1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек



Pdf көрінісі
бет30/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

2. Жартылай сыңар вена, v. hemiazygos, кеуде куысына еніп, омыртқа жотасының сол 
бүйір бетімен жоғары бағытталады, колкадан сыртқа және артынан, алдынан, aa. inter 
costales posteriores, қиып өтеді. Жартылай сыңар вена Х-ХІІ кеуде омыртқалары тұсында 
оң бұрылып, омыртқа жотасының ал- дыңғы бетінде, қолқаның, өңештің және кеуде 
түтігінің артында жатады. 
Жартылай сыңар вена омыртқа жотасының алдыңғы бетін көлденеңінен немесе қиғаш 
кесін (төменнен жогары жэне солдан оңга), VIII кеуде омыртқа тұсында сыңар венага 
қүйылады. 


Жартылай сыар вена сыңар венага қарағанда қысқа және жіңішке, оған өңеш веналары, vv. 
esophageae', көкірекаралық веналар, vv. mediastinales', артқы қабырғааралық веналар (IV-
XI), vv. intercostales posteriores (IV-XI), 4-6 мөлшерінде және v. subclavius, қосымша 
жартылай сыңар вена, v. hemiazygos accessoria, құйылады. 
Қосымша жартылай сыңар вена, v. he miazygos accessoria, артқы көкірекаралықта 
орналасады. Ол сол жағынан 3-4 жоғарғы артқы қабырғааралық веналардан түзіліп, 
омыртқа жотасыньщ сол бүйір бетімен жоғарыдан төмен жүріп, v. hemiazygos, немесе 
тікелей, v. azygos қүйылады. 
Қосымша жартылай сыңар вена сол иық- бас венамен анастомоз түзеді. 
Сыңар және жартылай сыңар веналар,олардың құйылымдары 
Париеталық құйылымдары: 
1. Белдің өрлемелі веналары 
2. Сыңар вена 
3. Жартылай сыңар вена 
4.Қосымша жартылай сыңар вена 
5. Оңжақ жоғарғы қабырғааралық вена 
6. Артқы қабырғалық вена 
Висцералық құйылымдары: 
Перикардтық, бронхтық, 
көкірекорталық, өңештік веналар 
Кеуде торы аймағында лимфаны кеуде торы бұлшықеттері мен сүйектерінен және де 
қабырғалық өкпеқаптың беткей және терең лимфа өрімдерінен жинайтын алдьңгы және 
артқы кабырғааралык лимфа тамырларын ажыратады. 
Алдыңгы қабырғааралық лимфа тамырлары кеуде куысында ішкі кеуде тамырларымен 
бірге орналасатын nodi lymphatici parasternales-ке кіріп, алдыңғы көкеттік, кеуделік және 
кокірекаралық түйіндердің әкетуші тамырларын қабылдайды. 
Әкетуші лимфа тамырлары сол жағынан ductus thoracicus-ке, ал оң жағынан-ductus 
lymphaticus dexter-re қүйылады. 
Артқы қабырғааралық лимфа тамырлары қабырғааралықпен артқа жүріп, арқаның әкетуші 
лимфа тамырларын қабылдап, кабырғааралык лимфа түйіндеріне, nodi lymphatici 
intercostales, кұйылады. 
Бүл түйіндердің әкетуші тамырлары бірнеше тармақтарымен кеуде түтігінің бастапқы 
бөліміне, қойнаудың тұсында ашылады. Тамырлардың бір бөлігі nodi lymphatici 
mediaslinales posteriores-ке, олардың әкетуші тамырлары ductus thoracicus- ке ашылады. 


Кеуде қуысы (лат. Cavum thoracis) — адам денесінің жоғарғы бөлігі. Кеуде қуысын 
құрсақ қуысынан көкет бөліп тұрады. Кеуде қуысында өкпе, өңеш, жүрек, айырша без, 
кеңірдек, бас бронхылары және лимфа түйіндері, қан тамырлары, лимфа тамырлары және 
жүйкелер орналасқан. Кеуде қуысының ішкі беті сір қабығы мен көмекерілген. Кеуде 
қуысы 12 жұп қабырға, төстік және омыртқа жотасын кеуде бөлігінің омыртқаларынан 
құралған. Кеуде қуысының жоғарғы және төмеңгі тесігі бар. Кеуде қуысының төменгі 
жағы мен іш қуысының аралығын көкет (диафрагма) бөліп тұрады. Кеуде қуысының 
пішіні адамның жынысына қарай әртүрлі болып келеді, сондай-ақ мамандығына және 
түрлі аурулар әсеріне қарай өзгеруі мүмкін. 
46.Төменгі қуыс венасы жүйесі, пайда болуының қайнар көздері және топографиясы. 
Төменгі қуыс вена құйылымдары. 
Томенгі куыс вена, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет