Мидан шығатын жері: сопақша мидан алдыңғы латералді жүлге (sulcus anterolateralis) арқылы шығады;
Бассүйектен шығатын жері: бас сүйектен өзі аттас, яғни тіласты
нервісінің өзегі (canalis n. hypoglossi) арқылы шығады; каналдан шыққаннан кейін
a.carotis interna-ның латералді жағымен төмен түсіп, m.digastricus-тың артқы
қарыншасының астымен өтеді де, дөңесі төмен қараған доға тәрізді орналасып,
m.hypoglossus-тың латералді бетімен жүреді; ескеретін жағдай, n. hypoglossus-тың осы
дөңесі төмен қараған доға тәрізді бөлігі Пирогов үшбұрышының жоғарғы шекарасын
шектеп жатады; Пирогов үшбұрышы арқылы тіл артериясы өтеді;
Тіл асты нервтің (n.hypoglossus) функциясы: m.hypoglossus-тың алдыңғы
жиегінің деңгейінде n.hypoglossus тіл қалыңдығына еніп, тілдің меншікті және қаңқалақ
бұлшықеттерін (mm.longitudinales superior et inferior, m.verticalis linguae, m.transversus linguae, m. hyoglossus, m.genioglossus, m.stylo glossus) иннервациялайды;
-сонымен қатар, ескеретін жағдай, n. hypoglossus-тың талшықтарының бір бөлігі
бет
нервісінің
тармақтарының
құрамында
ауыздың
дөңгелек
бұлшықетін
нервтендіретіндігі; сол себепті, n. hypoglossus-тың ядросы зақымданғанда, тілдің
қозғалысының бұзылуымен қатар, ауыздың дөңгелек бұлшықетінің де қызметі бұзылады
(еріндерін жымқыра немесе алға шығара және үре алмайды);
-n. hypoglossus-тың жоғарғы түбіршік (radix superior) деп аталатын тағы бір
тармағы, мойын өрімінің төменгі түбіршігімен (radix inferior-ымен) қосылып, мойын
ілмегін (ansa cervicalis) түзеді, яғни ansa cervicalis – ми нервтерінің соңғы жұбының және
бірінші өрім – мойын өрімінің қосылысы болып табылады;
-мойын ілмегінен (ansa cervicalis-тен) тіласты сүйегінен төмен орналасқан
бұлшықеттер (m.sternohyoideus, m.sternothyeoideus, m.thyeohyoideus, m.omohyoideus) және
иек-тіласты бұлшықеті (m.geniohyoideus) иннервацияланады;
-ескеретін жағдай, n. hypoglossus-тың жоғарғы түбіршігінің (radix superior) құрамы,
толығымен мойын өрімінен келіп қосылатын, І-ші және ІІ-ші мойын нервтерінің
талшықтарынан тұратындығы; осы n. hypoglossus-тың және мойын өрімінің тығыз
байланысын, нервтердің дамуымен, сонымен қатар, тамақты жұту процесі кезіндегі тіл
бұлшықеттерінің тіласты сүйегі мен қалқанша тәрізді шеміршекке әсер ететін мойын
бұлшықеттерімен функциялық тығыз байланыста болатындығымен түсіндіруге болады.