Байланысты: 1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а
Сыңар вена, v. azygos, және жартылай сыңар вена, v. hemiazygos, қанды кеуде және іш
қуысы қабырғаларынан жинайды. Екі венада бел аймағының төменгі бөлімінде, сыңар - оң
жақтан, жартылай сыңар - жоғарылаған бел веналарынан солға басталады.
Оң және сол жоғарылаған бел веналары, vv. lumbales ascendentes dextra et sinistra,
төменнен жалпы мықын веналарымен, vv. iliacae communes, немесе бүйір сегізкөз
веналарымен, vv. sacrales laterales, байланысып, m. psaos major артында және бел
омыртқаларының көлденец өсінділерінің ал дында жатып, жоғары көтеріледі. Осы жерде
олар бел веналарымен, vv. lumbales, анасто моз түзіп, олардың арасындағы анастомоз
жүйесін қүрайды.
Оң және сол жоғарылаған веналар кейін жоғары бағытталып, біртіндеп орталық
жазықтыққа жақындайды, I бел омыртқа тұсында омыртқа денесінің алдыңғы- бүйір
бетінде жатады. Кейін әрбіреуі көкет саңылауы арқылы кеуде қуысына енеді. Веналармен
бірге, әрбіреуінің жан-жағынан ішкі ағзалық үлкен нерв, п. splanchnicus major, өтеді.
Жоғарылаған бел веналары артқы көкірек- аралыққа енген соң, басқа атауға ие болады: оң
сыңар вена, v. azygos, ал сол жартылай сыңар вена, v. hemiazygos.
1. Сыңар вена, v. azygos, омыртқа жотасының кеуде бөлімінің алдыңғы оң бүйір бетімен
жоғары бағытталады, артқы оң қабырғааралық артериялардың, аа. intercostales posteriores
dextrae, алдыңғы бетін қиып өтіп, өңештің оң жиегінің артында, төмендеген қолқадан
және кеуде түгігінен, ductus thoracicus, оң орналасады.
Сыңар вена IV-V кеуде омыртқалар тұсында кішкене оң және артқа иіліп, окне түбінің
аргқы бетін айналады және III кеу де омыртқа денесі тұсында алға бұрылады.
Сыңар вена, v. azygos, дөңестігімен жоғары бағытталған доға түзіп, оң бронх арқылы
лақтырылып, бірден жоғарғы куыс венаға ашылады. Сыңар венаның жоғарғы қуыс венаға
ашылар жерінде екі қақпағы бар. Сыңар венаға өңештік веналар, vv. esophageae; бронхтық
веналар, vv. bronchioles', артқы қабырғааралық веналар, vv. intercostales posteriores (IV-XI),
жартылай сыңар вена, v. hemiazygos, құйылады.