Кезбе нервтің
(n.vagus) функциясы:
-афференттік жалпы сезімталдықты өткізетін ағзалары: бассүйек қуысының
артқы шұңқырындағы мидың қатты қабығы, сыртқы есту жолы мен құлақ қалқанының
терісі, жұмсақ таңдай, жұтқыншақ, кеңірдек, өңеш, асқазан, бауыр өт жолдарымен, ұйқы
безі, бүйректер, несепағардың құрсақтық бөлігі, көкбауыр, жіңішке ішек және жуан
ішектің сигматәрізді ішегіне дейін; сонымен қатар жұмсақ таңдай және көмей үстілік
шеміршек аймағынан дәм сезу импульстарын өткізеді;
-қозғалтқыш талшықтарының нервтендіретін ағзалары: жұмсақ таңдай,
жұтқыншақ, кеңірдек, бронхтар (өкпелер), жүрек перикардымен, айырша без, өңеш,
асқазан, бауыр өт жолдарымен, ұйқы безі, бүйректер, несепағардың құрсақтық бөлігі,
көкбауыр, жіңішке ішек және жуан ішек сигматәрізді ішекке дейін; аталған ағзалардың
жазық немесе бір салалы бұлшықеттерін жиырылтады (өт қапшығының, несепағардың,
асқазан мен ішектердің перистальтикасы күшейеді) және олардың қысқыштарын
(сфинктерлерін) босатады, яғни қуысты ағзалар ішіндегі заттардан босайды; ескеретін
жағдай,
n.vagus бронхтар мен брохиоллалардыжиырылтыпброхспазмға әкеледі, жүректің
соғысын бәсеңдетеді және оның тәждік артерияларын тарылтады (
n.vagus-тың ұзақ уақыт
әсер етуі брадикардияға, жүректің инфарктына және өкпелерден ауаның сыртқа
шығуының қиындауына әкелуі мүмкін);
-парасимпатикалық секреттік әсері:
n.vagus-тың нервтендіретін жоғарыда
аталған барлық ағзаларының қан тамырларын кеңейтеді және бездерінің (сілемейлі,
асқазан мен ішектердің сөлін бөлетін ж.т.б) секрециясын күшейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: