалпы ұйқы артериясын VI мойын омырткасының
—tuberculum caroticum-ына батырып қысады. Кейде сыртқы және ішкі ұйқы артериялары
ортақ сабаумен емес, жеке- жеке қолқадан шығады, бұл олардың қалай дамитындығын
көрсетеді.
Сыртқы ұйқы артериясы a. carotis externa — бас пен мойынның сыртқы бөліктері
қанмен қамтамасыз етеді. Сыртқы ұйқы артериясы басталған жерінен жоғары көтеріліп,
m. digastricus-тің артқы карыншасы мен m.
stylohyoideus-тің артқы бөлігінің ішкі жағынан құлақ қасы безін тесіп өтіп, төменгі жақ
өсіндісінің мойында өзінің ақырғы тармақтарына бөлінеді. Олар алдыңғы, ортаңғы және
артқы топтарға бөлінеді. Алдыңғы топқа жататын артериялар, қамтамасыз ететін
ағзалардың дамуы және орналасуына байланысты.
Сыртқы ұйқы артериясы тармақтары: алдыңғы топ тармақтары: a. thyroidea superior; a. Lingualis; a. facialis
ортаңғы топ тармақтары: a. Pharyngea, ascendens, a. maxillaris
артқы топ тармақтары: a. Occipitalis,a. Auricularis posterior, a. sternocleidomastoidea