1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


Алдыңғы және артқы құрсақ қабырғаларының кава-кавалді



Pdf көрінісі
бет37/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   119
50.Алдыңғы және артқы құрсақ қабырғаларының кава-кавалді 
анастомоздары,олардың практикалық маңызы. 
Бауырда қан ағыны үшін кедергі пайда болғанда (цирроз)қақпа венасы жүйесінен айналма 
жол ретінде қан ағу үшін маңызы портокавалды және кавокавалды анастомоздар пайда 
болады.Мұндай кезде кіндік айналасындағы веналар кеңейіп өзіне тән түрге ие 
болады(медузаның басы) .Кава-кавалді анастомоздар бұл төменгі және жоғарғы қуыс 
веналары арасындағы анастомоздар болып табылады. 
Артқы жағында, бел аймағында, тоқ ішектің мезоперитонеалды бөлімдер веналары (қақпа 
венасы жүйесінен) мен қабырғақасылық- vv.lumbales (v.cava inferior жүйесінен) түбірлері 
арасында. 
Сонымен қатар, артқы құрсақ қабырғасында vv.lumbales түбірлері (v.cava inferior 
жүйесінен) мен v.lumbalіs ascendens арасында кавокавалды анастомоз бар. v.lumbalіs оі 
жағында сыңар венаға,сол жағында жартылай сыңар венаға жалғасады, ал олар v.cava 
superior-ға барып құйылады. 
Vv.lumbales және мойын аймағында жоғары қуыс венаның түбірлері болып табылатын 
омыртқааралық веналар арасындағы кавокавалді анастомоз. 
51.Порто-кавалді анастомоздар,олардың практикалық маңызы. 
Қақпа венасы түбірлері жоғарғы және төменгі қуыс веналар түбірімен 
анастомозданып,практикалық маңызы бар портокавалді анастомоздар түзеді.Жалпы 
портокавалді анастомоздардың саны 5. Екеуі жоғарғы қуыс венаны,қалған екеуі төменгі 
қуыс венаны қамтиды. 
1. Тік ішектің жоғарғы және ортаңғы веналары (v.rectales mediae) арасында 


2. Өңеш венасы (v.esophageales) және асқазанның солжақ венасы( vv. Gastricus 
sinister) арасындағы анастомоз 
3. Бүйректің майлы қабығында орналасатын бүйрек веналары мен көкбауыр вена 
арасындағы анастомоз 
4. қақпа венасы өзінің түбірінде, ішастар артындағы кеңістіктегі төменгі қуыс
вена жүйесінің құйылымдары болып табылатын атабез және анабез 
веналарымен анастамоз түзеді 
5. Кіндік маңындағы вена vv. paraumbilicales жоғарғы және төменгі құрсақүсті 
веналар арасында анастомоздар түзеді 
Практикалық маңызы: Қалыпты жағдайда порто кавалді анастомоздар нашар дамыған. 
Қан вена қақпасынан өтуі бұзылған жағдайда бұл анастомоздар кеңейеді. Бауыр ауруы 
немесе қақпа венасынан қанның өтуі бұзылған жағдайда бұл анастомоздар қатты қан 
кетуін тудырады. Кейбір веналық тамырлар арқылы қанның ағысы қиындатылса, кан
анастомоз жүйесіне багытталады жэне кері бағытга жүруі мүмкін 
52. Ұрықтың қанмен қамтамасыз етілу ерекшеліктері және туылғаннан кейінгі өзгерістер. 
құрсақішкілік кезеңде, өкпенің жұмыс атқармауына байланысты, нәрестенің кіші 
(өкпелік) қанайналым шеңбері болмайды; 
-нәресте артериялық қанды анасынан алады, артериялық қан анасынан жатырға
одан плацента (бала жолдасы) арқылы кіндік венасына өтеді; бала туылғаннан кейінгі 
ішектің, өкпенің және бүйректердің атқаратын жұмыстарын, ұрықтық кезеңде плацента 
атқарады; 
-кіндік венасы (v.umbilicalis) кіндік жіпше құрамымен, кіндік сақинасы (anulus 
umbilicalis) арқылы кіріп, нәресте бауырының қақпасына келеді де, екі тармаққа бөлінеді – 
біреуі қақпалық венаға (vena portae), екіншісі – веналық түтік (ductus venosus аrantii
арқылы төменгі қуыс венаға (v.cava inferior) жалғасады. 
Ескеретін жағдай: а) кіндік венасының (артериялық қан) қақпалық венамен қосылуы 
– бауырдың ең бірінші артериялық қанмен жабдықталуын қамтамасыз етеді. Өйткені, 
бауыр ұрықта алғашқы қан жасаушы ағза ретінде жұмыс атқарады және нәрестеде немесе 
жаңа туылған балаларда бауырдың көлемі әруақытта үлкен болады; б) төменгі қуыс 
венада – веналық түтік арқылы келетін артериялық қан және төменгі қуыс венадағы 
веналық қан бір-бірімен алғашқы рет араласады, яғни ұрықта тек араласқан қанайналым 
болады;  
-араласқан қан төменгі қуыс венадан оңжақ жүрекшеге келеді және төменгі қуыс 
вена жапқышының (valvula venae cavae inferior) бағыттауымен сопақша тесік (foramen 
ovale) арқылы қан солжақ жүрекшеге, одан солжақ қарыншаға өтеді, сосын аортамен бүкіл 
денеге тарайды; 
-веналық қан жоғарғы қуыс венадан оңжақ жүрекшеге келеді және венааралық 
төмпешік (tuberculum intervenosum) қанды оңжақ қарыншаға бағыттайды, одан өкпе 
сабауына өтеді (жоғарғы қуыс және төменгі қуыс веналарынан келген веналық қан оңжақ 
жүрекшеде бір-бірімен араласпайды); 
-құрсақішілік кезеңде кіші (өкпелік) қанайналым шеңберінің жұмыс атқармауына 
байланысты, веналық қан өкпе сабауынан артериялық (Боталлов) түтік (ductus arteriosus) 
арқылы аортаның төмендемелі бөліміне өтеді және осы жерде веналық қан екінші рет 
араласады (аорта доғасының қантамырларына негізінен бірінші араласқан, ал аортаның 
төмендемелі бөліміне екінші рет араласқан қан өтеді; сол себепті нәрестенің басы, кеудесі 
және қолдары төменгі бөліктеріне қарағанда жақсы жетілген); 
-нәрестеден веналық қан оңжақ және солжақ кіндік артериялары (a. umbilicalis) 
арқылы кіндік жіпше құрамымен кіндік сақинасынан (anulus umbilicalis) шығып, бала 
жолдасына (плацентаға), одан жатыр арқылы анасының веналық қанына араласады; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет