1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


 Жүрек қабырғаларының құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалар



Pdf көрінісі
бет4/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

4. Жүрек қабырғаларының құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалар 
миокардысының құрылысы. 
Жүрек қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Олар: сыртқы қабаты- эпикард, epicardium, ортаңғы 
қабаты-миокард, myocardium және ішкі қабаты- эндокард, endocardium. 
1)Эпикард, epicardium- жүректің сыртқы қабаты. Ол перикардтың ішкі табағы болып 
саналады. Жүректің жүлгелері мен ұшы аймағында эпикардтың дәнекер тін негізінде 


майлы тін болады. Майлы тін жоқ бөліктерінде эпикард дәнекер тін көмегімен 
миокардпен тұтасып кеткен. 
2)Миокард, myocardium жүрек қабығасының негізін құрайтын бұлшықет қабаты. Бұл 
бұлшықет қозғыштық,өткізгіштік және жиырылғыш қасиеттерге ие. 2 бөлікті: жүрекше 
және қарынша миокардынан тұрады. Оң және сол жүрекше- қарынша тесіктерін қоршап 2 
фиброзды сақиналар, anuli fibrosi түзіледі. Жүрекше мен қарынша миокардының 
талшықтары бір-бәріне өтпейді, яғни жүрекше миокардының бұлшықет талшықтары 
жоғыра қарай, қарыншаныкы төмен және фиброзды сақинаға дейін жоғары бағытталған. 
3) Эндокард, endocardium жүрек камераларының ішкі жағын қаптап жатады. Коллаген 
және эластикалық талшықтардан тұрады. Эндокард қабаттары: 1) эндотелий, 2) 
субэндотелийлік қабаты, 3)бұлшықет-эластикалық қабаты,4) сыртқы дәнекер тінді қабаты. 
Эндокард туындылары: - қақпақшалардың жармалары мен жапқыштары; –сіңірлі 
жіпшелер. 
Жүрекшелер миокарды 2 қабатты: беткей және терең. Беткей қабат көлденең немесе 
циркулярлы орналасқан талшықтардан тұрады. Қабат 2 жүрекшені де қоршап жатады, 
сондықтан 2 жүрекше бір уақытта жиырылады. Терең қабаты ұзына бойлық 
талшықтардан құралған. Қабат әр жүрекшеде жеке орналасқан. 
Қарыншалар миокарды 3 қабаттан тұрады: беткей, ортаңғы, ішкі. Беткей қабатта 
талшықтар ұзына бойлық бағытта орналасқан. Екі қарыншаға да ортақ және жүрек ұшы 
аймағында жүрек шиыршығын түзеді, ары қарай ішкі қабатқа жалғасып кетеді. Ортаңғы 
қабат көлденең немесе циркулярлық орналасқан талшықтардан тұрады. Әр қарыншада 
бөлек орналасады, сондықтан қарвншалар жеке жиырыла алады. Ішкі қабаты ұзына 
бойлық талшықтардан тұрады. 2 қарыншаға да ортақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет