1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


 Алдыңғы және артқы қыртыс-жұлындық жолдар



Pdf көрінісі
бет81/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

98. Алдыңғы және артқы қыртыс-жұлындық жолдар. 
Барлық қозғалтқыщ ядролар нейрондарының аксондары бассүйек нервтерінің қозғалтқыш 
түбіршектерін түзеді және бас пен мойынның қанқа бұлшықеттеріне бағытталады. 
Бірінші нейронның жасуша денесі үлкен ми қыртысының орталықалды қатпарында 
жатады ( алып пирамидалык жасушалар ). Бұл жасушалардың аксондары corona radiata 
арқылы ішкі капсулаға ( тізесі және артқы аяқшаның алдынғы үштен екісінде ), одан кейін 
basis pedunculi cerebri - ге (оның ортанғы бөлігі), содан соң көпірдің раrѕ bаѕilaris арқылы 
сопақша миға түседі. Бұл жерде пирамидалық жүйе талшықтарының бір бөлігі бассүйек 
нервтері ядроларымен байланысады. Пирамидалық жүйенің ішкі капсуланың тізесі 
арқылы өтіп, үлкен ми кыртысын бассүйек нервтері ядроларымен байланыстыратын бұл 
бөлiгi tractus corticonuclearis деп аталады. Бұл жол талшықтарының бір бөлігі екінші 
жағына ауысады, басқасы өз жағында қалады. Бассүйек нервтері ядроларында жайғасқан 
жасушалар (екінші нейрондардың жасуша денелері) аксондары сәйкестігі нервтердің 
құрамында, нервтендіретін қаңқа бұлшықетінде аяқталады.
Ішкі қашықтың артқы аяқшасының алдыңғы үштен екісінде өтетін пирамидалық 
жүйенің басқа бөлігі жүлын нервтері ядроларымен байланыс қызметін атқарады, 
жүлынның алдынғы мүйіздеріне дейін түседі, сондықтан tractus corticospinalis деп 
аталады. Бұл жол ми сабауында сопақша миға өтiп, онда пирамидалар түзеді . Бұл 
пирамидаларда қыртыс - жұлын жолы (tractus corticospiralis) талшықтарының бір бөлігі 
айқасады (decussatio pyramidum) , ол бөлік жүлынға түсіп, оның бүйір жіпшесінде 


орналасып, tractus corticospinalis ( pyramidalis ) lateralis –ті түзеді. Айқаспай қалған tractus 
corticospinalis бөлігі жүлынның алдыңғы жібінде төмен түсіп, онда tractus conticospinalis 
бөлігі жүлынның алдыңғы жіпшесінде төмен түсіп, онда tractus corticospinalis (pyramidalis) 
anterior –ды түзеді. Бұл буда талшықтары да бірте - бірте жұлынның өн бойында comiѕѕura 
alba құрамында басқа жағына ауысады. Сондықтан әрбір ми сыңары қыртысы денесінің 
қарама-қарсы жағының бұлшықеттерін нервтендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет