1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


 Жүрекқаптың құрылыс ерекшеліктері, оның топографиясы



Pdf көрінісі
бет6/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

6. Жүрекқаптың құрылыс ерекшеліктері, оның топографиясы. 
Перикард, pericardium жүрекқап, үлпіршек, жүрек айналасының қабы деп те аталады. 
Жүректі қоршап жауып жатады. Қызметі: жүректі жүрек маңындағы ірі қантамырларға 
бекітеді, үйкелісті азайтады,диастола фазасында камералардың пассивті кеңеюіне жағдай 
тудырады. 
Перикард 2 қабатты: фиброзды және сірнелі. Сірнелі перикард, pericardium serosum 
сірнелі сұйықтық бөледі және резорбциялайды. 2 жапырақшадан тұрады: висцералық 
және париеталық жапырақша. Висцералық жапырақшасы- эпикард. Жүрек 
қарыншалары бұл жапырақшамен толық қапталған, жүрекшелер толық қапталмаған. Ірі 
қантамырларды жауып жатады, әрі қарай париеталық жапырақшаға ауысады. 
Париеталық жапырақша перикардтың ішкі бетін қаптап, фиброзды перикардпен бітісіп 
жатады.


Фиброзды перикард, pericardium fibrosum борпылдақты дәнекертінді қабат пен 
дәнекертінді талшықтар арқылы кеуденің алдыңғы қабырғасына, плевраға, көкетке, 
миокардқа бекінген. Жүрек маңындағы ірі қантамырлардың сыртқы қабатына жалғасады. 
Перикард көкетте орналасқан, төменгі негіз бар және ұшымен төс бұрышы деңгейіне 
жетеді.Перикардтың алдыңғы, төсқабырғалық бөлігін,артқы-төменгі,көкеттік бөлігін және 
екі оң және сол бүйір, көкірекаралық бөліктерін ажыратады. 
7. Жүректің негізгі және қосалқы қанмен қамтамасыз етілу қайнар көздері. Жүрек 
қабырғасында артериялардың тарауы, жүрек қанайналым шеңберлерінің 
қалыптасуы. 
Жүректің қанмен қамтамасыз етілуін айтатын болсақ, ол екі артерия арқылы 
жүреді.1)қолқаның алғашқы тармақтары оң тәждік a.coronaria dextra, 2)сол тәждік артерия
a.coronaria sinistra. Әрбір тәждік артерия қолқаның сәйкес оң және сол қойнауынан 
басталып отырады
1. Оң тәждік артерия
a.coronaria dextra , қолқаның оң қойнауынан басталып ,оң 
қарыншаның артериялық конусы мен оң құлақшаның арасында қолқа қабырғасының 
бойымен төмен қарай жүріп ,тәждік жүлгеге қарай барады; өзінің бастапқы бөлігінде оң 
құлақшамен жабылып,жүректің оң жиегіне тармақ береді.Кейін қолқа , құлақша және 
артериялық конус қабырғаларына бірнеше атар тармақтар беріп,оң тәждік артерия 
жүректің көкеттік бетіне өтеді, ол жерде де тәждік жүлгенің тереңінде жата береді. Осы 
жерде оң жүрекше мен оң қарыншаның артөы өабырғасына тармақтар және де жүрекше-
қарынша будасымен жүретін өте жіңішке тармақтар береді.Ол жүректің көкеттік бетінде 
артқы қарыншааралық жүлгеге артқы қарыншааралық жүлгеге артқы қарыншааралық 
тармақ ramus interventricularis posterior түрінде жетеді. 
2. Сол тәждік артерия a.coronaria sinistra, оңға қарағанда ірі тамыр, ол қолқаның сол 
қойнауы деңгейінен басталып өкпе сабауы түбінің артынан солға , кейін өкпе сабауы мен 
сол құлақшаның арасында жүреді. Тіждік жүлгенің сол бөлігіне бағытталып , өкпе 
сабауының артында 2 тармаққа бөлінеді: алдыңғы қарыншааралық r.interventricularis 
anterior ,және қайырылма тармақ r.circumflexus. Алдыңғы қарыншааралық 
r.interventricularis anterior, негізгі сабаудың жалғасы болып табылады.
Оң тәждік артерия ол бізде - өкпе сабауы, қолқа ,оң және сол жүрекшелер , оң қарынша 
қабырғаларын және де сол қарыншаның артқы қабырғасын , жүрекшеаралық және 
қарыншааралық қалқаларды қанмен қамтамасыз етеді. Ал , сол тәждік артерия - қолқа, 
өкпе сабауы, оң және сол жүрекшелер қабырғасын , оң және сол қарыншаның алдыңғы 
қабырғасын , сол қарыншаның артқы қабырғасын , сонымен қатар қарыншааралық және 
жүрекшеаралық қалқаларды қанмен қамтамасыз етеді. Тәждік артериялар жүректің 
барлық бөлімінде өзара анастомоз құрайды, тек жүрек жиегі өзінің сәйкес
артерияларымен қанмен қамтамасыз етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет