1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек



Pdf көрінісі
бет85/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   119
Тері туындылары
• Тері туындыларына жататын ағзалар: шаш (түктер), тырнақ, бездер (май, тер және 
сүт бездері). 
Шаш, түктер, тырнақ – эпидермистің қосалқы мүйізді түзілістері. Алақанда, табанда, 
ерінде түктер болмайды. Бас терісінде қалың өскен түктер – 
шаш
 (pili) деп аталады. 
Шаш екі бөлімнен тұрады: 
-шаштың теріден сыртқа шығып тұрған бос бөлігі – сояуы (қылшығы) немесе шаш 
өзегі; 
-шаштың теріде орналасқан бөлігі – түбірі мен жуашығы. 
Шаштағы өзгерістер: 
-жаңа шаш, ескі шаштың түбінен шығады, ескі шаш түсіп қалады; 
• - егер шаш қалтасына қан бармай қалса, ескі шаш орнына жаңа шаш шықпайды 
(тақыр болып қалады); 


• -шаштың түсі пигментке және шаштағы ауа мөлшеріне байланысты. Шаш 
қабатында ауа мөлшері көбейіп, пигмент жоғалса, ол шаш ағарады. 
Шаш түбірі тері беткейіне қатысты бұрыштама жасап орналасады. Оның қалыңдаған 
бөлігі түк баданасы, bulbus ріlі аталады, оған астынан шаш емізікшесі жанасады, papilla 
ріlі. шаш емізікшесі тері емізікшесінің сәл өзгерген түрі, мүның бойымен тамырлар өтеді. 
Шаш өсуі өндіруші жасушалар есебінен өтеді, олар шаш емізікшесін көмкеріп жауып 
тұрады; олардың қоректенуі бүзылған жағдайда жаңа жасушалар түзілуі тоқталады; осы 
кезде түк баданасы жасушалары мүйіздене бастайды да, емізікшелерден бөлектенеді, олар 
түтік пішініне енеді, сөйтіп емізікшеден ажырайды, шаш солып өледі де, түседі, жаңа шаш 
тек жаңа емізікшеден өніп-өсіп шыға алады. 
Шаш милы заттегінен, substantia medularis, қабыршықты заттектен, substantia corticalis, 
және кутикуладан тұрады. Милы заттек шаш бойымен жанасып орналасады. Мамықты 
шаштарда ол болмайды. Қабыршықты заттек шаштың негізін түзеді де, тартыла 
орналасатын мүйізді жасушалардан тұрады, олар айнала орналасады. Қабыршықты 
заттекте пигмент болады, ол шаштың түсін айкындайды. Кутикула шашты артынан 
көмкеріп тұрады да, ядросыз мүйізді қатпаршақтардан құралады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет