проприоцептивті жолдар арқылы мишыққа жетеді, олардың сн бастылары - tractus
spinoserebellaris posterior et anterior болып табылады
1. Tractus posterior. Бірінші нейронның жасушалық денесі жұлын түйінінде жатады, аксон
шеткісі бұлшықет нерві құрамында қозғалыс аппаратының рецепторынан шығалы, ал
орталық тармақ артқы түбіршік құрамынла жұлынның артқы мүйіздерінде өтіп, өздерінін
соңғы және жанама тармақтары арқылы nucleus thoracicus -те синапс құрып аяқталады.
thoracicus құрамында екінші нейрон жасушалары жатады, олардың аксондары tractus
spinoserebellaris posterior-ды түзеді. Атауы көрсетіп тұрғандай, nucleus thoracicus кеуде
бөлімінде соңғы мойын сегменті мен II бел сегментіне дейінгі деңгейде айқын білінеді.
Жұлынның бүйір шешесі құрамында өз жағымен сопақша миға бұл жол, мишық
аяқшалары құрамында мишыққұрт қыртысына келеді. Ол жұлын мен сопақша мидағы өз
жолында айқаспайды, сондықтан оны тік мишық жолы деп атайды. Алайда, мишыққа
енгеннен кейін оның көп бөлігі кұртта айқасады
2. Tractus spinoserebellaris anterior, Бірінші нейтрон артқы жолдағыдай. Жұлын сұр
затының substantia intermedia centralis-ында екінші нейрондар жасушалары орналасалы,
оларлың аксондары tractus spinocerebellaris арқылы қарама-қарсы жағының бүйір
жіпшелерінің алдыңғы бөлімдеріне comissura alba арқылы өтіп, сол жерде айқасалы. Жол
сопақша ми мен көпір арқылы ми желкеніне дейін көтеріліп, сол жерде қайталан
айқасады. Осыдан кейін талшықтар мишықтың жоғарғы аяқшалары арқылы оған еніп,
кұрт қыртысында аяқталады. Нәтижесінде бүл жол екі рет айқасқан болып шығады, сол
себепті проприоцептивті сезімталдық қай жақтан келсе, сол жаққа берілелі.
Сөйтіп, екі мишық жолы да жұлын мен мишықтың аттас жартыларын байланыстырады.
Мишық сопақша мида орналасқан nucleus gracilis nucleus пен nucleus cuneatus-тан да
проприоцептивті импульстар алады. Бұл ядроларда бастамасы қаланған жасуша өсінділері
мишыққа оның төменгі аяқшалары арқылы келеді. Терең (санадан тыс) сезімталдықтың
барлық жолдары мишыққұртқа , яғни мишықтың көне бөлігінде paleocerebellum -де
аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: